Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


ІІІ топқа компенсацияланған күйдегі созылмалы аурулармен ауыратын балалар жатады. IV топқа



бет79/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

ІІІ топқа компенсацияланған күйдегі созылмалы аурулармен ауыратын балалар жатады.
IV топқа функционалдық мүмкіндіктері төмендеген, субкомпенсациялық күйдегі ауыр созылмалы аурулары бар балалар жатады.
V топқа І және ІІ стадияда декомпенсацияланған ауыр созылмалы аурулары бар балалар жатады.
Адам денсаулығы әртүрлі аспектілерде қаралуы мүмкін: әлеуметтік-биологиялык, әлеуметтік-саяси, экономикалық, моралдық-эстетикалық, психофизикалық және т.б. Сондықтан казіргі тәжірибеде адам денсаулығын бір қырынан ғана көрсететін терминдер кең қолданыла бастады "психикалық денсаулық", "репродуктивтік денсаулық", "жалпы соматикалық денсаулық". Осы терминдер "денсаулық" деген ұғымды тарылтып көрсетуде.
Бірақ медицинада денсаулық пен ауру тарады жалпылама айтуға болмайды. Бұл адамға биологиялық, жануарлық ағза деп қана емес, оған биоәлеуметгік ағза ретінде қарау керек. Қазіргі адамның денсаулығы homo sapiens түрінің онда әлеуметтік факторлар әсері үнемі өмір берген табиғи эволюцияның нәтижесі болады.
Олардың рөлі 10 мың жыл өркениет дамуында барлық жағынан өсті. Адам денсаулықты табиғит сыйы ретінде қабылдайды, ол өзінің жануар аталарынан табиғи негізді, осы әлемдегі тәртіп бағларламасын мирас қылған. Бірақ әлеуметтену үрдісінде денсаулық деңгейі бірде бір жағына, келесіде екінші жағына өзгеріп тұрады, табиғат зандары ерекше, қайталанбайтын, адамға ғана тән түрде білінеді. Биологиялық адамда еш уақытга таза табиғи түрінде білінбейді ол әр уақытта әлеуметтіқ арқылы жүреді. Адамда биологиялық пен әлеуметгіктің қатынастары онын денсаулығының, онын ауруларының, биоәлеуметгік категориялар деп аталатын табиғаты мен сипатын түсінудің кілті. Адам денсаулығы мен аурулары, жануарлармен салыстырғанда бұл жаңа, әлеуметгік арқылы болатын сапа.
Денсаулық медициналық-әлеуметгік түсіндірілуі үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған нұсқасы: Денсаулық аурулар және дене кемістігінің жоқтығы ғана емес, дененің, рухтың және әлеуметтік толык аман-есендік күйі. Адамдар денсаулығы әлеуметтік сапа, осыған байланысты қоғамдық денсаулықты бағалау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мынадай көрсеткіштері үсынады:

  1. Жиынтық ұлттық өнімнен денсаулық сақтауға бөліп беру.

  2. Алғашқы медициналық-әлеуметгік көмекке қол жетушілік.

  3. Тұрғындарды медициналық көмекпен қамту.

  4. Тұрғындардың иммунизациялық деңгейі.

  5. Екіқабат әйелдерді мамандандырылған персонал қарап=тексеру дәрежесІ

6. Балалардың тамақтану күйі.
7. Балалар әлім-жітімнің деңгейі.
8. Болашақ өмірдің орташа ұзақтығы.
9. Тұрғындардың гигиеналық білімділігі.
Бірақ топтық денсаулықты, түрғындар денсаулығын және қоғамдық денсаулықты медициналық-әлеуметтік зерттеуде мынадай индикаторларды пайдалану қабылданған:
1. Демографиялық көрсеткіштер.
2. Аурушандық және мүгедектік.
3. Физикалық дене дамуы.
Біз денсаулықтың әлеуметтік салдарын айтқанда онда өзінің мағынасы бойынша бірінші дәрежелі, ал жиірек әлеуметтік қауіп−қатер факторлардың шешуші әрекеті туралы айтамыз былайша айтқанда, әрекеті компенсаторлық-бейімдеуші механизмдердің бұзылуына әкелетін факторлар және сонымен бірге патология дамуына ықпал жасайтын факторлар.
Денсаулықтың әлеуметгік тәуелділігі көптеген медициналық-әлеуметтік зерттеулермен көрсетілген. Мысалы, тосын уақытынан ерте босану бойдақ әйелдерде жұбайы бар әйелдерге қарағанда 4 есе жиі кездеседі; толық емес жанүяда тұратын балалардың пневмониямен аурушандылығы толық жанұядағы балалармен салыстырғанда 4 есе артады. Өкпенің катерлі ісікпен (рак) аурушаңдылығына темекі тарту, алкогольды теріс пайдалану, тұрған мекен әсер етеді.
Аурулардың тура себептерінен (вирустар, бактериялар) қауіп−қатер факторлардың айырмашылығы олар басқалар арқылы әрекет жасайды, реттеу механизмдерінің орнықтылығын бұзады, аурулар пайда болуы және дамуы үшін қолайсыз фон жасайды. Осы үлгімен, патологиялық үрдіс дамуы үшін қауіп−қатер фактордан басқа және басқа нақтылы себептік фактор әрекеті керек болады.
Оны анықтайтын қоғамдық денсаулық факторларын зерттеуде, оларды мына топтарға біріктіру қабылданған:
1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар (еңбек жағдайлары, баспана жағдайлары, материалдық қолайлықтары).
2. Әлеуметтік-биологиялық факторлар (ата-анасының жасы, жынысы, антенаталдық кезең өтуі).
3. Экологиялық және табиғи-климаттық факторлар (тіршілік ортасының ластануы, орташажылдық температура, күн радиациясынын деңгейі).
4. Ұйымдастырушылық және медициналық факторлар (медициналық көмектің деңгейі және ұйымдастырылуы).
Денсаулық тәуелділігі шамамен есептелінген: 50% және одан астам жағдайларда өмір салтына, 20-25% сыртқы орта күйіне (ластануына), 20% генетикалық факторларға және 10% денсаулық сақтау ісінің деңгейіне. Бірақ осындай есептелу ересектер үшін әділ. Сәбилер үшін әлеуметтік-биологиялық факторлардың басым әсері болады. Өсе келе әлеуметтік-биологиялық фактор ығысып әлеуметтік-экономикалық факторларға орын береді, жекелегенде өмір салты мен жағдайларына тәуелді.
Бірақ факторларды келтірілген топтарға бөлу өте шартты және адам әдетте комплекстік, өзара байланыскан, бір-біріне тәуелді факторлар әрекетіне душар болады. Осылай, мысалы, сәби туғандағы ата-анасының жас шамасы жанұянын материальдық тұрмыстық жағдайларына тәуелді болуы мүмкін, өйткені, әдетте, жанұя туушылықты реттейді. Сондықтан қоғамдық денсаулықты зерттеуде, оларда барынша көп санды факторлар әсері ескерілетін, олардың өзара байланысы мен әрқайсысының рангтық бағалануы ескерілетін комплекстік медициналық-әлеуметтік зерттеулер жүргізу қабылданған.
Денсаулық сипаттамасын көрсету үшін жалпы қабылданған көрсеткіштермен (туушылық, өлім-жітім,аурушаңдық, мүгедектік, физикалық дене жетілуі) қатар, ағзаға қоршаған орта ластанулары әсерін зерттеуде, ағзаның функционалдық күйін әртүрлі физиологиялық және биохимиялық өзгерістері бойынша бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің үлкен мағынасы бар. Бұл әзгерістер әлі ауруға келтірілмейді, бірақ ағзаның адаптациялық мүмкіндіктерін азайтады, олар "преморбидтік" күй ұғымына біріктіріледі.
Жоспарланатын зерттеулердің мақсаттарына, міндеттері мен көлеміне, факторлар әрекетінің сипатына, деңгейі және ұзақтығына тәуелді денсаулықтың сол не басқа сипаттамалары немесе олардың тіркестері таңдалады. Факторлар әсерінің карқындылығын зерттеуде ең жақсысы "преморбицтік" күйді бағалау енетін денсаулықтың комплекстік сипаттамасы болады.
Тұрғындар денсаулығының күйіне қоршаған орта ластануы сонша және өзі ғана әсер етпейді, оған бір қатар биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, климатгық-георгафиялык факторлар мен жағдайлар әсері болады.
Түрғындар денсаулығының күйіне қоршаған орта ластануы сонша және өзі ғана әсер етпейді, оған бір қатар биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, климаттық-географиялык факторлар мен жағдайлар әсері болады. Сондықтан қоршаған орта ластануын адам денсаулығына басқа да әрекет жасайтын факторларын ескермей зерттеуге болмайды.
Денсаулыққа бір фактор әсерін бөліп шығару қиын және бақылау аудандарын тандау, тұрғындар топтарын таңдап алу, денсаулық сипаттамасын анықтау, бақылау әдістерін, алынған деректерді талдау мен топтау үшін арнаулы әдістемелік жолдар керек.
Ересек адамның денсаулығына өмір бойы әсер еткен барлық факторларды ескеру іс жүзінде мүмкін емес. Осы жағдай, осы уақытта қоршаған орта ластануларынын (ең әуелі атмосфера ластануы) денсаулыққа әсерін табысты зерттеулердің көпшілігі балалар коллективтерінде орындалуына әкеледі. Мамандық анамнез жоқтығы, қысқа мерзімде жағдайларды ескеру мүмкіндігі, балалар тобы мен олардың медициналық қызметінің ұйымдастырылғандығы, зиянды әдеттер болмауы (темекі шегу, алкоголь және ұйықтау дәрілерін қабылдау) осының барлығы топтарды таңдау мен қоршаған орта ластықтарының мүмкін қолайсыз әсерін бөліп шығаруды оңайлатады. Қоршаған орта ластануына байланысты балалар денсаулығын зерттеу артықшылығы, жоғары зат алмасудағы өскелең ағзаның, токсикалық қосылыстарды қоса, кез келген қолайсыз факторлар әрекетіне өте сезімталдығына қарай болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет