Қазақстан республикасы дін істері агенттігі



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата07.02.2017
өлшемі1,75 Mb.
#3606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

  
«Қазақстан
-
2050» Стратегиясы қалыптасқан 
мемлекеттің
 
жаңа саяси бағыты»
 
атты Қазақстан 
халқына Жолдауы. 2012
 
ж.14
 
желтоқсан)
 
 
2050  жылы  Қазақстанның
 
жұдырықтай  жұмылған 
біртұтас  халық

үлгілі  ұлттық
 
мемлекет  болатынына  мен 
сенімдімін.
 
Қоғамдық
 
келісім  біртұтас  полиэтностық
 
халық

мемлекет  пен  азаматтық
 
қоғам  институттары,  саяси 
партиялар,  діни  конфессиялар  өмірінің
 
басты  ерекшелігі 
болуы тиіс.
 
Қазіргі  заманғы  қазақтар,  ата
-
баба  дәстүрлерін  ұстана 
отырып,  бірліктің,  толеранттылық
 
пен  патриотизмнің

мемлекет  пен  қоғамға  қалтқысыз  қызмет  етудің
 
үлгісін 
көрсетуі тиіс.
 
Толеранттылық
 
біздің
 
ұлттық
 
құндылығымыз  және 
Қазақстан  халқының
 
игілігі  болып  табылады.  Ол  көп 
ғасырлық
 
дәстүр  мен  қазақ
 
халқының
 
мәдени  үлгісіне 
негізделген.
 

69 
 
Қазақтардың
 
ұлттық
 
тарихы,  олардың
 
этногенезі 
мыңдаған  жылдарға  созылған  бірегей  ажырамайтын  үдеріс 
ретінде қарастырылуы тиіс.
 
Біздің
 
тарихи  таңдауымыз  –
 
зайырлы  мемлекет  пен 
қоғам.
 
Бірақ
 
зайырлы  деген  атеистік  дегенді  білдірмейді.
 
Зайырлы  дегеніміз  –
 
ілгерішіл,  бейбіт  сүйгіш,  толерантты,
 
ашық
 
қоғам.
 
Біз  дәстүрлі  діндерді  қолдаймыз,  бірақ
 
кез
-
келген 
экстремизмді  үзілді
-
кесілді  теріске  шығарамыз.
 
Жастарды 
біздер  үшін  бөгде  радикалды  діни  ағымдардан  қорғау 
қажеттігіне  менің
 
сенімім  мол.
 
Біздің
 
Ұлы  Дала  мыңдаған 
жылдар  бойы  толерантты,  яғни  тағатты  болды.Сонымен 
бірге  мен  толеранттылықтың,  кейбіреулер  ойлайтындай, 
ойыңа  келгенді  істеу  емес  екенін  де  атап  көрсеткім  келеді.
 
Толеранттылық
 

 
өзіміз  нығайтып,  сақтайтын  және  бүкіл 
ұрпақты  тәрбиелейтін  біздің
 
қоғамымыздың
 
парасаттылық
 
қалыбы.
 
(
ҚР Президенті
 
Н.Ә

Назарбаевтың
  
Қазақстан халқы ассамблеясының
 
XX сессиясында 
сөйлеген сөзі, 24 сәуір 2013ж.)
 
 
 
«Ислам  және  Провославия  діндері  біздің
 
рухани 
негізіміз болып табылады».
 
(
ҚР Президенті
 
Н.Ә

Назарбаевтың
  
Успенсктік кафедралдық
 
соборда Пасха күнінде 
сөйлеген сөзі, Астана қаласы, 2013
 
ж. 5 мамыр)
 
 
Біздің
 
Астанамызға Қазақстанның
 
бүгінгі таңдағы рухани 
орталығы болуды тағдырдың
 
өзі жазған.
 
Мен  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының
 
съезін  өткізу  идеясын  осы  жерде  туып  және  осы  жерде 
жүзеге  асырылғандығын  кездейсоқтық
 
емес  деп  санаймын. 
Әртүрлі 
діндердің
 
рухани 
көшбасшылары 
мен 
жетекшілерінің
 
әрбір үш жыл сайын басын қосып отыратын 
бұдан  басқа  елорда  бүгінгі  әлемде  жоқ.  Олардың
 
Қазақстанға  бейбітшілік  және  өркендеу  тілеген  батасымен 
осымен  төртінші  рет  Астананың
 
қасиетті  топырағы  мен 
ауасы дәріптелді.
 
Астанада мұсылман әлемінің
 
беделді имамдары мен дін 
сөзін  ұстаушылары  бірнеше  рет  болды.  Мәскеу  және  Бүкіл 

70 
 
Ресей  Патриархы  Кирилл  біздің
 
астанамызға  екі  рет  келді. 
Біз Рим Католик шіркеуінің
 
понтифигі Иоанн Павел Екіншіні, 
Константинополь Патриархы Варфоломейді, Армян апостол 
шіркеуінің
 
католикосы  Гарегин  Екіншіні,  сонымен  бірге, 
басқа 
да 
көптеген 
конфессиялардың
 
өкілдерін 
қонақжайлылықпен қабылдадық

Астанада  аз  уақыттың
 
ішінде  –
 
«Нұр  Астана»  және 
«Әзірет 
Сұлтан» 
мешіттері, 
православиелік 
Успен 
Кафедралдық
 
Соборы, католиктік Құдай Ананың
 
Тынбайтын 
Көмек  Соборы,  «Бейт  Рахель  –
 
Хаббад  Любавич» 
синагогасы сияқты тамаша діни
-
рухани нысандар салынып, 
жұмыс істеп тұр.
 
Менің
 
бастамаммен 
Астанада 
бүгінде 
бүкіл 
қазақстандықтар  үшін  нағыз  архитектура  киесіне  айналған 
біздің
 
халқымыздың
 
бірлігінің
 
тұғыры  ретіндегі  Бейбітшілік 
және келісім сарайы салынды.
 
(
ҚР Президенті
 
Н.Ә

Назарбаевтың
  
Астана –
 
Қазақстанның
 
ұлы дәуірі және 
стратегиялық
 
векторы мақаласынан, 2013
 
ж.7 шілде)
 
 
Егеменді 
дамудың
 
22 
жылында 
барша 
қазақстандықтарды  біріктіретін,  ел  болашағының
 
іргетасын 
қалаған  басты  құндылықтар  жасалды.
 
Олар  көктен  түскен 
жоқ. Бұл құндылықтар –
 
уақыт сынынан өткен Қазақстандық
 
жол тәжірибесі.
 
Біріншіден,  бұл  –
 
Қазақстанның
 
тәуелсіздігі  және 
Астанасы.
  
Екіншіден,  бұл  –
 
қоғамымыздағы  ұлттық
 
бірлік, 
бейбітшілік пен келісім.
  
Үшіншіден, бұл –
 
зайырлы қоғам және жоғары руханият.
  
Төртіншіден, 
бұл 

 
индустрияландыру 
мен 
инновацияларға негізделген экономикалық
 
өсім.
  
Бесіншіден, бұл –
 
Жалпыға Ортақ
 
Еңбек Қоғамы.
  
Алтыншыдан,  бұл  –
 
тарихтың,  мәдениет  пен  тілдің
 
ортақтығы. 
 
Жетіншіден,  бұл  –
 
еліміздің
 
ұлттық
 
қауіпсіздігі  және 
бүкіләлемдік,  өңірлік  мәселелерді  шешуге  жаһандық
 
тұрғыдан қатысуы.
  
Осы  құндылықтар  арқасында  біз  әрдайым  жеңіске 
жеттік,  елімізді  нығайттық

ұлы  жетістіктерімізді  еселедік.
 

71 
 
Жаңа  Қазақстандық
 
Патриотизмнің
 
идеялық
 
негізі  осы 
мемлекет құраушы, жалпыұлттық
 
құндылықтарда жатыр.
 
(
ҚР Президенті
 
Н.Ә

Назарбаевтың
  
Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы –
 2050: 
Бір мақсат, бір мүдде,
 
бір болашақ»
 2014 
ж.18 қаңтар)
 
 
 
Мемлекеттің
 
зайырлылығы  Қазақстанда  бар  барлық
 
діндердің
 
ұлы  рухани  мұраларына  құрмет  көрсетуден, 
әркімнің
 
таңдау 
еркіндігінен 
арқаулық
 
табады. 
Конфессияаралық
 
толеранттылықтың
 
мұндай  ахуалы,  сірә

әлемде  еш  жерде  жоқ.  Сонымен  бірге,  біздің
 
еліміз 
зайырлы және дін мемлекеттен бөлінген. Біз сондай
-
ақ
 
діни 
ұрандар  ұстанған  экстремизмді,  діни  ілімдерді  сырттан 
саясиландыруға  деген  талпыныстарды,  біздің
 
халқымызға 
біз  үшін  бөгде  діни  көзқарастар  мен  идеяларды  күштеп 
таңуды барынша теріске шығарамыз.
 
Бүгінде  біздің
 
бірлігіміз  –
 
ол  жаңа  2050  Стратегиясын 
жүзеге 
асырудың
 
шешуші 
факторы. 
Ең
 
дамыған 
мемлекеттердің
  30-
на  ену  –
 
ол  біздің
 
мақсатымыз  және 
барлық
 
қазақстандықтардың
 
ортақ
 
тағдыры.  Стратегияда 
біздің
 
ұлы  көпэтносты  халқымыздың
 
даналығы  көрініс 
тапқан.  Ол  біздің
 
бітімнің,  рухани  келісімнің
 
айрықша 
мәдениетінің
 
жоғары қағидаттарынан арқаулық
 
табады.
 
(
ҚР Президенті
 
Н.Ә

Назарбаевтың
  
Қазақстан халқы Ассамблеясының
 
XXI сессиясында 
сөйлеген сөзі. 18 сәуір
 2014 
ж.)
 
 
«Әрбір  қазақ
 
бір
-
біріне  деген  төзімділік  пен  құрметті 
берік сақтау керек». 
 
(
ҚР Президенті
 
Н.Ә

Назарбаевтың
  
Қасиетті
-
Вознесенски кафедралді соборында 
сөйлеген сөзі. Алматы қаласы, 20 сәуір 2014
 
ж.)
 
 
 
 

72 
 
Қосымша 1
 
 
ГЛОССАРИЙ
 
__________________________________________________ 
 
Аббат
 
(арамей  тіл.  –
 
«әке»
) 

 
католик  монастырының
 
басшысы.
 
Аватара
 
(индуизм  мен  буддизмде)  –
 
құдайдың
 
түрлі 
адамдар, батырлар кейпінде болуы. 
 
Авеста–зороастризмдегі киелі канондық
 
мәтіндер жинағы.
 
Автокефалия
 
(грек.  тіл.  –
 
«бас»


 
өзін
-
өзі  басқару, 
православ шіркеулерінің
 
тәуелсіздігі. Бүгінгі таңда православие 
шіркеуінің
 
он бес автокефалиялық
 
шіркеуі танылған.
 
Адат
 
(араб  тіл.

«әдет
-
ғұрып»
) 

 
исламды  қабылдаған 
халықтардың
 
дәстүрлі  наным
-
сенімі,  құқығы.  Тәжірибеде  адат 
нормаларын 
қолдану 
шариғатпен 
тығыз 
байланысты. 
Шариғатта  Құран  аяттары  мен  пайғамбар  хадистеріне  теріс 
келмейтін  жергілікті  халықтың
 
әдет
-
ғұрыптарын  шариғатқа 
сіңдіріп, қабыл етіледі.
 
Адвентизм
 
(лат.тіл.  –
 
«келу»


 
1831  ж.  Америкада 
Виллиам  Миллер  құрған  протестант  сенімі.  Бұл  ағым  Исаның
 
қайта тірілуі туралы сенім негізінде құрылған.
 
Адепт
 

 
белгілі  ілімнің
 
(оның
 
ішінде  дін  саласында) 
ізбасары, жақтаушысы.
 
Азан
 
(араб  тіл.  
 
«хабар  беру»,  «білдіру»
) 

 
арнайы 
сөздермен  намаз  уақытының
 
кіргенін  білдіру  және  намазға 
шақыру. 
 
Ақида
 
(араб  тіл.  –
 
«байланыстыру»


 
етістігінен  шығады 
және  сенім
-
наным,  дүниетаным,  идеология  мағыналарын 
білдіреді.  «Ақида»  сөзінің
 
шариғаттық
 
түсінігі  адамның
 
ұстанатын  дүниетанымына  байланысты.  «Ақида»  ұғымы  сенім 
жүйесі  ретінде  қолданылуымен  бірге,  белгілі  бір  мәзһабтың
 
немесе бір мәзһабты құрған имамның
 
иман негіздеріне қатысты 
айтқан пікірлері мен түсінігін білдіру үшін де қолданылады.
 
Анимизм
 
(лат.  тіл.  –
 
«рух»,  «жан»
) 

 
рухтар  мен 
жандардың
 
бар болуына сену. Бүкіл табиғаттың
 
жаны бар деп 
есептеу.
 
Антропоморфизм
 
(грек  тіл.  –
 
«адам»  және  «түр»


 
адамға  тән  қадір
-
қасиеттерді  табиғаттағы  нәрселер  мен 
құбылыстарға,  жануарларға  да  тән  деп  қарау.  Құдайды  адам 
бейнесінде елестету.
 

73 
 
Апостол
 
(грек  тіл.  –
 
«елші»)
 

 
Жаңа  өсиетте  осылай 
дүниежүзінің
 
барлық
 
жақтарына  Евангелиені  уағыздап 
таратқан  Иса  Мәсіхтің
 
(Иисус  Христос)  ең
 
жақын  шәкірттерін 
атайды.  «Апостол»  деп  жұртқа  тарату  үшін  Құдайдан  жарлық
 
алғандарды  осылай  атайды.  Сонымен  қатар  Апостолдар  деп 
Иисустың
 
12 шәкіртін де атайды.
 
Апостолдық
 
мұрагерлік
 

 
үздіксіз  мұрагерлік.  Қандай  да 
бір  апостолдың
   
мұрагері  ретінде  епископ  лауазымына 
тағайындау.
 
Араньяктар
 
(санскрит  тіл.  –
 
«Орман  кітаптары»


 
тақуа 
жандардың
 
мінез
-
құлық
 
ережелері  сипатталған  индуизм 
мәтіндері.
 
Архат
 
(санскрит  тіл.  –
 
«лайықты»


 
буддизмде  рухани 
жетілу жолымен жүріп, оның
 
биік сатысына жете білген адам.
 
Архидиакон (грек тіл.–
 
«бас», «жетекші қызметкер», «бас 
диакон»)
 

 
монахтық
 
өмірді  таңдаған  дін  қызметкерлері 
қатарына  кіретін,  диаконның
 
өкілетті  дәрежесі.  Диакондар 
арасындағы  үлкені.  Архидиакон  атағын  шіркеуде  ұзақ
 
жылдар 
бойы мойымай атқарған қызметі үшін береді.
 
Архиепископ
 (
грек  тіл.  «үлкен  қараушы»)
 

 
христиан 
шіркеулік  иерархиясындағы  ең
 
жоғары  лауазымдардың
 
бірі. 
Бұл  лауазымға  бірнеше  епархиясы  бар  үлкен  облысты 
басқаратын  немесе  Шіркеу  алдындағы  жеке  жетістіктері  бар 
епископ ие болады. 
 
Архиерейство/епископат
 
(грек 
тіл. 

 
«бақылаушы», 
«қараушы») –
 
христиан дүниетанымында қасиеттіліктің
 
жоғарғы 
сатысы  және  осы  дәрежеде  тұрған  Патриарх,  митрополит, 
архиепископ  және епископ секілді барлық
 
дін қызметкерлерінің
 
жалпы атауы. Православие шіркеуінде тек қана монахтық
 
өмірді 
таңдаған дін қызметкерлеріне қатысты айтылады.
 
Архимандрит
 
(грек  тіл.–«басты»,  «үлкен»)  монахтық
 
шен

Қазіргі таңда протоиерей және протопресвитерге сай, монахтық
 
өмірдегі  дін  қызметкерлеріне  берілетін  жоғарғы  марапат. 
Монастырлардың
 
басшысы. 
 
Атеизм
 
(грек  тіл.  –
 
«құдайларды  жоққа  шығару», 
«құдайсыздық»)
 

 
құдайдың
 
барын  және  жанның
 
өлмейтіндігі 
туралы діни идеяларды жоққа шығарушы көзқарастар жүйесі.
 
Ашрам
 
(санскрит  тіл.)  –
 
ежелгі  Үнді  елінде  әдетте  алшақ
 
жерде  –
 
тауда  немесе  орманда  орналасқан  даналар  мен 
дуаналардың
 
қасиетті  мекені.  Қазіргі  индуизм  контексінде 
«ашрам» термині адамның
 
медитация, дұға ету, рәсімді өткізу 

74 
 
және  рухани  жаңару  үшін  келетін  рухани  немесе  діни 
қауымдастықты білдіреді.
 
Ашура
 
(екінші  атауы  «Шахсей
-
вахсей»)  –
 
шииттерде  680 
жылы Кербалада қайтыс болған имам Хусейнді еске алу күні.
 
Ашура  күні  
 
Хижра  жылының
 
алғашқы  айы  –
 
Мухаррам 
айы.  Мухаррам  айы  Құранда  келген  қасиетті  төрт  айдың
 
бірі. 
Мухаррам  айының
 
10  күнінде  мұсылмандар  нәпіл  (қосымша)  
ораза ұстайды. 
 
Аят
 
(араб тіл. –
 
«белгі», «керемет», «нышан»). Аяқталған 
ойды білдіретін Құран сүрелерінің
 
бөлігі (тараулары). Құранның
 
кішігірім құрылымдық
 
бөлшегі.
 
Әлемдік  діндер
 

 
әр  түрлі  елдер  мен  континенттер 
халықтарының
 
арасында    таралып  кеткен  үш  дінді  атайды: 
буддизм,  христиан  және  ислам.  Адамдар  арасындағы  діни 
наным
-
сенім 
байланыстары 
этникалық
 
және 
саяси 
байланыстармен  сәйкесетін  ұлттық
 
және  ұлттық
-
мемлекеттік 
діндерге  (индуизм,  конфуциандық,  синтоизм,  иудаизм) 
қарағанда әлемдік діндер жалпыға ортақ
 
сенімі бар адамдарды 
олардың
 
этникалық,  тіл  және  саяси  байланыстарына  тәуелсіз 
еркін біріктіреді.
 
Әлемдік  Жиындар
 

 
христиан  шіркеулері  жоғары  дін 
қызметкерлерінің
 
жиналысы,  оның
 
барысында  ғибадаттық
 
және  діни  ілім  жүйесі  жетілдіріліп,  бекітілетін,  канондық
 
нормалар мен құдайға сыйыну ережелері құрастырылатын.
 
Әулие  
 
әділ  өмір  мен  сенімге  берік  құлшылығы,  ізгілігі, 
Құдай  мен  адамдар  арасындағы  байланыстырушы  іс
-
әрекеті 
үшін әр түрлі діндерде аса құрметке ие болған тұлға.
 
Әурет
 
(араб  тіл  –
 
«әлсіз  қорғалмаған  жер»,  «жыныс 
мүшелері»


 
шариғат бойынша қарауы харам, жабылуы парыз 
болған  адам  денесінің
 
ұятты  жерлері.  Әуреттің
 
мөлшері,  әйел 
кісілерде,  қолдың
 
білезігі  мен  аяқтың
 
тобығына  дейін.  Ер 
кісілерде, кіндік пен тізенің
 
арасы.  
 
Баптизм
 
(грек  тіл.  –
 
«шоқындыру»


  XVII 
ғ.  басында 
Англияда  қалыптасқан  протестанттық
 
ағымының
 
бір  бағыты. 
Басында  қауымдастық
 
мүшелері  «ағайындылар»  деп  аталып, 
кейін «баптистер» немесе «шоқындыратындар» деген атауға ие 
болды. Оның
 
себебі олар шоқынуды адамдардың
 
зерделі жасқа 
жеткен  кезінде  саналы  түрде  жасауы  керек  деген  тұжырымды 
ұстанатынында.
 
Бахаизм  –Баха
-
уллахтың
 
(толық
 
аты 

Мырза  Хусейн  Али 
Нури,  лақап  аты  –
 
Баха
-
улла  –
 
«Аллах  жарқылы»
  (1817-1892 
жж.)  синкреттік  (әр  түрлі  діндердің
 
кейбір  элементтерінен 

75 
 
құралған)  діни  ілім  болып  табылады.  Бахаи  ілімінің
 
басты 
тақырыптары  –
 
Құдайдың
 
бірлігі,  діндер  бірлігі  мен  адамзат 
бірлігі болып табылады.
 
Бидғат
 
(араб тіл. «бид'а» –
 
«жаңалық
 
енгізу», «жаңалық»
) 

 
исламда  дінге  енгізілген  жаңалық
 
деген  мағына  береді. 
Исламның
 
алғашқы  дәуірінде  болмаған,  Мұхаммед  пайғамбар 
мен  сахабалардың
 
дәуірінен  кейін  ислам  дініне  енгізілген 
жаңалықтар.  Бидғат  екі  түрге  бөлінеді  –
 
бидғатус
-
саийя, 
бидғатул
-
хасана, қазақшасы жаман бидғат пен жақсы бидғат.
 
Бодхисаттва
 
(санскрит  тіл.  –
 
«санасы  оянған  тіршілік 
иесі»


 
өзін
-
өзі тәрбиелеу, жетілдіру арқылы будда дәрежесіне 
жетуді  көздеген  адам.  Ежелден  бері  бұл  жолды  мақсат  еткен 
көптеген  бодхисаттар,  бүгінгі  таңда  буддизмнің
 
құрметке 
бөленген әулие адамдары болып саналады.
 
Брахмандар
 
(санскрит 
тіл.) 

 
индуизмдегі 
жоғары 
варнаның
 
өкілдері, дінбасылар, абыздар.
 
Веда
 
(санскрит  тіл.  –
 
«білім»,  «ілім»


 
брахманизм  мен 
индуизмде киелілігі мойындалған көне мәтіндер.
 
Викарий
 
(латын  тіл.  «орынбасар»


 
Католик  Шіркеуіндегі 
епископтың
 
немесе  приходтық
 
священниктің
 
көмекшісі. 
Православиеде епископ мәртебесінде ғана орынбасар болатын 
дін қызметкерін викарий деп атайды.
 
Галаха
 
(иврит тіл. –
 
«жүру», «мінез
-
құлық»


 
яхудей өмірін 
бүкіл саласында реттейтін, яхудейлердің
 
қасиетті кітаптарында 
берілген заңдар жинағы. «Галаха бойынша өмір сүру» иудаизм 
канондарына сәйкес, дұрыс өмір сүру дегенді білдіреді.
 
Гаудия
-
вайшнавизм 
 
индуизм ішіндегі вайшнавизмнің
 
бір 
тармағы немесе бағыты болып табылатын діни дәстүр. Гаудия
-
вайшнавизмнің
 
философиясы  ең
 
алдымен  «Бхагавад
-
гита» 
және «Бхагавата
-
пурана», сондай
-
ақ
 
Упанишад секілді ведалық
 
жазбаларға  негізделген.  Діни  тәжірибесі  Кришна  мен  Радхаға, 
Құдайдың
 
еркектік  және  әйелдік  бастамалары  ретінде 
құлшылық
 
етуге негізделеді.
 
Гуру
 
(санскрит  тіл.  –
 
«лайықты»,  «ұстаз»


 
шығыс 
діндерінде оқытушы, жоғарғы рухани мәнге ие болмыс.
 
Ғибадат
 
(араб  тіл. «абд»  –
 
«құл»,  «Құдайға  құлшылық»


 
Құран  мен  Пайғамбар  Сүннетінде  бұйырылғандай  Алла 
Тағалаға  құлшылық
 
ету.  Ислам  дінінде  намаз  сияқты  Аллаға 
арналған  белгілі  құлшылықтармен  бірге  шариғатқа  қайшы 
келмейтін  әрбір  іс
-
қимылдың
 
барлық
 
түрі  құлшылық
 
қатарына 
жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет