Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Атмосфералық ауаның физикалық құрамы



бет26/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105
3.4. Атмосфералық ауаның физикалық құрамы


Ауаның физикалық қасиеттеріне температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, барометрлік қысымы, атмосфераның электрлік жағдайы, табиғи радиоактивтілік жатады.
Атмосфераның электрлік жағдайы атмосфераның электрлік және магниттік өрістерімен, иондануымен және нажағай электрімен сипатталады.
Адамның ағзасына әсерін ететін ауаның қасиеттерінің бірі, ауаның иондануы болып табылады. Иондану, яғни ауаның құрамындағы молекулалар мен атомдардың қарама-қарсы зарядталған иондарға ыдырауы, негізінен ғарыштан және күннен келетін сәулеленулердің, ауа мен топырақ радионуклидтері сәулеленуінің әсерінен, сондай-ақ, судың тозаңдануы кезінде жүреді. Әуелі атомнан электрон бөлініп шығады, осының нәтижесінде бейтарап атом оң зарядталады, ал электрон, басқа бейтарап атомға қосылып, теріс ион түзеді. Электр заряды теріс иондардың адам ағзасына қолайлы әсер ететіндігі көрсетілген: орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы жақсарады, жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің тонусы жоғарылайды, алмасу үрдістері ынталандырылады, жарақаттар жазылуы жылдамдайды. Электр заряды теріс иондармен қаныққан ортада болуы, қан қысымы жоғарылаған, бронх демікпесі, аллергиялық аурулары, анемиялары, әр түрлі эндокриндік бұзылыстары бар науқастардың жалпы жағдайларын жақсартады.
Электр өрісінің кернеулілігі, атмосфералық қысым жоғарылағанда, тұмандар, жауын-шашындар пайда болған кезде, бірнеше есеге жоғарылап отырады. Олар аса қоғалғыш емес, сондықтанда зарядты қатты ұстап тұрады. Атмосферада үнемі ионды түзу және ионды жою үрдістері жүріп отырады. Жеңіл иондардың азаюы атмосфералық ауаныңсанитарлық жағдайының нашарлауымен түсіндіріледі.


Атмocфepаның электромагниттік өрісі.

Жалпы алғанда жер, теріс зарядталған полюс болып табылады, ал атмосфера – оң зарядталған, осының нәтижесінде атмосферада жерге тікелей бағытталған тоқ түзіледі. Электр өрісінің кернеулігі адамның басы мен өкшесіне дейін 225 В құрайды.


Электр заряды оң, ауыр иондарының мөлшері ауада жоғарылаған уақытта, адамдарда әлсіздік, ұйқышылдық, бас ауруы, шаршау мен қалжырағанын сезінуі пайда болады, қан қысымы жоғарылайды. Ауа ортасының қолайлы иондану тәртібін қамтамасыз ету үшін, атмосфералық ауа мен жабық бөлмелердің ауасының ластануын төмендетуге бағытталған шараларды жүргізу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет