Жауабыңызды негіздеңіз.
2.
Науқастағы симптомдардың даму механизмдері қандай?
3.
Дисгидрияның
осы
түрі,
тағы
қандай
себептерден
туындауы
мүмкін?
III.1-2 жағдаяттық тапсырма
Науқас С., 42 жаста, инфекциялық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. 5 күн
бұрын дене температурасы 39ºС дейін көтеріп, тәбеті төмендп, іш өту пайда болған, оның
алдында науқас дизентериямен ауырған баланы күтіп-қараған. Дәрігерлерге қаралмастан
өзінше ем қабылдаған, бірақ, әйгіленімдері өршіп, үлкен дәретке тәулігіне 20-30 рет
отыратын болған. Объективті: науқас есеңгіреген, селқос, терісі бозғылт, тамыр соғысы
жиі. Тілі құрғақ, ақ жабынды жамылған. Іші басқанда ауыртады, әсіресе сол жағының
төменгі бөлігі. Қан талдамасында: Na
+
- 130 ммоль/л, глюкоза – 5,5 ммоль/л, Несепнәр
(мочевина) – 16,8 ммоль/л.
1. Науқаста дисгидрияның қандай типтік түрі дамыған?
2. Дисгидрияның осы түрінің көрінісі мен салдары қандай?
3. Дисгидрияның бұл түрінің теңгерілу механизмі қандай?
III.1- 3 жағдаяттық тапсырма
Науқас П., 12 жаста, нефрологиялық бөлімшеге түскен, диагнозы «Липоидты нефроз».
Шағымдары: әлсіздік, ұйқысының бұзылуы, қатты шөлдеу. Объективті: терісі құрғақ,
салқын, беті және аяқтары ісінген. Қан талдамасында: нәруыздардың мөлшері – 48 г/л, ,
натрий деңгейі– 150 ммоль/л . Тәуліктік диурез – 500 мл, зәрдегі нәруыздардың мөлшері
25% құрайды.
1. Науқаста дисгидрияның қандай типтік түрі дамыған?
Жауабыңызды негіздеңіз.
2.Науқаста дамыған шөлдеу сезімін қалай түсіндіресіз? Науқастың
Достарыңызбен бөлісу: |