Ағзада су жетіспеушілігің салдары
Су жетіспеушілігі кезінже қалқанша безінде бұзылыста пайда болады;
Су жетіспеушілігінен жүйке жүйесі мен жүрек жұмысы зардап шегеді;
Артық салмақ;
Бас сақинасы, шаршау, қысымның артуы;
Тырнатың сынуы, тері мен шаш құрғауы;
Арқа мен буындар ауруы, бүйрек жұмысының нашарлауы;
Құрғақ жөтел, ауыз құрғау, тілдегі балауыздың болуы ауыздан жағымсыз иіс шығу;
Су жетіспегенде іш қату, өт жолы мен бүйректе тас жиналу.
Гидросфераны ластаушы көздер мен салдары
Ғалымдар зерттеуі бойынша:
Жоғарыда айтылғандар негізінде су және оның пайыздық үлесі мүшелер мен ұлпаларға маңызды жағдай болып саналып адамның қалыпты өмір сүруіне ролі өте зор.
4.7. Ағзаға суды ластаушы заттардың әсер ету жолдары
Адам сумен асқазан ішек жолдары, жоғары тыныс алу жолдары мен тері қабаттары арқылы контактіде болады. (Стожаров А.Н., 2007).
Асқазан ішек жолдары (АІЖ). Адам пайдаланған судың көп бөлігі асқазанда, он екі елі ішек пен жіңішке ішек сіңіріледі. Осы негізде сапасыз судыпайдаланғанда басты зардап шегуші АІЖ болып табылады.
Жоғарғы тыныс алу жолдары. Бұл толы зерттелмеген жол. Тұман мен түтін қалыптасқан жағдайда су буларымен қаныққан ауада әртүрлі улы заттардың еріген тамшылары болады. Олар өкпеге терең ене отырып, альвеолалар қатты сіңіру қабілетіне ие болғандықтан тез үлкен қан айналымға түседі. Осыдан кейін қанның үлкен айналымын бауырды айналып өтіп ағзаның ішкі ортасына түседі.
Тері қабаттары. Адамның сумен тері арқылы контактісі жуынғанда болады. Осы кезде суда әртүрлі ауру тудырушы бактериялар, қарапайымдылар, мен гельменттер сонымен қатар жұқпалы ауруларды тасымалдаушылар тіпті инфекциялар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |