Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет66/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
Есте са
қтаңыздар
! 1.
Эпилепсиялық зақымдану мен нейрондардың 
жергілкі эпилепсиялануы эпилепсияны толығымен қалыптастырмайды. 
Эпилепсияның дамуында тұқымқуалайтын, туа біткен немесе жүре пайда 
болған 
құрысулық/пароксизмалық 
дайындық 
пен 
сыртқы 
тітіркендіргіштер маңызды рөл атқарады. Осы үш фактордың өзара 
жанасуы жүйелік болып саналады. 
2.
Эпилепсия кезінде туындайтын 
құрысулық синдромның әмбебап механизмінің дамуында патологиялық 
күшейлген қозу генераторы басты орынды алады. 
 
Ілкі және екіншілкі (салдарлық) эпилепсияланған ошақтардың 
құрылуы мен олардың дамуында келесі факторлар маңызды рөл атқарады. 

Нейрондардың гипоэргозы. 
Деполяризация мен мембрана 
тұрақтылығының ауытқуын туындататын факторлар, яғни нейрондарды 
эпилепсияға ұшырататын жасуша ішіндегі және жасушадан тыс 
иондардың тасымалдануының бұзылуы АТФ-тың тапшылығына әкеледі. 
Сонымен қатар, бос радикалдардың тым артық жиналуынан дамитын 
энергиялық процесстердің бұзылуы нейрондардан глутаматтың босауын 
әсерлендіріп, тотығулық стрессті туындатады. Эпилепсияланған ошақтағы 
нейрондарда ксантиноксидаза ферментінің белсенуі ЛАТ өнімдерінің 
түзілуін күшейтеді. Осының нәтижесінде глутаматты рецепторлардың 
зақымдануына әкелетін мембраналардың деполяризациялану үдерісі 
белсендіріледі. Құрысулық ұстамалардың туындауы кезінде ми тінінде 
глюкоза қорының азаюы және сүт қышқылдарының жиналуы маңызды. 
Өйткені, олар гипоксияның күшеюіне және фосфатты қосылыстардың 
мөлшерінің азаюына ықпал ететін ацидоздық жағдайларды дамытады. 
Сонымен, жоғарыда аталған өзгерістер эпилепсияның патогенезінде 
тұйыққа тірелу шеңберін құрайды. 

Мидағы тежеуші және қозуды өткізетін медиаторлардың 
функциясының бұзылыстары. 
Эпилепсия кезінде қозуды өткізетін 


71 
нейромедиаторлық жүйелердің (холин-, глутамат- және аспартатергиялық) 
белсенуі және тежеуші жүйелердің (ГАМҚ- және глицинергиялық) 
бәсеңдеуі байқалады.
Ацетилхолин – мидың түрлі бөлімдеріне импульстердің жіберілуіне 
қатысатын 
орталық 
нерв 
жүйесіндегі 
медиаторлардың 
бірі. 
Ацетилхолиннің аз ғана мөлшері нервтік қозуды физиологиялық түрде 
өткізеді, ал оның мөлшері көбейгенде синапстар аумағында тұрақты
деполяризацияны туындатып, қозуды өткізу жолдарын бөгейді. Құрысулар 
кезінде бос ацетилхолиннің мөлшері артады. Сонымен бірге, глутамин 
қышқылының өнімі саналатын L–глутаматтың мөлшері көбейеді. L–
глутаматтың нейрондарды айқын белсендіретін қасиеті бар. Глутаматтың 
спецификалық 
нейрондардың 
рецепторларымен 
әрекеттесуі 
нерв 
жасушаларының қозуын туындатады. Бұл кезде мидағы глутамат 
мөлшерінің көбеюі ұстаманың преконвульсивті фазасында байқалады, ал 
эпилепсияланған ошақта оның мөлшерінің азаюы анықталған. Бұл 
«глутаматтың азаюы» теориясымен түсіндіріледі: экстрацеллюлярлық 
кеңістікке глутаматтың өту жылдамдығы артады, содан кейін оның 
жылдам метаболизациялануы байқалады. Сонымен қатар, осы гипотезаны 
эпилепсияланған ошақта ОНЖ негізгі тежеуші медиаторы – гамма–
аминомай қышқылы (ГАМҚ) мен глутамин қышқылының өнімі 
глутаматтың мөлшерінің азаюымен түсіндіруге болады. Ми тінінде ГАМК-
ергиялық терминалдар ең көп кездеседі. ГАМҚ-ын орталық бөлімге 
енгізген кезде құрысулық дайындықтың азаюы байқалады. Сонымен қатар, 
ГЭТ арқылы өтетін оған ұқсас заттектерді шеткі бөлімдеріне енгізген кезде 
де құрысулық дайындық азаяды. ГАМҚ-ның ыдырауын тежейтін, оның 
түзілуі 
мен 
кері 
қармап 
алуын 
әсерлендіретін 
синтетикалық 
қосылыстардың ГАМҚ-на ұқсас қасиеті бар.
Глутаматергиялық жүйелерді белсендіретін және ГАМҚ-ергиялық
нейромедиацияның тежелуін туындататын себептеріне: глутаматтың 
түзілуі мен оның босауының шамадан тыс көбеюі, ГАМҚ-ның түзілуі мен 
синапстық саңылауға шығуының азаюы, глутаматтық және ГАМҚ- 
рецепторларының зақымдануы, NMDA–глутаматты емес рецепторларға
аутоантиденелердің түзілуі және т.б. жатады. Осы процесстер 
нейрондардың мембранасында Na+ мен Ca2+ иондарына шамадан тыс 
иондық каналдарды ашады, ал К+ мен Cl+ иондарына ашылған иондық 
каналдардың санын азайтады. Бұл трансмембраналық потенциалдың 
деполяризациясын туындатады, ал нейрондардың өздері спонтанды
пароксизмалық деполяризацияланған ығысуға бейім болады. Сонымен 
қатар, оларда басқа нейрондардың разрядтарына сезімталдығы 
жоғарылайды. 
Нейрохимиялық 
тұрғыда 
қарастыратын 
болсақ, 
дәл 
осы
глутаматергиялық және ГАМК-ергиялық нейромедиация арасындағы 
үйлесімділкің бұзылуының белсенуі басым болып, эпилепсияланған 
ошақтың құрылуына және жайылымды эпилепсиялық белсенділкің 
дамуында бірінші реттік маңыздылығын көрсетеді. 


72 
Бірақ, тек глутаматергиялық жүйелердің немесе олардың ГАМК-
ергиялық жүйелермен үйлесімділігінің бұзылуымен ғана эпилепсияның 
патогенезін түсіндіру қате болар еді. Осыған байланысты келесі 
өзгерістерді мысалы ретінде келтіруге болады: 1) опиоидты-пептид мет–
энкефалиннің көп мөлшерін мидың кейбір бөліктеріне, опиоидтарға тән 
ауырсынуды басатын әсері бар аумақтардан тыс жерлерге жабыстырған 
кезде құрысулырды туындатады; 2) мидағы биогенді аминдердің (дофамин 
мен 
норадреналиннің 
тапшылығы) 
мөлшерінің 
азаюы 
мен
серотонинергиялық берілістің тежелуі құрысуды туындататын әсерлерге 
мидың сезімталдығын жоғарылатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет