Тақырыбы I.2 Жалпы этиология.
Адам организміне қоршаған ортаның дерт
туындататын ықпалдарының әсері
Жағдаяттық тапсырма
39 жастағы Р. есімді науқасқа сүйек кемігінің трансплантациясын жүргізу алдында
организмнің толық сәулелеуі тағайындалды. 7 Гр мөлшерінде өткізілген сәулелеуден
кейін науқаста лоқсу, құсу, бас ауруы, ұйқышылдық, дене температурасының 37,6
0
С дейін
көтерілуі байқалды. Қан талдамасында нейтрофилдер есебінен лейкоциттердің көбеюі,
лимфоциттердің азаюы, ЭТЖ жылдамдауы анықталды.
1.
Пайда болған клиникалық-лабораториялық бұзылыстардың
себебін атаңыз.
2. Организмді 4-10 Гр мөлшерінде бір рет толық сәулелеуден дамитын жіті
сәулелік аурудың үшінші кезеңі қалай сипатталады ?
3. Радийсезімтал және радийтөзімді жасушалар мен тіндерді атаңыз.
Жауабы
1.
Клиникалық-лабораториялық
өзгерістердің себебі – иондаушы радиация, ол
табиғаты физикалық экзогенді этиологиялық ықпалдардың тобына жатады. Иондаушы
радиация – сәулелік ауру дамуының этиологиялық ықпалы. Жағдаяттық тапсырмадағы
берілгендер науқаста жіті сәулелік аурудың сүйек-кемігілік түрі дамығанын көрсетеді.
2
. Жіті сәулелік аурудың үшінші кезеңіне (айқындалу сатысына) тән қандағы
өзгерістерге тұрақты лейкопения (лимфоцитопения, гранулоцитопения), тромбоцитопения
және анемия (сүйек кемігінің гипоплазиясы есебінен). Лейкоциттердің жалпы саны
азаюынан иммундық тапшылық және түрлі қабынулық, инфекциялық аурулардың
(глоссит, гингивит, ангина, пневмониялар және т.б.). дамуы байқалады. Қанда
тромбоциттердің азаюы геморрагиялық синдромның дамуына, тері мен сілемейлі
қабаттардағы көптеген қанкетулерге, қақырықта, Несепте, нәжістеқанның анықталуына
әкеледі. Сонымен бірге, айқындалу сатысында асқорыту жолындағы сілемейлі
қабаттардың эрозиялық және жаралық бүліністер, эндокринопатиялар дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |