1. Осы жағдай қандай (қауырт немесе созылмалы) қабынуға тән? Жауабыңызды негіздеңіз. 2. Науқастағы қабынудың жалпы және жергілікті белгілерін атаңыз. 3. Науқаста қабынудың қай сатысы басым? Сипаттама беріңіз. II.2-13 жағдаяттық тапсырма Науқас Ж., 22 жаста, мықын аймағының оң тұсы ауыратындығына шағымданып
хирургиялық бөлімшеге түсті. Анамнезінен: алғашында ауру сезімі эпигастральді аймақта
басталып, сосын мықын аймағына көшкен. Жүргенде, жөтелгенде ауру сезімі күшейеді.
Бір рет құсқан. Қарағанда: дене температурасы 37,5
О
С, ЖСЖ – 92 мин
-1
. Тілі ылғал, ақ
түсті жабынды жамылған, іші кернеулі, мықын аймағының оң жағы қатты ауыртады, яғни
соқыр ішек орналасқан тұсы. Ішпердені тітіркендіру симптомы байқалады. Қан
талдамасында: лейкоциттер саны 15,3 х 10
9
/л, ЭТЖ – 21 мм/с.
1. Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыған? 2. Науқастағы қабынудың жалпы және жергілікті белгілерін атаңыз. 3. Организмге қабынудың маңыздылығы қандай? II.2-14 жағдаяттық тапсырма Науқас Д., 4 жаста, туберкулезді лимфаденитпен бірге терісінде өлшемі 3-5 см-ге
дейін біртіндеп ұлғайған, шамалы ауырсынатын, қатайған түйіндер пайда болған.
Түйіндер терімен жабысқан, терінің беткейінің үстінен шығып тұрады, ортасына қарай
жұмсарған. Түйіннің бетіндегі терінің түсі көкшіл қызыл түсті. Бірнеше жерлерде
түйіндер жұмсарып, қан және тіннен ыдыраған бөлшектермен араласқан іріңнің шығатын
75 тесіктеріне жасырынған. (48 сурет). Бактериоскопиялық зерттеулерде төмпешіктің
беткейінен туберкулездің микобактериясы табылған. Науқасқа терінің колликвативті
туберкулезі – скрофулодерма диагнозы қойылды.