Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Алдағы өмірдің орташа ұзақтылығы



бет86/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Алдағы өмірдің орташа ұзақтылығы
Болашақ өмірдің орташа ұзақтығының көрсеткіші қоғамдық денсаулықты бағалау мақсатында пайдаланылатын көрсеткіштердің бірі болып саналады. Бұл адамдардың жалпы өлімі мен тұрғындардың табиғи өсуінің көрсеткішіне қарағанда анағұрлым айқын көрсеткіш екендігі рас.
Алдағы өмірдің орташа ұзақтығының көрсеткіші дегеніміз бүгінгі туған ұрпақтың немесе бір жылғы туған құрдастардың алдағы ғұмырларының болжамды жастарының шамасы. Бұл ретте осы есептеу жүргізілген жылдағы жағдайға сәйкес, олардың қайыс болуының есебі де алынады. Бұл көрсеткіш тұрғындардың өмір сүру қабілеттілігін сипаттайды, ол тұрғындардың жастық құрылымының ерекшеліктеріне тәуелді емес және әртүрлі елдер бойынша деректердің динамикасы мен салыстыруын талдауға жарайды. Болашақ өмірдің орташа ұзақтығын өлгендердің орта жасымен немесе тұрғындардың орташа жасымен шатыстыруға болмайды.
Кесте 4 – Қазақстан Республикасы тұрғындарының алдағы өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы (жасы)



Есептелген көрсеткіш аралығы, пepиoды

Ерлер мен әйелдер

Ерлер

Әйелдер

1964-1965

71,4

66,6

75,4

1969-1970

70,1

64,1

74,9

1974-1975

69,3

63,8

74,0

1979-1980

67,0

61,6

71,9

1984-1985

67,7

62,2

72,7

1989-1990

68,6

63,8

73,1

1993-1994

66,8

60,7

71,1

1995

63,7

58,4

69,5

1996

64,0

58,5

70,0

1997

64,4

59,0

70,2

1998

64,4

59,0

70,4

1999

65,5

60,3

71,0

2000

65,5

60,3

71,0

2001

65.6

60.3

71.2

2002

66.1

60.8

71.6

2003

65.9

60.5

71.5

2004

66.14

60.57

71.98

2005

65.91

60.3

71.77

2006

66.19

60.55

72.03

2007

66.38

60.69

72.32

2008

67.11

61.91

72.43

2009

68.33

63.53

73.15

2010

68.45

63.55

73.41

2011

68.98

64.16

73.81

2012

69.61

64.84

74.33

2013

70.45

65.75

75.06

2014

71.62

67.12

75.94

2015

71.95

67.44

76.44

2016

72.3

68.1

76.6




Сурет 7 - Қазақстан Республикасы тұрғындарының алдағы өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы (жасы)

Сурет 8 - Қазақстан Республикасы ерлер мен әйелдердің алдағы өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы (жасы)

Кесте 5 – 2016 жылы Қазақстан Республикасы жекелеген аймақтары туылғаннан бстап өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы (жасы)



Облыстар атауы

Ерлер мен әйелдер

Оның ішінде

Ерлер

Әйелдер

Қазақстан Республикасы

72,3

68,1

76,6

Aкмoла

70,8

66,3

75,8

Aктөбе

72,8

68,5

77,4

Aлмaты

72,7

69,0

76,3

Aтыpaу

72,3

67,3

76,7

Шығыс Қазақстан

71,3

66,7

77,2

Жaмбыл

71,9

68,2

76,0

Батыс Қазақстан

71,5

66,6

77,1

Қapaгaнды

70,9

66,4

75,5

Қызылopда

72,2

69,0

76,3

Қocтaнaй

71,5

67,2

75,4

Мaңгыcтaу

73,8

69,8

78,7

Пaвлoдap

71,4

67,1

76,2

Cолтүстік Қазақстан

71,1

66,6

76,3

Оңтүстік Қазақстан

72,6

69,3

76,2

Acтaнa қаласы

75,3

71,5

78,9

Г. Aлмaты

75,9

71,4

78,9



Тұрғындар аурушаңдығы
Қоршаған орта ластануының халықтың денсаулығына тигізетін әсерін зерттеуде негізгі көрсткіш ретінде көбінесе адамдардың аурушаңдығы пайдаланылады.
Аурушаңдық - қоршаған орта ластануларының зиянды әрекетіне тұрғындардың неғұрлым өзіне тән, ресми тіркелетін реакциясы . Бұл көрсеткіш қоршаған ортаның зиянды әрекетіне ағза реакциясын дәлірек көрсетеді. Оның тіркейтіні:

  • Жалпы аурушаңдық – әлдебір кезең ішінде белгілі бір аймақтағы халықтың тап болған ауруларының барлығы (жедел және созылмалы)

  • Жұқпалы аурушаңдық - СЭС-ға «Инфекциялық ауру туралы шұғыл хабарлау» бойынша деректер негізінде ең дәл ескерілетін аурулар;

  • Ең маңызды эпидемиялық емес аурушаңдылық (онкологиялық, кардиологиялық, эндокриндік, психикалық аурулар)

  • Еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалту аурушаңдығы , ол «уақытша еңбекке қабілетсіздік парақтарын» талдау негізінде зерттеледі. Оның талдауы өндірісте зиянды факторларға байланысты экономикалық және еңбектік шығындарды анықтау үшін қажет;

  • Госпитилизацияланған аурушаңдылық, ол «стационарлық шыққандар» картасын талдау жолымен зертеледі.

Қоршаған орта ластануларының тұрғындар денсаулығына әсерін табу үшін бұрын емдеу мекемелеріне белгісіз созылмалы аурулардың құрылымы мен деңгейін анықтаудың ерекше мағынасы бар. Бұл барлық негізгі мамандар мен зертханалардың қатысуымен кешендік медициналық тіркеулер жүргізу жолымен орындалатын өте байыпты жұмыс. Медициналық -тексерулер арқылы – тұрғындарды 7-10% қамту жергілікті ренрезентативті саналады. Қоршаған орта ластануларының әсерін табу бір кезеңдегі ҚО ластанулары мен аурулар кездесу жағдайларын тіркеу бойынша арнаулы мақсаттық зерттеулер жүргізіледі. Тұрғындар мен аумақтарының арнайы тәжірибелік және бақылау (контроль) топтары іріктеліп алынады.
Ғылыми зерттеудің және денсаулық сақтау мекемелерінің машықтық қызметінің нысаны ретінде өзара байлнысқан түсініктерінің күрделі жүйесін көрсетеді:

  • Аурушаңдылықтың өзі (алғашқы аурушаңдылық , incidence) – жаңа, бұрын еш жерде ескерілмеген және берілген календарлық жылда тұрғындар арасында табылған аурулар жиілігі;

  • Таралғандықтан (аурушаңдық, жиналған аурушаңдылық, prevalence) – берілген календарлық жылда табылған әне бұрынғы жылдары тіркелген, солар бойынша ауру қайтадан білініп, медициналық көмек алған барлық тұрғындар арасындар бар аурулар жиілігі;

  • Қаралғанда табылатын аурулар жиілігі (патологиялық зақымдану ,poinprevalence) бір уақытта медициналық тексеру жүргізу нәтижесінде ескерілетін барлық аурулар және преморбидік фон мен күйлер анықталып қойылған тұрғындар арасындағы патология жиілігі.

Статистикада аурушаңдылықты былайша бөледі: жалпы аурушаңдылық (қаралу деректері бойынша, медициналық деректер бойынша, өлу себептерін талдау бойынша), жұқпалы аурушаңдылық аса маңызды жұқпалы емес аурулар, госпиатльдық аурушаңдылық, еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалту аурушаңдылығы. ДДСҰ (ВОЗ) қандай аурушаңдылық көрсеткіші есептелсе де, ол бірқатар талаптарға сай болу керек: сенімді, объективті, сезімтал, дәл.
Қаралу деректері бойынша жалпы аурушаңдық

  • Тұрғындардың барлық медициналық көмек сұрағандағы жөніндегі есебі арқылы барлық медициналық мекемелерде жүргізіледі. Жалпы аурушаңдылықты зерттегенде календарлық жылдағы аурушаңдылық мәліметтері бойынша адамдардың дәрігерге бірінші қаралуы ескеріледі. Жедел аурулар диагноздары әрбір жаңадан пайда болғанда, созылмалы аурулар жылына бір рет қана тіркеледі.

  • Аурушаңдықты талдау кезінде бірқатар көрсеткіштерді есептеу керек:

Алғашқы аурушаңдық = жағадан пайда болған аурулар саны / тұрғындардың орташа саны * 1000;
Таралғандық = бір жылда тұрғындарда болған аурулар саны / тұрғындардың орташа саны * 1000.
Одан басқа жеке жастық және жыныстық бойынша аурулар жиілігінің бірқатар көрсеткіштері есептелінеді.
Аурушаңдық құрылымы:
Барлық жаңадан пайда болған аурулар саны – 100%,
1 клacc аурушаңдығы саны – х1%,
2 клacc аурушаңдығының саны – х2% және т.б.
Ауру ұзақтығы ауру пайда болған кезден, берілген кездесу жағдайының басталған кезінен есептелінеді (созылмалы аурудың асқынуы). Педиатрия практикасында жеке жастық топтар үшін «денсаулық индeкcін» есептеу қабылданған:
Бір жасқа дейінгі балалардың «денсаулық индeкcі» = аурулар бойынша бір жасқа дейін қаралмаған балалар саны/бір жасқа жеткен балалар саны * 1000
Оның үстіне бір жылда аурулар санын басынан кешірген балалар үлес салмағы есептелінеді. Бір жылдағы өткен аурулар саны бойынша, сирек ауырушыларды, жиі ауыратындар және ауыратындардың топтарын бөледі. Бірақ осы түсініктер өте шартты түрде және жастық топтар үшін әртүрлі.
Аурулардың болуы мен ауырлығына қарай 5 денсаулық тобына бөледі: 1 топ – толықтай сау; 2 топ –функциoнaлды ауытқулары бар; 3 топ – компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар; 4 топ – субкомпенсация жағдайындағылар; 5 топ –дeкoмпeнcaция жағдайындағылар.
Қаралу деректері бойынша аурушаңдықты есептеу «Амбулаторлы науқас талоны» өңдемесі негізінде немесе «Амбулaтopлы науқастың бірыңғай талоны» негізінде жүргізіледі.
Талондар, жедел инфекциялық аурулардан басқаларына, барлық аурулар мен жарақаттарға қалалар мен ауылды елді мекендерде емханалар мен амбулаторияларда толтырылады. Алайда мамандандырылған мекемелерде (пcихoнeвpoлoгиялық, oнкoлoгиялық және тубepкулeзге қарсы) талон толтырылмайды, тері венерологиялық мекемелерде тері ауыратын ауруларға ғана толтырылады.
Жұмыс ұйымдастыру жүйесіне тәуелді емханада талондар қабылдау соңында дәрігерлермен немесе дәрігерлердің көрсетуі бойынша медбикелермен, не орталықтандырылған жағдайда мекеме статистімен оған қабылдаудан тапсырылған «Аурудың амбулаториялық мeдициналық кapтасы», «Балалардың жетілу тарихы» деректері бойынша толтырылады.


Мүгедектік.
Аурушаңдылық, дене құрылысының жетілуі көрсеткіштерімен, медициналық – демографиялық өлшемдерімен қатар мүгедектік тұрғындар денсаулығы күйінің маңызды индикаторы болып саналады.
Мүгедектік жағдайы – қоғамдық денсаулықтың және елдің әлеуметтік орнықтылығының негізгі сипаттамаларының бірі.
Мүгедектік (disability)- тіршілік ету қабілетінің шектелуіне әкеліп соғатын және адамның өзіне – өзі қызмет ету қабілетінің, жүріп тұруының маңайымен сөйлесуі мен араласуының, өзінің тәртібін бақылауның, еңбекпен айналысу мүмкіндігінің толық немесе толық емес жоғалтуы арқылы білінетін , ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылғандығының білінуі мен адам денсаулығының бұзылуы.
Ауруларды жіктеп сұрыптау бойынша ДДСҰ Париж орталығымен ынтымақтасу кезінде ДДСҰ көрсеткен бастама нәтижесінде 1975 жылы ағзалардың бұзылуы, мүгедектік пен кемістіктерді сұрыптаудың жобасы ұсынылған болатын, ал 1980 жылы «Бұзылулар, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі және әлеуметтік жетіспеушіліктің халықаралық сұрыптаулары» international classification of impairment, disabilities and handicaps, қысқаша - ICIDH) өткізілді.
ICIDH тізбек бойынша сызықтық прогрессия берілген: ауру – пaтoлoгия – оның көріністері – бұзылыстар – еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі – әлеуметтік жетіспеушілік.
Бұзылулар мүшелер жүйесі деңгейінде анықталады, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі жеке адамның қызмет атқару қабілетіне әсер етуі, ал әлеуметтік жетіспеушілік – әлеуметтік ортаға тәуелді алдындағы жағдайлардың жиынтық салдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет