сипаттама беріңіз. II.5-15 жағдаяттық тапсырма Науқас А., 4 жаста, бал жегеннен кейін ерін аумағының қышынып, ісінуі, тілінде
күйдіру сезімі және бетінде уртикарлы бөрітпелер пайда болды. Аурудың анамнезінен:
терісіндегі өзгеріс алғаш рет 6-айлық жасында тағамына «Малютка» сүт қоспасын
қосқаннан кейін пайда болған. Біраз уақыттан соң сиырдың сүтін, апельсинді және
шоколадты қолданғаннан кейін денесінде терісінің қызаруы басқа жерлеріне тарала
бастады. Тері беткейінің бірнеше аумағын алып жатқан. Гипоаллергенді диетаны
қолданғанда терісінің тазарғаны байқалдыды. Науқастың анасы атопиялық дерматитпен
ауырған. Қарағанда: баланы шамадан артық тамақтандырған, денесі толық, тері
жамылғысы ылғалды. Уртының, тізе асты шұңқырының және қолдың білезік тұсының
терісі қызарған, инфильтрацияланған және суланып, қабыршықтанған. Балаға енжарлы
(тура емес) гемагглютинация реакциясы*(ЕГАР) жасалды: балыққа антидененің титрі
1:280 (қалыпты жағдайда 1:30), сиыр сүтінің нәруызына 1:920 (қалыпты жағдайда 1:80).
Радиоаллергосорбентті тесттің нәтижесі: қанда IgE деңгейі 910 Бр/л (қалыпты жағдайда -
до 100 Бр/л).
*
Енжарлы (тура емес) гемагглютинация реакциясы беткейіне антигендер бекітіліп,
агглютинацияға ұшыраған эритроциттерді анықтауға (эритроцитарлық диагностикум)
негізделген; ЕГАР антигенге Жауабы ретінде антидене түзілгенде ғана нәтиже береді;
58 сурет жусан, жалбыз, ти- мофеевка шөптеріне тері сынамасының оң нәтижесі
112 ЕГАР пробиркадағы науқастың қанының сарысуына эритроцитарлық диагностикумды
араластыру арқылы қолданады (59 сурет).
Тура емес (енжарлы) агглютинация реакциясы