126
Науқас О., 28 жаста,
әскер қызметкері, Африка елінен іс сапардан келген.
Шағымдары: қызба, бұлшықеттерінің ауруы, құсу, аяғының ісінуі. Қарағанда: оң аяғының
көлемі
ұлғайған,
терісі гиперемияланған, ісінген (63
сурет),
ұстағанда тығыз жіпшелер
байқалады. Лимфангит пен лимфадениттің белгілері айқын.
1.
Науқастағы ісінудің ықтимал себептері қандай?
2.
Науқастағы ісіну дамуының алғашқы патогенездік факторы қандай?
3.
Науқастағы ісіну дамуының патогенездік факторларының іске қосылу тізбегі
және маңызы қандай?
III.1-14 жағдаяттық тапсырма
127
Науқас Б., 29 жаста, бүйрек үсті безі қыртысының шумақшалық аумағында аденома
анықталған. Шағымдары: шөлдеу,
басының ауыратыны,
бұлшықеттерінің әлсіздігі,
ұйқышылдық, ішінің қатуы, селқостық. Қарағанда: АҚ 190/100 мм сын.бағ.,
ЭКГ-да p-Q
және Q-Т
аралықтары ұлғайған, Т тісшесінің амплитудасы кеңейген және төмендеген.
1.
Науқастағы әйгіленімдердің дамуын электролит алмасуының қандай
Достарыңызбен бөлісу: