Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Фантомдық ауыру 
(от греч. phantasma – елес, көрсету) – аяқ-қолы 
кесілген адамдарда байқалады. Бұл кезде организмде жоқ дене мүшелері 
бар сияқты сезіліп, олардың орнында қатты ауыру сезімі пайда болады. 
Даму механизмі жұлын-мидың, ретикулалық формацияның, ми бағанасы 
немесе оның орташа құрылымдарының төмендемелі антиноцицепциялық 
әсерінің бір уақытта әлсіреуімен бірге патологиялық күшейген қозу 
генераторының қалыптасуымен байланысты.
 
МИ ҚАНАЙНАЛЫМЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 
Мидағы қанайналымның ерекшеліктері 
Ми – үздіксіз қызмет атқаратын энергия сыйымдылықты 
процесстермен сипатталады. Бірақ, осы үдерістер мидағы тотығу 
процесстері үшін субстрат немесе оттегілік қоры ғана емес, өзінің қалыпты 
қызметін атқару үшін жоғары қарқындылықпен қанмен қамтамасыз 
етілуді қажет етеді. Осыған байланысты мидың орташа салмағы 1400–1500 
г құрайды, шамамен 600 км алып жатқан 100 миллиардтан астам ұсақ 
қантамырлардан тұрады және осы қантамырлардан минутына 600 - 800 мл 
қанды айдайды. Бұл жағдайда қанағымның көлемдік жылдамдығы 55-60 
мл/100г/мин
–1
сәйкес келеді. Қанағымның осындай деңгейінде дененің 
жалпы салмағының 2%-ын ғана құрайтын орташа салмақтағы ми үшін 
оттегіні жалпы тұтыну 3,3-3,5 мл/100г/мин
–1
немесе 45 мл оттегі/мин
–1
тең, 
яғни организмнің оттегіге жалпы тұтынымының 20%-ын құрайды. 1 жасқа 
дейінгі балаларда қанағымның мөлшері 50-55%-ға жоғары болады, ал егде 
жастағы 
қанағымды 
адамның 
кемел 
шағындағы 
қанағымымен 
салыстырғанда 20%-ға төмендейді. 
Мидағы қанайналым жүйесінің басты мақсаты әртүрлі функциялық 
жағдайларда мидың циркуляциялық және химиялық гомеостазының 
ауытқуларын азайтумен түсіндіріледі. Бұл мидағы қанағымның (МҚ) 
аутореттелісінің күрделі құрылымдық- функциялық ұйымдастырылуымен 
іске асырылады. Мидағы қанағымның аутореттелісі негізгі 3 
механизммен: миогендік, гуморальді-метаболизмдік және нейрогендік 
даму жолдарының өзара әрекеттесуі арқылы дамиды.
Мидағы қанағымның аутореттелісі ең алдымен, ми қантамырларында 
перфузиялық қысым өзгерген кезде (жүйелік артериялық және 
бассүйекішілік қысым арасындағы айырмашылық туындағанда) мидағы 
қанағымның өзгермеген көлемдік жылдамдығын кең көлемде сақтай 
алатын қасиеті 
– 
Остроумов-Бейлисс эффектісімен сипатталады (8 сурет).
ЖМҚ 


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет