Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


–сурет. Мидағы өзгерістер – эпилепсиялық зақымданудың негіздері



Pdf көрінісі
бет64/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
23–сурет. Мидағы өзгерістер – эпилепсиялық зақымданудың негіздері
 
(SpenserS.S.Epilepsia.– 1998) 
Организмнің қорғаныс және орын толтыру процесстерінің белсенуі 
кезінде эпилепсияланған ошақ бәсеңсиді және белсенді емес күйде болады. 
Бұл кезде эпилепсияның клиникалық көріністері көптеген жылдар бойы, 
кейде өмір бойы байқалмауы мүмкін. Осындай өзгерістер эпилепсияның 
даму кезеңінде эпилепсияланған ошақтың құрылуы ғана емес, сонымен 
бірге, сыртқы эпилепсиялық тітіркендіргіш пен құрысулық/пароксизмалық 
табалдырықтың жоғарылауы да өз бетінше маңызды орынды алатынын 
көрсетеді. 
Пароксизмалық дайындық 
(тұқымқуалаудан дамыған, туа біткен 
немесе жүре пайда болған) нерв жасушаларының қозу табалдырығымен 
анықталады. Нерв жасушаларының қозу табалдырығы неғұрлым төмен 
болса, олардың пароксизмалық дайындығы соғұрлым жоғары болады және 
эпилепсиялық ұстамалар жеңіл түрде дамиды. Керісінше, нерв 
жасушаларының қозу табалдырығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым 
құрысулық дайындық аз болады және талмалардың туындауы қиындайды. 
Нерв жасушаларының қозу табалдырығы пароксизмалық дайындық 
сияқты организмнің жағдайына, сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты 
тұрақты түрде ауытқып отырады. Мысалы, көбінесе жасөспірімдердің 
эпилепсиямен ауыратынын келесі ерекшеліктермен түсіндіруге болады: 
жыныстық жетілген кезеңде организмде эндокринді және нервтік–
1-ші 
категория
2-ші 
категория 
ний 
3-ші 
категория
Макродеңгейлік Микродеңгейлік Қызметтік деңгей


69 
психикалық қайта құрылуымен, жүктілік кезінде аурудың алғашқы 
белгілері – нерв жасушаларының қозу табалдырығы азайғанда организмнің 
функциялық жағдайының өзгеріп, құрысулық дайындық жоғарылайды 
және жасырын жағдайдағы эпилепсияланған ошақ белсендіріледі. Мидың 
құрысулық дайындығының күштілігі соншалықты, қысқа уақыттың ішінде 
адамның естен тануына және эпилепсиялық белсенділігі бар ошақтың 
жойылуына әкеледі. Осы жағдайда абсанстың туындауы мүмкін. Және, 
керісінше, құрысулық дайындықтың болмауы мүмкін, өте күшті 
эпилепсиялық белсенділігі бар эпилепсияланған ошақтың өзінде есті 
жоғалтпайтын парциялдық талмалар туындайды.
Сыртқы және ішкі эпилепсиялық тітіркендіргіштер 
рефлекстік 
эпилепсия ұстамаларының дамуында маңызды рөл атқарады. Сыртқы 
тітіркендіргіштер арқылы дамитын ұстамалар түрлі анализаторларға әсер 
етуі мүмкін. Мысалы, көптеген науқастарда туындайтын ұстамалардың 
даму механизмінде көру тітіркендіргіштері (күн сәулесі немесе жарықтың 
жыпылықтауы), кейбір науқастарда – есту тітіркендіргіштері (шу, қатты 
музыка, дыбыстық тітіркендіргіштердің кенеттен әсер етуі, күннің 
күркіреуі) немесе ұстамалардың дамуын күшейтетін иістер маңызды рөл 
атқарады. Сонымен қатар, сергектенуден ұйқыға, ұйқыдан сергектенуге 
ауысатын өтпелі кезеңдер де ұстамалардың дамуына қолайлы жағдай 
жасайды. Миоклонустық селкілдеу (бұлшық еттің немесе оның бір 
бөлігінің жылдам тартылып-тартылып кететін гиперкинез түрі) ұйықтаған 
кезде жиі байқалады. Бұл кезде кең жайылған эпилепсиялық ұстамалар 
ұйқыдан ояну кезінде («ояну эпилепсиясы») жиі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет