Қоршаған орта факторларына ағза әсерлерінің түрлері
Сонымен адамға табиғаты әртүрлі факторлар бір мезгілде әсер етуі мүмкін: химиялық, физикалық, биoлoгиялық. Әсер ету олдары да әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты қазіргі заманауи токсикологияда ағзаға үш түрлі қоршаған орта факторлары әсер етеді:
Аралас - ағзаға бірнеше химиялық заттардың бір жолмен түскендегі әсері. Мысалы сумен F және Cl түскенде.
Кешенді – ағзаға химиялық заттардың әртүрлі жолмен түскендегі әсері (өкпе арқылы, тамақпен түсу, тері арқылы, шырышты қабықшалар). Шахтадағы өндірістік шаңды мысал ретінде айтуға болады.
3. Қабаттасқан – ағзаға табиғаты әртүрлі факторлармен түскендегі әсері (химиялық, физикалық, биoлoгиялық). Гaздар + шу + микробиология өндірісіндегі биологиялық белсенді препараттар.
2.3. Қоршаған орта факторларына ағза әсерлерінің түрлері
Осылайша адам ағзасына үнемі химиялық, биологиялық, физикалық факторлар әсерінен аралас, кешенді, қабаттасқан жағдайда әсер етіп отырады. Бұл факторлардың шығу тегі табиғи және антропогенді болады. Сонымен қатар екі негізгі фактіні ескеру керек:
Қоршаған ортада көптеген антропогенді факторлар болмауы керек.
Қоршаған ортада өміршеңдік маңызы бар табиғи факторлардың оптималды мөлшерде болуы шарт.
Қоршаған ортаның табиғи факторлары
Адам ағзасы үнемі химиялық, биологиялық және физикалық факторлардың әсеріне душар. Оған тағы кешенді, құрамдастырылған және қосарланған механизмдер қосылады. Бұл факторлар табиғи және антропогенді (техногенді) әсерлерге ие. Дегенмен, екі маңызды дәледі қарастыруымыз қажет:
Қоршаған ортада көптеген антропогенді факторлардың болуы қажет емес.
Қоршаған ортада оптималды деңгейде табиғи факторлардың болуы өмірімізге маңызды.
Қоршаған орта гигиенасы тұрғысынан табиғи факторларға, биосфераның негізін құрайтын ұғымдар жатады. Олардың үнемі әсерінің арқасында адам мен популяция дамуы байланысты. Олардың болуы адам өмірінің қалыпты тіршілігінің міндетті шарты.
Антропогенді факторлармен салыстырғанда, биологиялық факторларға биологиялық әсердің белгілі бір аймағы тән. Антропогенді химиялық заттар негізінен «доза-жауап» тізбекті тәуелділікке бағынышты, ал табиғи факторлар үшін бұл тәуелділік тізбекті емес - параболикалық. Ол гомеостаз шеңберінде оптималды әсер ету дозаларын анықтайды, ал дозалардың төмендеуі мен жоғарлауы жағымсыз өзгерістерге шалдықтырады, кейін бұл патологиялық жағадайға көшеді. Бірақ, табиғи фактордың әсерінен туындаған, дозаның артуы шекті көрсеткіштердің сыртына ауытқитын параболаның бірінші бөлігі антропогенді факторлардан туындайтын тізбекті тәуелділікке тән (заттың дозасы ұлғайған сайын пропорционалды токсикалық қасиеттің ұлғаюы).
Табиғи факторлардың классификациясының үлкен тізімінен келесі екі түрді іріктеу қажет:
Факторлардың табиғатына негізделген классификацялар.
Фактордың ағзаға маңыздылық деңгейіне негізделген классификациялар.
Бірінші нұсқадағы классификация табиғи факторларды химиялық, физикалық және биологиялық деп бөледі. Химиялыққа азық-түлік тағамдарына енетін аққуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар және т.б. жатады. Физикалық факторларды климатогеографиялық немесе ауа райлық деп атайды, ол туралы жоғарыда айтып өтілді. Биологиялық топқа қоршаған орта объектілерінің табиғи бактериалды құрамы кіреді, негізінен ол сапрофитті флорамен сипатталады, бірақ патогенді және биологиялық ластаушылар да енеді.
Классификацияның екінші түрі химиялық және физикалық табиғи факторларды қамтиды. В.В. Ковальский, қоршаған орта объектілерінің микроэлементтік құрамын және биологиялық тіндерін зерттеп, үш топтағы заттарды анықтады:
Өмірлік қажеттіліктегі.
Мүмкін, өмірлік қажеттілікті.
Тіндерде табылған, бірақ биологиялық маңыздылығы толықтай зерттелмеген.
Басқа авторлар одан әрі жалпылама түрде келесі екі топқа бөледі:
Тіршілік етуге қажетті факторлар.
Тіршілік етуге қажет емес факторлар.
Иногда вещества первой группы называют эссенциальными, второй группы - неэссенциальными.
Бірінші топқа темір, мырыш, мыс, молибден, марганец, йод, бром, кальций және т.б. элементтерді жатқызуға болады. Бұл элеменнтердің адам ағзасында өзгеріссіз орынбасуына болмайды. Физикалық факторлардан бұл топқа атмосфералық қысым, УК-сәулелену, жарық және т.б. Екінші топқа қажеттілік туындаған жағдайда, денсаулыққа зардабсыз басқа элементпен орынбасуға болатын заттар жатады.
Табиғи факторлар топталуы, олардың түрлі ауруларға шалдықтырылуына қарай жіктелуі мүмкін. Осындай аурулардың келесі топтарын ажыратады:
Табиғи ошағы бар трансмиссивті және паразитарлы аурулар.
Қоршаған ортада химиялық элементтердің артылуынан немесе жеткіліксіздігінен туындайтын аурулар.
Физикалық факторлармен (артуы мен жеткіліксіздігі) байланысты аурулар.
8. Адам тіршілігімен байланысты – қоршаған ортаның антропогенді әсері
Алдындағы тарауларда бұл сұрақтың бір бөлігі талқыланып кеткен, биохимиялық провинциялар туралы. Бірақ мәселе ауқымы соншалықты, қоршаған орта объектілері (атмосфера, су, топырақ) тарауында жекелей қарастырылатын болады. Осы тарауда қоршаған орта ластануының әлем бойынша күшею қарқыны баяндалатын болады. Шартты түрде оны екі уақыт аралығына бөлуге болады: жүзжылдық пен онжылдық.
Жүзжылдық. ЭБұл уақыт аралығының бастамасы бірінші пайда болған өндіріс орындарынан бастау алады және келесі құбылыстар енеді:
Әлемдік мануфактуралардың пайда болуы;
Жер телімдерінің жыртқыштық (арамдық) қолданылуы;
Индустриялизацияға дейінгі және кейінгі қалалардың өркендеуі;
Бірінші бу машинасының пайда болуы.
Бұл құбылыстар кәмілсіз үрдістермен сипатталды. Көмірдің өндірісінің артуы, шикізаттың тиімсіз қолдануы, металлургия даму мен тазарту процессі ұйымдастырылмаған өндірістердің пайда болуы. Қоршаған орта ластануы көбіне жергілікті әсер көрсетті.
Онжылдықтар. Бұл уақыт аралығы қоршаған ортаға деген әсерімен екі құбылспен белгіленген:
Ішкі жану қозғалтқыштың пайда болуымен;
Өндірістің қарқынды дамуы, энергитка мен алып химия неркәсіптері.
Аталған кезең көбіне XX ғасырға қатысты болғандықтан мұнай өнеркәсібінің, транспорт, көппрофильді химиялық өндірістер мен шикізат өндіру кезеңімен байланысты. Өндірістегі тазарту қондырғылары қанағатсыздай жағдайда. Ластану жергілікті деңгейден аудандық және ауданаралық көлемге жетті.
Соңғы онжылдықтар қоршаған ортаның ерекше ластануымен сипатталады, күллі адамзат дабыл қағумен болғанмен, техника жағдайы сапалы тазартқыш қондырғыларын шығаруға мүмкіндігі бар. Сонда да, атмосфералық ауа мен теңіздердің ластануы жаһандық көлемдерге жетті. Бұл қазіргі таңдағы жағдайымыз
Достарыңызбен бөлісу: |