Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет127/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

 

 


157 
3
. Радийсезімтал ағзалар мен тіндерге жатады : сүйек кемігі, терінің өсу қабаты және 
сілемейлі қабаттар, аналық және аталық бездер, тимус, лимфоидты ағзалар; радийтөзімді 
ағзалар мен тіндерге жатады: бас миы, бұлшық ет тіні, сүйек тіні, сіңірлер, бүйрек тіні.
 
Тақырыбы I.3 Жалпы патогенез.
Реактивтіліктің патологиядағы маңызы. 
Жағдаяттық тапсырма
78 жастағы П. есімді науқас жалпы әлсіздікке, тершеңдікке, орташа мөлшерлі
тұтқырлы қақырықты шығарумен көрінетін сирек жөтелге шағымданады. Объективті: 
дене температурасы 37,2
0
С, перкуссия жасағанда өкпенің төменгі-артқы бөлімдерінде 
дыбыстың әлсіреуі, аускультация жасағанда майдакөпіршікті сырылдар, қанда – 
лейкоциттік ереженің өзгеруінсіз лейкоциттер санынынң жоғарылауы, рентгенологиялық 
зерттеуде пневмония анықталды.
1.
 
Науқаста қабынулық процестің көрінуі әлсіз екенін қалай түсіндіруге болады 
?
2. Жағдаяттық тапсырмадағы реактивтіліктің қайсы түрі берілген?
3.
 
Қабыну кезінде дамитын бейімділік механизмдердің нәтижелерін қандай 
шаралардың көмегімен
 
жоғарылату мүмкін болады ?
Жауабы 
 
1. 
Кексе және қарт жастағы адамдарда қабынулық процестің ағымының 
ерекшеліктері қоздырғыштың түріне ғана емес, сондай-ақ организмнің жастық 
реактивтілігіне байланысты. Мысалы, берілген жастағы пациенттерде қабынулық 
процестің әлсіз көрінуі сүйек-бұлшық еттік аппараттың, кеуде қуысының, бронхтар мен 
өкпенің жасқа байланысты құрылымдық және функциялық өзгерістермен анықталады. 
Сонымен қатар, берілген жаста жөтелу рефлексінің әлсіреуі, жыпылық эпителий 
әрекетінің және бронхтардың тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусының төмендеуі, 
лизоцим өндірілуінің азаюы, қақырықтың қоюлануы және бронхтар өткізгіштігінің 
бұзылуы байқалады. Берілген жаста пневмонияның дамуына лимфоидты тіннің 
атрофиясы, өкпе эмфиземасы, иннервация мен трофикасының өзгерістері, қорғаушы 
иммунды реакциялардың әлсіреуі қолайлы жағдай жасайды. Аталған барлық ықпалдар 
инфекцияның жеңіл енуіне және кексе адамның өкпелік қабынулық процестерге өте бейім 
болуына жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет