120
S
v
O
2
(%)
?
а/v O
2
, көлем%
?
КОС, көлем%
?
III. Заттектер алмасуының типтік бұзылыстары
III.1. Тұз-су алмасуының бұзылыстары
Бұзылыс түрлері
Жасушадан тыс бөліктегі осмостық қысымның өзгеруіне
байланысты дисгидриялардың түрлері
Судың оң
(позитивті)
балансы
1.
Гиперосмостық гипергидратация
2.
Изоосмосмостық гипергидратация
3.
Гипоосмосмостық гипергидратация
Судың теріс
(негативті) балансы
1. Гиперосмосмостық гипогидратация (дегидратация)
2. Изоосмосмостық гипогидратация (дегидратация)
3. Гипоосмосмостық гипогидратация (дегидратация)
Гемодинамикалық
фактор
(гемодинамикалық, гидростатикалық, механикалық) қанның
тиімді гидростатикалық қысымының жоғарылауымен сипатталады.
Онкотикалық
фактор
қандағы онкотикалық қысымның төмендеуімен және/немесе
жасуша аралық сұйықтықта оның деңгейінің жоғарылауымен сипатталады.
Осмостық фактор
интерстициялық сұйықтықтың осмоляльдығының жоғарылауымен
және/немесе қан сарысуының осмоляльдығының төмендеуімен сипатталады.
Мембраногендік фактор
микроциркуляторлық арнадағы тамырлардың суға, ұсақ- және
ірі молекулалық заттектерге өткізгіштігінің (нәруыздардың маңызы зор) артуымен
сипатталады.
Су балансы бұзылыстарының түрлері
Ісінулер дамуының патогенездік факторлары
121
Лимфогендік
фактор
(лимфатикалық) механикалық кедергілердің
немесе лимфаның
артық өндірілуінің салдарынан тіндерден лимфаның ағып кетуінің қиындауымен
сипатталады.
Тұз-су алмасуының нейро-гуморалдық реттелуінің бұзылыстары («реттеу
қателігі») –
патология кезінде (жүрек жеткіліксіздігі, бауыр циррозы, нефроздық
синдром…) альдостеронның артық өндірілуі байқалады және/немесе
бауырдың
альдостеронның белсенділігін жою қабілеті төмендейді → екіншілік гиперальдостеронизм
→ гиперосмия, осморецепторлардың тітіркенуі → антидиурездік гормонның (АДГ)
өндірілуінің артуы → альдостеронның және АДГ өндірілуін тежеу мақсатында жасушадан
тыс сұйықтықтың деңгейінің жоғарылауы, бірақ патологиялық жағдайда бұл іске аспайды,
сондықтан альдостерон және АДГ деңгейінің артық болуы қорғаныстық рөл атқармайды
және су-электролит
алмасуын қолдайтын механизмдер, «қателеседі» → сұйықтық пен
натрий одан әрі жинала береді → ісіну одан әрі өршиді.
Достарыңызбен бөлісу: