24
Ишемиялық инсульттер
Ишемиялық инсульт (ИИ) – миға немесе
басқа да бөлімдерге қан
келуінің қиындауынан немесе мүлдем тоқтауынан ми қызметінің
бұзылуымен, ми тіні бүлінуімен сипатталатын мидағы қанайналымның
жіті бұзылысының (МҚЖБ) ең жиі кездесетін түрі.
Ишемиялық инсульт
ми инфарктын туындатады. Бұл көбінесе, ұйықтап жатқанда немесе
ұйықтап тұрғаннан кейін жылдам дамиды.
Ишемиялық инсульт кезінде жалпы милық
әйгіленімдерден ошақты
түрі басым болады. Сонымен бірге, белгілі бір тамырдың бассейнімен
ошақты әйгіленімдердің тығыз байланыста болуы тән.
Ишемиялық инсульттердің қауіп-қатер факторлары
Ишемиялық инсульттердің қауіп-қатер факторлары келесі 2 топқа
бөлінеді: 1) модификацияланған (түрлендіруші) факторлар немесе
потенциалды, яғни, оларға ықпал ететін
және бақылайтын факторлар; 2)
модификацияланбаған, яғни, ықпал ете алмайтын, бірақ оларды есепке
алатын факторлар.
9-сурет. Инсульттердің негізгі түрлері
(С.К.
Евтушенко Кардиологиялық
инсультті клиникалық үлгілеудегі кардионеврология мен нейрокардиологияның
өзара
қарым-қатынастары
//Халықаралық
неврологиялық
журнал
-
2010, № 6).
Достарыңызбен бөлісу: