Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


Жалпы нозологияның берілген түсініктеріне жататын өз мысалдарыңызды



Pdf көрінісі
бет125/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

 Жалпы нозологияның берілген түсініктеріне жататын өз мысалдарыңызды 
келтіріңіз.
Жауабы
 
1. 
Қантты диабет – ауру;
 
ісіну және түйінді гломерулосклероз –патологиялық 
процесс; диабеттік нефропатия – негізгі аурудың асқынуы; гипергликемия + глюкозурия 
+ полиурия – синдром (диабеттік); гипергликемия, глюкозурия, полиурия, протеинурия – 
симптомдар. 
 
2. 
Ауру – дерт туындататын ықпалдардың әсерлеріне Жауабы ретінде дамитын 
қалыпты тіршілік етудің, жұмысқа қабілеттіліктің, әлеуметтік пайдалы әрекет жасаудың, 
организмнің өмір сүру ұзақтығының және қорғаушы-орнын толтыру реакциялары мен 
механизмдердің белсендірілуімен қатар, сыртқы және ішкі ортаның үнемі өзгеретін 
жағдайларына бейімделу қабілеттілігінің бұзылуы.

Патологиялық процесс – қарапайым патологиялық реакциялардың түрлі 
үйлесімдерінен тұратын ағза мен тіндердің қызметтері мен құрылысының аурулы 
өзгерістері.

Ауру асқынуы – негізгі ауру бар жағдайында дамитын, бірақ оған міндетті түрде 
тән емес, патологиялық процесс, жағдай немесе реакция. Асқынулар, көбіне, ауру 
себебінің немесе оның патогенездік тізбектерінің жанама әсерінің нәтижесі. Асқынулар 
негізгі аурудың ағымын қиындатады.

Синдром – ортақ патогенезімен біріккен симптомдардың жиынтығы.

 


156 

Симптом – аурудың белгісі.
3. 
Аурулар мысалдары
 
– миокард инфаркты, пневмония, пиелонефрит, подагра, жара 
ауруы, асқазан ісігі және т.б.

Патологиялық процестердің мысалдары – қабыну, ишемия, гипоксия, ісіктер, 
тромбоз және т.с.с.

Ауру асқынуының мысалдары – жара ауруы кезінде асқазанның перфорациясы, 
асқазанның жара ауруы кезіндегі пилоростеноз, жіңішке ішек полиптері пайда болғанда 
түйнектің дамуы, пневмония кезіндегі плеврит, пневмония кезіндегі инфекциялық-уыттық 
шоктың дамуы, миокард инфаркты кезіндегі ҚШҰ-синдромы және т.с.с.

Синдромдар мысалдары – сарғаю синдромы, нейродистрофиялық синдром
абстинентті синдром, метаболизмдік синдром, Элерс-Данлос синдромы және т.б.

Симптомдар мысалдары – бас ауруы, лоқсу, қалтырау, жөтелу және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет