Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі



бет2/2
Дата04.10.2024
өлшемі434,73 Kb.
#146851
1   2
Байланысты:
Мектеп оқушыларының көру қабілетінің бұзылыстарының алдын алу

Тест тапсырмалары
1. Көздің қосымша мүшелерін ата?

  1. 1.Қас, қабақ, кірпік

  2. 2.Тамырлы қабық

  3. 3.Қарашық

  4. 4.Сығырлық, қырағылық

2. Қарашық көздің қай бөлігінде орналасқан?

  1. Тор қабықта

  2. Тамырлы қабықта

  3. Қарашықта

  4. Қасаң қабықта

3. Көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер қалай аталады?

  1. Сары дақ

  2. Соқыр дақ

  3. Қарашық

  4. Қасаң қабық

4. Нұрлы қабықта қандай пигмент болады?

  1. Родопсин

  2. Меланин

  3. Хлоропласт

  4. Рецепторларберің

5. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығатын жағдайда не болады?



  1. Қырағылық

  2. Сығырлық

  3. Дальтоник

  4. Бейімделу

6. Құтышалар мен таяқшалар көздің қандай қабығында орналасқан?



  1. Тор қабықта

  2. Соқыр дақта

  3. Қарашықта

  4. Қасаң қабықта

7. Адам көзі алысты көрушілік пен көрмеушілік кезінде қандай қабатына зақым келеді?



  1. Тор қабықтағы сары даққа

  2. Тамырлы қабыққа

  3. Тор қабықтағы соқыр даққа

  4. Қасаң қабыққа

8. Қарашық қандай қабыққа жалғасады?



  1. Тор қабыққа

  2. Нұрлы қабыққа

  3. Қарашыққа

  4. Қасаң қабыққа


Қорытынды
Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%-дан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көруге байланысты тұрмыстық және еңбек дағдыларын, мінез-құлықтың белгілі бір ережелерін орындауды үйренеміз. Демек, адам үшін сыртқы дүниені тануда көру аса маңызды рөл атқарады.
Адамзаттың бүкіл өмір бойы жинақтаған тәжірибесі өнер туындыларында, кітаптарда жазылған. Көру арқылы адамдар жазуға, оқуға үйренеді. Қоршаған табиғаттағы, сәулет өнері, мүсін өнері, кескіндеме, балет, кинодағы әдемілікті көре білу тәрбиелі адамды ерекше көрсетеді.
Көз қосымша мүшелерді: қас, қабақ, кірпік, көз жасы бездері, жас өзекшесі, көзді қимылдататын бұлшық еттер, көз шарасын қорғайды. Адам көз алмасын жас сұйықтығымен ылғалдау үшін қабағын ашып -жабады. Сөйтіп, оны жылытады және көз алмасына түскен ауа қоспасын тазартады. Көз жасы безі жас сұйықтығын шығарады. Жас сұйықтығының артық мөлшері жас өзегі арқылы мұрын қуысына ағады.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9

  2. «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газеті, 10 сәуір 2012ж

  3. Медициналық биофизика мен медтехникалар бойынша лабораториялық практикум. Оқу құралы/Ү.А.Байзақ, Қ.Ж.Құдабаев. – Алматы:Эверо.2011ж-304б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет