Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет20/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   105
3.2.1. Cтpaтocфepa


Стратосфера үшін әлсіз ауа ағындары, бұлттар мен температура тұрақтылығы тән. 25 км биіктіктен бастап біртіндеп артқан температураның 50км жеткенде +10 – +30°C артуы 25-30 км биіктікте озон қабатының болуымен түсіндіріледі. Егер жер бетінің беткі бөлігінде озон қабаты аз болатын болса жоғары биіктікте күн радиациясының ультракүлгін сәулесі әсерінен екіатомды оттегі уүатомды озон молекуласына айналады.
Егер озон жердің беткі қабатындағыдай қысымға тәуелді болса оның қалыңдығы 3мм болатын еді. Осыған қарамастан озон аса маңызды роль күн спектірінің қысқа толқынды бөлігімен тірі ағзаларға зиянды заттарды сіңіреді.
Oзoн қабаты
Oзoн (O3) аса күшті қышқыл тұзу қабілеті бар ауыр газдар қатарына жатады. Өзіне тән иісі мен көгілдір түске жақын сипаты бар.
Соңғы кездері табиғатты қорғау мекемелері атмосфера қабатында жаңа «озон тесіктері» тіркелгенін айтуда, бұл тірі ағзаларға аса қауіпті.
Oзoн, жердің беткі қабатындағы автотранспорт, жылыту қазандары, жанар жағар майды пайдаланатын әртүрлі механизмдер пайдалану кезінде түзілетін әртүрлі ұшқыш химиялық қосылыстар күн радиациясымен әсерлесіп екінші ретті газ түзеді.
Мысалы мегаполистарда смог бірнеше пайды озонды құраса, ол тыныс алуда демікпеге және созылмалы аурулардың асқынуына әкеледі. Мұндай жағдайда улану симптомдары жүрек қантамыр жүйесі аурулары мен өкпе патологиясы бар балалар мен егде жастағы адамдарда көрініс алады. Тіпті физикалық және спорттық жүктемелер кезінде адам қалыпты жағдайда болса да, тыныс алу жиілігі мен тереңдігіне байланысты озон қауіптілігі артады, ағазаға озон көп түседі. Бұл денсаулыққа келесі өзгерістер әкеледі: aллepгиялық peaкциялар; ауыр және жиі тыныс алу; созылмалы сипатқа айналуы мүмкін астма мен бронхиттің бастапқы белгілері; балаларда өкпе ұлпасы мен қызметі өалыптасуындағы бұзылыстар; басқа да денсаулыққа зиянды кері әсерлер мен ағзаның ресистенттілігінің төмендеуі.
Атмосфераның беткі қабатындағы озон мен «озон тесіктерін» айтарлықтай ұзақ уақыт бойы көптеген елдер ғалымдары бақылауда. Жыл өткен сайын озонға адамдардың сезімталдығы жоғарылауы бекітілген. АҚШ ғылыми зерттеулер мәліметтері бойынша әрбір үшінші адам озонның әсерін сезінеді. Осы негізде АҚШ медицина қызметкерлері мен батыс елдері аса ірі масштабтағы тұрғындарды атмосферада газдар құрамы туралы ақпарат беру жүйесі жасалған. Бұл жүйе күнделікті күнтізбе, спорттық жүктемелер мен көшеде жүру жоспарын жаасауға мүмкіндік береді. Еуроодақ территориясында осындай станциялар саны 1000нан асты.
Сонымен қатар, озон өндіріс пен тұрмыста кеңінен қолданылуда. Медициналық құралдарды стирилдеуде күшті қышқыл ретінде, заттардағы дақтарды кетіруде, бөлмелерді зарарсыздандыруда (квapцтау). Медицинада кейбір мамандар «озон терапиясы» жағымды әсері туралы да айтуда. Сондықтан біздің ағзаға қосатын үлесін бағалау мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет