Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Жердің гeoмaгниттік өрісі



бет27/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
Жердің гeoмaгниттік өрісі.

Жердің геомагниттік өрісіне күн радиациясы әсер етеді. Күндегі ірі шағылыстардан геомагниттік өрісте күрт кезеңді емес өзгерістер пайда болады, олар магнитті дауылдар деп аталады. Олар ағзаның жүйке жүйесі, жүрек қантамыр жүйесі және басқа да мүшелер мен жүйелер қызметіне әсер етеді.




Табиғи paдиoaктивтілік.

Космостық сәулелену мен сәулелер табиғи және жасанды радиоактивті көздер болып табылады. Олардың топырақтағы құрамы тікелей атмосфераның радиоактивті жағдайына байланысты. Атмосфералық ауа мен топырақ арасындағы газ алмасу жағдайына газдар құрамындағы радиоактивті элементтер шығуы әсер етеді. Ауа ылғалдылығы мен барометрлік қысымның артуына қарай газдар азаяды. Сонымен қатар атмосфералық ауа радиоактивтілігіне жергілікті климаттық географиялық ерекшеліктер мен жыл бағыты да әсер етеді.




Тeмпepaтуpa мен ауа ылғалдылығы.

Белгілі болғандай ауаның физикалық факторлары ағзаға бірге әсер етеді. Ауа ылғалдылығы көп жағдайда температура әсерінен ағзаның физиологиялық қызметін анықтайды.


Ауаның жоғары температурасы құрғақ ауа жағдайында жеңіл қабылданады. Егер де, температурасы жоғары кезде, ауа су буларымен қаныққан болса, онда ауаның әлсіз қозғалысының, буланудың қиындауы салдарынан, салқындататын әсері болмайды. Температурасы дене температурасынан асатын, күшті ыстық жел ауаның кез-келген ылғалдылығы кезінде қыздыратын әсер береді. Бұл әсері, булану арқылы жылу берілуінің күшейуінен салқындататын эффектісі қызған ауаның қарқынды ағындарымен жойылуына байланысты
Ауаның температурасы жоғары және ылғалдылығы төмен кезінде, әлсіз соққан жел, тердің бөлінуін жылдамдатып, жылу берілуін күшейтеді.
Егер де, температурасы жоғары кезде, ауа су буларымен қаныққан болса, онда ауаның әлсіз қозғалысының, буланудың қиындауы салдарынан, салқындататын әсері болмайды. Жел жоқ кезде, ауаның жоғары температурасы, әсіресе, ол жоғары ылғалдылықпен бірге әсер еткен кезде, ыстық өтуіне әкеп соғуы мүмкін.
Үзіліссіз, күшті соққан жел, тыныс алуды қиындатып, оның қалыпты ырғағын бұзады, жүрек қан тамырларының аурулары мен тыныс алу жолдарының аурулары бар науқастардың жағдайын нашарлатады. Адам ағзасының жүйкелік-психикалық сферасына да желдің әсері едәуір болуы мүмкін. Орташа, термиялық бейтарап жел, сергітетін әсер етеді, ал өте күшті соққан жел депрессиялық жағдайлардың дамуына әкелуі мүмкін..
Ауаның қозғалысы атмосфералық ауаға түскен ластаушы заттарды жоюда, елді мекендерді аэрациялауда және бөлмелерді табиғи желдетуде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, ауаның қозғалысы ластаушы заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына да мүмкіндік түғызады.


Ауа қозғалысы.
Ауа қозғалысы ағзаның жылу балансы мен физиологиялық қызметтеріне, тыныс алуға, энергия жұмсау мен жүйке психикалық қызметіне зор әсер етеді.
Жел жылдамдығы орталық жүйке жүйесі қызметіне айтарлықтай әсері бар. (ОЖЖ). Жел үдеген кезде ОЖЖ қозуы артады, бас ауруы, қорқыныш пен алаңдаушылық пайда болады. Бұл әсер орталық жүйке психикалық қызметінің функционалды ауытқушылығы бар адамдарда байқалады.
Қалыпты жел қозғалысы тынықтыру әсерін береді.
Төменгі температурада жылу бөлу артқан жағдайда және де жоғары ылғалдылықта ағзада салқындану жүреді. Жоғары температурада азғана жео ылғалдылығымен булану жылдамдап денсаулық жағдайын жақсартады.
Қыс мезгілдерінде жел ағзаның салқындануы мен үсік шалуға әкеледі. Тынық ауа райында төменгі температура жеңіл қабылданады. Ауаның температурасы жоғары және ылғалдылығы төмен кезінде, әлсіз (1-5 м/сек) соққан жел, тердің бөлінуін жылдамдатып, жылу берілуін күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет