Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет88/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

1.
 
Науқаста аллергияның белгісі бар ма? 
2.
 
Есекжемнің даму механизмдері қандай? 
3.
 
Гетеро- және параллергия дегеніміз не? 
4.
 
Спецификалық және бейспецификалық аллергия кезінде табиғаты 
сезімталдығы көтерілген және шешуші аллергендердің айырмашылығы бар ма? 
 
II.5-10 жағдаяттық тапсырма 
Науқас Л., 38 жаста, инсекті аллергиямен ауырады, қабылдау бөліміне жедел жәрдем 
көлігімен ауыр жағдайда әкелінді. Ессіз, ұстама байқалады, аузынан көбік ағады, терісі 
және шырышты қабаты көкшіл, тынысы үстіртін, тамыр соғысы жіп тәрізді, артериялық 
қысымы анықталмайды. Науқастың қасында болған кісінің айтуы бойынша аралар 
шаққан. Аралар шаққаннан кейін 5 минуттың ішінде науқаста діріл, бірден демігу 
байқалды, құсу және ұстама басталды, еріксіз зәр шығару байқалды. Стационарға келіп 
түскеннен 30 минут өткен соң науқас қайтыс болды. 
1.
 
Науқаста қандай аллергиялық реакция дамыды? Ол жоғарғы 
сезімталдықтың қандай түріне жатады? 
2.
 
Бұл аллергиялық реакциятің дамуына қандай антиденелер Жауабыты? 
3.
 
Егер басынан өткізген жағдайдан кейін алғашқы тәулік ішінде 
организмге аллерген қайта түскенде науқастағы осы аллергиялық реакциятің 
көрінісі бәсеңдейді ме? 
 
II.5-11 жағдаяттық тапсырма 

 

 

 


109 
Науқас Ш, 27 жаста сол жақ санындағы жараның қатты ластануына байланысты
хирургиялық бөлімшеге келіп түсті. Науқасқа сіреспенің алдын алу мақсатымен ең 
алдымен тері астына 1 мл сіреспе анатоксинін, ал 30 минуттан кейін –300 ХБ сіреспеге 
қарсы сары су енгізілді. Осыған байланысты, жараның жазылуы іріңдеумен асқынды, 
сары суды енгізуді әрбір 6 күннен кейін қайталап отырды. Үшінші инъекциядан кейін 
енгізген жерде ісіну пайда болып, инфильтрат түзілді. Инфильтрат бетіндегі терісі 
некрозға ұшырап, соның салдарынан ұзақ уақыт жазылмайтын жараға айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет