Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Ми қанайналымының бұзылуы



Pdf көрінісі
бет19/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83
Ми қанайналымының бұзылуы
Ми қанайналымында пайда болған патологиялық процесстер ірі 
тамырлар мен ми артерияларын (қолқаны, иықбастық діңгекті, жалпы, 
ішкі және сыртқы күретамырларды, бұғанаасты, омыртқа, негіздік, 
жұлындық, түбіршектік артериялар мен олардың тармақтарын) және ми 
веналары мен веналық қуыстарды, жармалық веналарды зақымдайды. 
Ми қанайналы бұзылуының жіктелуі 
1.
 
Миды жеткіліксіз қанмен қамтамасыз етудің бастапқы көріну 
белгілері
. Бұл органикалық неврологиялық симптоматикасы болмайтын 
және жалпы қантамырлық патологиямен көрінетін, ерте уақытта 
теңгерілген дисциркуляцияланған энцефалопатиялар. Дағдылы жағдайда 
науқастар өздерін жақсы сезінеді, бірақ, миды қанмен қамтамасыз етудің 
артуы кезінде (ойлау жұмысын істегенде, шаршағанда, ауасы тар бөлмеде 
және тағы басқалар) шағымдары пайда болады. 
2.
 
Ми және жұлын-ми қанайналымының созылмалы түрде баяу 
үдейтін бұзылыстары
. Оларға дисциркуляцияланған энце–фалопатиялар 
(ДЭ), миелопатиялар жатады. ДЭ-ның этиологиясында атеросклероз бен 
ілкі артериялық гипертензиялар, сонымен бірге, диабеттік церебралық 
ангиопатиялар, жүрекке қатысты патологиялар, қан жүйесінің аурулары, 
жүйелік васкулиттер маңызды орын алады. Мидың функциясы 
бұзылуының күшеюімен, жарыместікке, паркинсонизм синдромы, 
инсульттер, ақыл-парасаттың кемуі мен естің бұзылуына дейін әкелетін 
мидағы диффузияланған ұсақ ошақты өзгерістердің пайда болуымен 
сипатталады. 
ДЭ-ның 
патогенезі 
дисциркуляцияның 
қайтамалы 
көріністерімен байқалатын мидағы қанайналымның жеткіліксіздігімен іске 
асырылады. Қантамырлар қабырғасындағы патологиялық өзгерістердің 


23 
нәтижесінде мидағы қанайналымның реттелуі бұзылады. Оның жүйелі 
гемодинамиканың жағдайына тәуеділігі күшейеді. Сонымен бірге, 
артериялық гипертензия және атеросклероздың нәтижесінде мидағы 
қанайналымның реттелуі бұзылады. Ми ішіндегі ұсақ артериялардың 
бүлінуі ми затының ілкі және салдарлық (екіншілкі) өзгерістерін 
туындатады. Мидың ақ затынан өтетін нервілік тармақтардың бүлінуі 
қыртысты және қыртысасты құрылымдардың функциялары арасындағы 
қарым-қатынастарды үзіп, аурудың клиникалық белгілерінің пайда 
болуына себепші болады. Гипоксия ДЭ-ның дамуындағы ең басты 
патогенездік факторы болып саналады. Гипоксия – ауыру-кондуктордың 
ажырамайтын құрамбөлігі ретінде саналады және ми қанайналымын 
реттейтін механизмдердің бұзылуына әкеледі. 
3.
 
Ми 
қанайналымының 
жіті 
бұзылуына
(МҚЖБ) 
ми 
қанайналымының өтпелі бұзылыстары (транзиторлық ишемиялық атака 
(ТИА) және гипертониялық ми кризі), ишемиялық және геморрагиялық 
инсульттер жатады. Қанайналым бұзылыстарының 2/3 бөлігі ұйқы 
артерияларының бассейнінде, ал 1/3 бөлігі вертебро-базиллярлық 
бассейнде байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет