Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Эпилепсиялық жүйелердің құрылуы



Pdf көрінісі
бет65/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
2. Эпилепсиялық жүйелердің құрылуы. 
Аурудың өршуі мен 
эпилепсиялық процесстің таралуына қарай мидың барлық бөлімдерінде 
эпилепсиялық жүйелер құрылады. Осы жүйелерге: белсендірілген 
эпилепсиялық ошақ, разрядтарды генерализациялаудың ассоциациялық 
және комиссуралық жолдары, диэнцефалдық-бағаналық белсендіруші 
жүйелер, ми бағанасының телімсіз құрылымдары жатады. Сонымен, 
детерминанттық құрылымдардың сипаты бар эпилепсиялық фокус 
патологиялық жүйелердің құрылуын күшейтеді. Бұл екіншілкі, 
үшіншілкі... эпилепсиялық ошақтардың пайда болуына әкеледі және 
мидың барлық бөлімдеріндегі нейрондардың ақпараттық функциясын 
өзгертіп отырады. 
Эпилепсияланған ошақтан эпилепсиялық белсенділік келесі жолдар 
арқылы таралады: 
1) Қоздырушы әсері бар заттектердің диффузиясы (мысалы, глутамат). 
2) Көрші жатқан жерлерге эпилепсиялық разрядтарды өткізу:

патологиялық үдеріске көлбеу жолмен қосылуы, яғни, белсенудің 
басқа жолдарының да маңызы болса да ең алдымен, ми қыртысының 
интернейрондарының қатысуы; проекциялық сенсомоторлық қыртыста 
эпилепсияланған ошақ пайда болған кезде эпилепсиялық жүйе құрылады; 

таламусқа және басқа да генерализацияланған субкортикальдық 
және бағаналық құрылымдарға ілкі қыртысты ошақтан эпилепсиялық 


70 
белсенділкің тікелей таралуы. Сонынан ми қыртысының үлкен бөлімдеріне 
де таралады; 

көлденең таралуы – комиссуралық жолдар арқылы мидың бір 
жартышарынан келесі жартышарына өтуі. 
3) Синапстық емес (эфаптикалық) әрекеттесу. Калий мен кальций 
иондарының жасушадан тыс мөлшерінің өзгеруі немесе саңылаулық 
байланыстар 
арқылы 
электротонустық 
әсерлерден 
нейрондар
гиперсинхронизациялануы. 
Бұл сатысы эпилепсиялық ұстамалардың қайта дамуын туындататын 
антиэпилепсиялық 
жүйелердің 
жеткіліксіздігімен 
сипатталады. 
Нәтижесінде функциялық қайта құрылулар: ми потенциалының тұрақты 
деңгейінің өзгеруі, нейрондар мембранасының шамадан тыс қызмет 
атқаруы, нейрондардың синапстық байланыстары мен ақпараттық 
қызметінің өзгерістері дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет