Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


IV. Тұрғындар денсаулығына қоршаған орта факторларынан болатын қауіп қатерді бағалау



бет17/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105
IV. Тұрғындар денсаулығына қоршаған орта факторларынан болатын қауіп қатерді бағалау.
Қазіргі уақытта дерлік әлемнің барлық елдерінде және халықаралық ұйымдарда қауіп қатерді бағалау концепциясы тұрғындар денсаулығын қорғау бойынша басқару шешімдерін қабылдау мен өңдеу бойынша негізгі механизм болып табылады.
Қауіп-қатерді бағалау келесі мониторингтерді жүргізуде − бақылау жүйесі, талдау, адамның өмір сүру ортасы мен тұрғындар денсаулығы жаңдайын бағалау мен болжамдау, тұрғындар денсаулығы жағдайы мен қоршаған орта факторлары арасындағы себеп салдарлы байланысты анықтауда аса маңызды болып табылады.
2. Қоршаған орта түсінігі. Қоршаған орта факторлары. Қоршаған орта факторларына ағзаның биологиялық жауап деңгейлері


Қоршаған орта – адамды өмір бойы айнала қоршайтын барлық заттар жиынтығы. Ол табиғи құрамалардан тұрады, мысалы: топырақ, ауа, су, күн радиациясы және техногенді, оған адам өркениетінің барлық түрлері кіреді.



    1. Қоршаған орта факторлары клaccификaциясы

Адамға күнделікті жағдайда барлық күрделі көп орталы факторлар кешені әсер етеді (үнемі немесе кезеңді түрде). Кез келген фактор оқшау әсер етпейді, олар әртүрлі сандық және сапалық сипаттамада құралады.


Қоршаған орта факторларына, немесе экологиялық факторларға, адам ағзасына әсер ететін барлық жағдайлар, құбылыстар және қоршаған орта элеменнтері жатады. Адам ағзасына әсер ететін барлық экологиялық факорларды химиялық, физикалық және биологиялық деп бөлуге болады.ҚОФК сонымен қатар табиғи және антропогеді, қолайлы және қолайсыз деп бөлуге болады.
1) Химиялық факторлар
Табиғи және антропогенді немесе техногенді болуы мүмкін. Техногенді факторлар екі топқа бөлінеді:

  1. Адам арқылы тікелей енгізілген (пестицидтер, минералды тыңайтқыштар)

  2. Қоршаған ортаға жанама енетін (өндіріс тастамалары, транспорт тастамалары, кәсіпорындардың жұмыс қалдықтары).

Қоршаған ортадағы антропогенді химиялық заттардың үлесі үлкен (авторлардың мәліметтері бойынша – он мыңдардан миллионға дейін). Сонымен қатар, химиялық өндіріс жыл сайын жаңа қоспаларды синтездеуде. Олардың басым бөлігінің табиғаттағы аналогтары кездеспейді, ал биологиялық белесенділігі зерттелмеген. «Өндірістегі зиянды заттар» анықтамалық жинағының соңғы басылымында 49 бейорганикалық және 22 органикалық қоспалар тобы тіркелген.
Белгілі бір жағдайларды осы заттар қоршаған ортаға түсіп, атмосфералық ауаны, су көздерін, топырақты ластай отырып, өсімдік дақылдарында жиналып адам ағзасына түседі. Соңғы онжылдықтарда тұрмыстық химия өнімдерін қолдану кең таралуда, бұл жағдай да жағымсыз контакттілер мүмкіндігін ұлғайтады.
Химиялық қоспалар, биологиялық әсердің сипаттамасына қарай екі топқа жіктеледі:
1. Токсикалық әсері басым заттар.
2. Спецификалық әсері бар заттар (канцерогенді, мутагенді, тератогенді, эмбриотоксикалық және т.б.).
Бірінші топтағы заттар кең таралған, бірақ екінші топтағы заттар зияндылығы әлдеқайда жоғары және ағзаның ауыр ауытқуларына шалдықтырады.
ДДСҰ мәліметтері бойынша «Кез-келген химиялық зат белгілі бір жағдайлар әсері кезінде токсикалық қасиеттеріне ие болады» және барлық химиялық заттар қауіптілік критериі бойынша бағаланады.
Осы критерийлерге жатады:

    • Токсикалық деңгейі (әрбір затқа өзіне тән токсикалық қасиеті бар. Мысалы: талий үшін ЛД50 (тәжірибеде летальді доза, 50%-ға дейін жануарларды өлтіретін деңгей) – 15 мг/кг, 3 валентті хром үшін – 31 мг/кг)

    • Ағзаға қауіпті әсері бойынша (мутагенді, канцерогенді әсер)

    • Қоршаған ортада таралуы (қорғасын, талий)

    • Қоршаған ортада тұрақты болуы (металлдар, ДДТ, органикалық заттар)

    • Қолданатын тамақ өнімдері арқылы адам және жануар ағзасында кумуляциясы (жиналуы). Әсіресе бұл балық пен сүтке қатысты.

    • Қауіпті қоспаларға трансформациялану қасиеті (металды сынап микроағзалар әсерінің ықпалынан).

Жоғары келтірілген критерийлерге сүйене отырып, барлық химиялық заттар 4 қауіптілік кластарға жіктеледі:
I. класс – аса қауіпті
II. класс – қауіпті
III. класс – орташа қауіпті
IV. класс – аз қауіпті
Адамға, оның тіршілік ету барысында түрлі қауіптіліктегі және түрлі сипаттағы биологиялық активті химиялық заттар әсер етуі қажет. Қоршаған ортаның химиялық ластануы тікелей әсерден бөлек халықтың тұрғылықты мекен-жайының санитарлық жағдайын нашарлатуы мүмкін. Осылайша, атмосфераның ластануы ултракүлгін сәулелену деңгейін төмендету арқылы өсімдіктерді зақымдайды – оттегі көзі, су көздерінің ластануы өзін-өзі тазарту үрдістерінен арылтады,осылайша су қасиеті өзгереді және т.б.
Адам ағзасына химиялық факторлардың әсері негізгі екі себептермен байланысты (Cтoжapoв A.Н., 2007):
−Қоршаған ортадағы табиғи химиялық элементтердің артық болуы немесе жетіспеушілігі. Екеуі де патологияның дамуына әкелетін жағдай. Сонымен қатар ағзаға қажетті эссенциалды элементтердің жетіспеуі байланысы, ағзаға дефицит жағдайына әкелсе ал шамадан тыс болуы токсикалық әсерге әкеледі. Бұл басқа топқа жататын элементтерге қатыссыз, өйткені олар метоболизм реакияларына және дозасытәуелді реакциялар көрінісі басқаша болады.
−Қоршаған ортада өзіне тән емес химиялық элементтер – ксенобиоттар (KБ – антропогенді әсерден болатын күрделі заттар).



Сурет 1 – Ағзаға йодттың жетіспеуі мен артық болуына мысал
(Cтoжapoв A.Н., 2007)

Кceнoбиoттар деп кез келген ағза қосылыстарына белгілі бір өзгерістер туындататын, оның ішінде аурушаңдық пен өлім –жітімге де әкелетін бөгде заттар.


Ксенобиоттардың экологиялық мағынадағы негізгі айқындаушы сипаттамасы, олар адамға айтарлықтайкөп уақытты қамтитын аралықта әсері байқалады (жылдар, ондаған жылдар), сонымен қатар концентрациясы өте аз болатындықтан оларды заманауи сезімтал әдістермен анықтауға болады. Осы негізде медициналық экология түп тамырында гигиеналық пәндерден ерекшеленеді, гигиеналық пәндердің айырмашылығы нормалау, яғни шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРЕК) адамға әсер ететін химиялық факторлар концентрациясы жүз және мың есе артқан шекті мәндерге қойылады. Мысалы баланың ағзасындағы қатты өзгерістер минималды концентрациялы гормон тәрізді қосылыстар жатыр ішінде даму кезінде де әсер етуі мүмкін (триллионға шаққандағы бірнеше бөлігі).
Ксенобиоттардың басым бөлігінің негізгі сипаттамасы – липофильді (сумен өтеді), диффузия арқылы липопротейндермен қанға тасымалданып май ұлпаларында жинақталады.
2) Физикалық факторлар
Табиғи және антропогенді, қолайлы және қолайсыз болуы мүмкін. Табиғи факторларға температура, ылғалдылық, ауа жылдамдығы, атмосфералық қысым, күн радиациясы, жердің магнитті өрісі, ғарыштық сәулелену және т.б.
Антропогенді физикалық факторлардың жіктелуі:

  1. Механикалық тербелістер (шу мен вибрация).

  2. Электромагниттті сәулелену (ультракүлгін, инфрақызыл, рентген, иондаушы, электромагнитті иондаушы емес және т.б.).

Осы факторлардың кейбіреуі дәрістік сабақтарда кеңірек талқыланатын болады.
5. Биологиялық факторлар
Түгел дерлік орталарда кездеседі (ауа, су, топырақ, тамақ, өндіріс орны, тұрмыста) және пайда болуына қарай табиғи және антропогенді болуы мүмкін. Табиғи биологиялық факторлар арасында үлкен топты микроағзалар құрайды – жұқпалы ауруларды таратушылар (бактериялар мен вирустар). Бұл аурулар дамыған елдердің де патологиялық жағдайында үлкен үлеске ие.
Су мен тамақ арқылы адам сальионеллезбен, дизентериямен, тырысқақпен, жұқпалы гепатитпен, іш сүзегімен, бруцеллезбен, туберкулезбен және басқа да жұқпалы аурулармен сырқауы мүмкін. Ауа арқылы барлық жұқпалы аурулардың 20% жоғары таралуы мүмкін (тұмау, қызылша, күл (дифтерия), қызамық және т.б.). Топырақ та адам ағзасы үшін қауіпті паразитарлы және басқа да патологиялар көзі болуы мүмкін.
Атмосфералық ауада табиғи текті биологиялық активті заттар болуы мүмкін: зең, өсімдік талшықтары, гүл тозаңы, ағзада аллергиялық әсер туындатады (аллергиялық ринит, шөп ұстамасы, бронхиальді астма және т.б.)
Биологиялық факторлардың антропогенді тобы микробиологиялық өндірістің дамуымен пайда болды. Қазіргі таңда мыңдаған тонналар көлемінде аққуыз, ашытқылар, аминқышқылдар, дәрумендер, ферменттер мен басқа да биологиялық препараттар өндірілуде. Осыған орай, өндірістік ластанудың жаңа түрі пайда болды – биологиялық (микроағзалар мен олардың тіршілік ету өнімдерімен ластануы). Биологиялық комбинаттар айналасының топырағы, ауасы мен суы ластанады. Бұл аллергиялық аурулардың туындауына және иммунды жауаптың төмендеуіне алып келеді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет