57 сурет. Манту сынамасының оң нәтижесі 1. Манту рекциясының оң нәтижесінің даму механизмі қандай? 2. Науқаста дамыған Джелл және Кумбстің жіктеулері бойынша аллергиялық әсерлесудің қандай түрі дамыды? 3. Аллергияның осы түрі кезінде қандай медиаторлар бөлінеді? 4. Бұл аллергияның түрінде жасуша зақымдалуының негізгі механизмдері қандай? II.5-14 жағдаяттық тапсырма Науқас Э., 30 жаста, жыл сайын көктем-күзгі уақытта дене температурасының
көтерілуіне, мұрнының бітелуіне, көзінің ашып ауырсындыруына, жасаурауына және
жарыққа қарай алмауына шағымданады. Тексергенде: конъюнктиваның қызарғаны,
мұрын-жұтқыншақтың сілемейлі қабығының ісінуі байқалды. Теріге жасалынған
аллергиялық сынама бірнеше шөптерге оң нәтижесін көрсетті (58 сурет).
111 1.
1. Науқаста қандай аллергиялық реакция дамыды? Бұл жоғары сезімталдықтың қай түріне жатады? 2. Аллергияның мүмкін болатын даму себептері қандай? Науқаста дамыған этиологиялық фактор Адо А.Д. және гигиенистердің жіктеулері бойынша аллергендердің қай тобына жатады? 3. Осы ауру кезіндегі аллергиялық реакцияның I сатысының маңызы неде? 4. Науқаста анықталған ауру тобына жататын басқа да ауруларға жалпы