Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


Нейрондардың ишемиялық зақымдануының патогенезінде себеп-салдарлық



Pdf көрінісі
бет129/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

1. Нейрондардың ишемиялық зақымдануының патогенезінде себеп-салдарлық 
қатынастардың тізбегін жалғастырыңыз. 
 2. Жасушалар зақымданғанда дамитын иондық дисбаланстың мәні неде ? 
 3. Жасушалар апоптозынан некроздың айырмашылығы неде ?
Жауабы 
1.
Кальцийдің жасушаларда жиналуы → жасушаларды энергиямен қамту 
процестердің бұзылуы → гипоэргоз → зат алмасу бұзылыстары → сүт қышқылының 
жиналуы → лактат-ацидоздың дамуы → Са
2+
-кальмодулин-тәуелді ферменттердің 
(протеазалар, А

фосфолипазасы, NO-синтаза) белсенуі → NО түзілуінің күшеюі→ 
оттегінің белсенді түрлерінің артық өндірілуі және липопероксидация өнімдерінің 
жиналуы → жасушаларда энергиялық және синтездік процестердің тежелуі, олардың 
мембраналары мен ферменттерінің зақымдалуы → иондар мен сұйықтықтың дисбалансы
→ нейрондардың апоптозы мен некрозы.
2. 
Иондардың дисбалансы
 
– жасушалар зақымдануының маңызды механизмі, 
жасушаларды энергиямен қамту бұзылыстарынан және мембраналар мен ферменттердің 
бүліністерінен дамиды. Нәтижесінде көптеген иондардың – К
+
, Na
+
, Ca
2+
, Mg
2+
, Cl
-
— 
мембрана арқылы тасымалдануы өзгереді. Иондық дисбаланс жасушалар цитозолінде Na
+
мен Ca
2+
артық мөлшерінің жиналуымен, ал жасушалардан К

жоғалтуымен сипатталады. 
Иондар дисбалансының салдары 

жасушалардың және жасушалық органоидтардың 
көлемдерінің өзгеруі (гипо- және гипергидратация), сонымен қатар, қозатын жасушалық 
элементтерде электрогенез бұзылыстарының дамуы.
3. 
Апоптоз және некроз – жасушалар өлімінің екі негізгі түрі және де олар бірі-
бірінен келесі белгілер бойынша ажыратылады: 

биохимиялық өзгерістер: апоптоз – энергияны пайдалануымен өтетін, эндогенді 
эндонуклеазалармен ДНҚ молекуласының бөлшектенуі; некроз кезінде иондар 
алмасуының бұзылысы дамиды немесе оның толық тоқтауы байқалады;

лизосомалар: апоптоз кезінде лизосомалар өзгермейді, некроз кезінде - 
лизосомалардан ферменттер босайды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет