Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


Миокард инфарктына жасуша тіршілігі жойылуының қай түрі тән ?



Pdf көрінісі
бет35/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

1. Миокард инфарктына жасуша тіршілігі жойылуының қай түрі тән ? 
Жасуша тіршілігі жойылуының осы түріне жалпы сипаттама беріңіз.
2. 
Жасуша тіршілігі жойылуыныңосы түрі даму алдында жасуша 
зардапталуының қай сатысы болады ?
3. ЭКГ-дағы V1 – V4 жалғамдарындағы өзгерістерді кардиомиоциттердің 
инфаркты кезінде байқалатын құрылымдық-функциялық бұзылыстардың салдары деп 
санауға болады ма ? Жауабыңызды негіздеңіз.
 
 
I.4-5 жағдаяттық тапсырма
 
42 жастағы О. есімді науқасқа сүт безінің ісігі жөнінде жасалған операциядан кейін 
сәулелі ем тағайындалған. Сырттан сәулелену күніне 1 рет жүргізілді. 10 сеанстан кейін 
науқаста сәулеленетін аумақтағы терінің қызаруы, қышыну, күйдіру сезімі, ауырсыну 
байқалды. 15 сеанстан кейін науқас лоқсу, тәбетінің нашарлауына, әлсіздікке, дене 
температурасы көтерілуіне шағымданды.
1. Науқастағы жасушалар зақымдануының себебін атаңыз. Түрлі жіктеу 
ұстанымдарын қолданып, жасушалар зақымдануы түрлерін анықтаңыз.
2. Берілген этиологиялық ықпалдың әрекетіне ең сезімтал жасушаішілік 
органеллаларды атаңыз. Жасушаларға себептік ықпалдың спецификалы әсер етуінің 
механизмдерін түсіндіріңіз.
3. Науқаста анықталған себептік ықпал әсер еткенде дамитын жасушалардың 
зақымдануын төменде берілген заттардың қайсысы қолдайды, қайсысы тежейді : 
оубаин – ингибитор Na+/К+-АТФ-азаның тежеуіші, ионол – антиоксидант, 
верапамил –кальций каналдарының бөгеушісі, этилмеркурхлорид – ферменттердегі 
SH-тобының тежеуіші, D актиномицині - транскрипция процестерін бұзады. 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет