72
1.
Науқаста қабынудың қандай түрі дамыған? Жауабыңызды негіздеңіз.
2.
Науқастағы қабынудың және клиникалық көріністердің себептері қандай?
3.
Глюкокортикоидтарды берген дұрыс па? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
II.2-7 жағдаяттық тапсырма
Науқас П., 34 жаста, Жарақаттық бөлімге оң қолын күйдіріп алғанымен қаралды.
Объективті: күйген жердің терісі ашық-қызыл түсті, күдіреген, ісінген,
кейбір бөліктерінің
эпидермисі ажыраған (46 сурет), температурасы жоғары, ұстағанда ауыртады. Оң
қолының қимылдау қызметі бұзылған. Науқастың тынысы және жүрек соғысы жиілеген.
Дене қызуы 37,3
0
С. Қан талдамасында
лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
1.
Науқаста қабынудың қандай түрі дамыған? Қабынуды шақырған флогогенді
агентті көрсетіңіз.
2.
Науқаста қабынудың қандай сатысы байқалады?
3.
Көрсетілген жергілікті әйгіленімдердің даму механизмі қандай?
4.
Қабыну кезіндегі жалпы өзгерістерді түсіндіріңіз.
II.2-8 жағдаяттық тапсырма
Науқас Р., 22 жаста, көліктік қақтығыстан кейін жарақаттық бөлімшеге түсті.
Көптеген сынықтар мен денесінің төменгі бөлігінде ұрылып,
соғылған жерлері көп,
жұмсақ тіндері езілген. ауруханаға түскеннен соң 1 аптадан кейін дене температурасы
жоғарылап, құрсақ түбінде ауру сезімі пайда болды. Тексергенде
ішперде қуысында
сұйықтық жиналғаны анықталды. Сенімді болу үшін парацентез жасалды (ішперде
қуысына пункция жасау). Салыстырмалы тығыздығы 1,054, нәруыздардың мөлшері 0,63
г/л, жасушалардың саны 7000 в 1 мкл, сары-жасыл түсті сұйықтық алынды. Тұнбада
нейтрофилдер басым, оның ішінде дегенеративті түрлері, микробтар жасуша ішіне де,
жасуша сыртына да, орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: