124
Науқас Т., 23 жаста, Шайнағанда
қатты ауру сезімі туындауына, жұтынуыдң
қиындауына, слекей ағуына, қалтырауына, бас ауыратынына
шағымданып хирургқа
қаралды. Қарағанда: беті асимметриялы, жақ-бет аймағының оң жағы
гиперемияланған,
ісінген (61 сурет), ұстағанда қатты ауыртады. Төменгі жақ қозғалмайды (тризм). Уыттану
көріністері айқын: әлсіздік, тершеңдік, бас ауруы, қызба, тамыр соғысы және тынысы жиі.
1.
Науқастағы ісінудің патогенезі қандай?
2.
Қан арнасынан тінге сұйықтықтың өтуіне қандай факторлар ықпал етеді?
3.
Ісінулердің патогенездік тұрғыда жіктелуін атаңыз?
III.1-9 жағдаяттық тапсырма
Науқас С., 15 жаста, тамағының баспамен ауырғанынан кейін 2 аптадан соң, әлсіздік,
бас ауруы, ентікпе, белінің ауруы, зәрдің аз бөлінуі пайда болды. Қарағанда: беті бозарып,
ісінген, аяқтары ісінген. АҚ 150/95 мм сын.бағ., ЖСЖ – 55 мин
-1
.
Зәр талдамасынды -
нәруыз 1,2 г/л, эритроциттер – 10-15 көру аймағында. Қойылған диагноз «Жедел
гломерулонефрит».
1.
Науқастағы
ісіну
дамуының
алғашқы
патогенездік
факторы
қандай?
2.
Осы ісіну дамуында ренин-ангиотензин- альдостерон жүйесінің маңызы бар
ма?
3.
Достарыңызбен бөлісу: