Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет10/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Тақырып: Əлемнің ғылыми бейнесі. Əлемнің даму
Дəріс мақсаты: Əлем құрылымы мен дамуына сипаттатама беру.
Дəріс мазмұны. Ғылыми төңкеріс спецификасы. ХХ ғасыр ғылыми төңкерісі.. «Əлемнің ғылыми бейнесі» түсінігі Əлемнің кеңейтілген моделі. Əлемнің дамуы. Галактикалардың эволюиясы мен құрылысы. Жұлдыз құрылысы мен эволюциясы. Күн жүйесі мен оның пайда болуы.


Жоспар

1.Əлемнің кеңейтілген моделі.


2.Жұлдыз химиялық элемент «фабрикасы».
3.Күн жүйесінің пайда болуы.


Əлемнің кеңейтілген моделі


Егер біз түнгі аспанға көз салсақ алты мың шамасындағы жарқырап тұрған жұлдыздарды көре аламыз. 1609 ж. Галилей (1564-1642) аспанға ең алғаш өзінің телескопын бағыттау арқылы көзге көрінбейтін көптеген жұлдыздардың барын анықтады. 1875 ж. Бонн университетінің атласына жарты миллиондай шамасында жұлдыз тіркелген. Жұлдыздар мен ғарыштық денелер əлемнің тең жартысын құрайды. Əлем - формасы бойынша əртүрлі, уақыт жəне кеңістікте шексіз, өз дамуында материяның даму процесіне қатысатын тіршіліктің материалды əлемі.
Əлемнің маңызды құрылымы – галактика (жұлдыздар жүйесі). Планета жүйесі мен күн жүйесіне кіретін жұлдызды галактиканы «Құс жолы» деп атайды. Бұл біздің галактика. Құс жолы айсыз түнде жақсы көрінеді. Ол бір горизонттан басқа горизонтқа созылған тұманды массаның жиынтығы тəрізді. Телескоп арқылы «Құс жолын» қарайтын болсақ, ол бірнеше бұта тəрізді таралған спиральды жұлдызды ядродан тұрады. Бұл жұлдыздар біздің галактикаға спиральды пішін береді. Онда 200 млрд. жұлдыз бар. Оның мөлшері – 100 мың жарық жылына тең (1 жарық жылы – 9,46*1012 км.).
Галактика ортасынан 30 мың жарық жылы арақашықтығында Күн орналасқан. Ал галактиканың 150 мың жарық жылы арақашықтығында оңтүстік жарты шарда кішкене тұманды дақ тəрізді жүйе бар. Оны ең алғаш биограф жəне спутник Магеллан Пигаффет өзінің əйгілі жершарына саяхаты кезінде суреттеген. Ол жаратылыстану тарихына – Үлкен жəне Кіші Магелланды бұлт деп енгізілді. Ал біздің галактикадан 2 млн. жарық жылы арақашықтығында «Тұманды Андромед» галактикасы орналасқан. Оны 2 млн. 300 мың қашықтықта көруге болады. Біздің Галактика мен Тұманды Андромед басқа көрші жұлдызды жүйемен бірге жергілікті Галактика жүйесін құрайды. Оның құрамына 156 галактика кіреді.
Галактикалар жұлдыздың саны, жарықтығы жəне арақашықтығы бойынша ерекшеленеді. Галактикалар бір-бірінен алыстайтын қасиетке ие. Бұл құбылысты 1929 ж. Американ астрономы Эдвин Хаббл анықтап, «қызылдану» деп атады. Жарық көзі мен бақылаушының салыстырмалы қозғалысына қарап, жарық толқынының ұзаруы, яғни доплерлік эффект Əлемнің кеңейтілуіне əкелді. Галактика алыс болған сайын ол бізден соншалықты үлкен жылдамдықпен қашықтай береді. Сондықтан оның спектр сызықтарының қызыл ығысуы көбірек болады. Мұны Э.П Хаббл «қашу» заңы деп атады. Сондай–ақ ол галактикалардың қозғалыстарының жылдамдығын анықтады. Мысалы, Бикеш шоқжұлдызы маңында галактикалардың жиналуы бізден 1140км/сек. жылдамдықпен ұзайды. Сондай-ақ олардың ұзару жылдамдығының біртіндеп көбейетіндігі анықталды.
Ғарыштағы галактикалардың ұшу жылдамдықтарының қанша арақашықтыққа ұзағандығын есептеу арқылы ұшу ұзақтығын да білуге болады. Яғни, Əлемнің жасын есептеуге болады. Соңғы есептеу бойынша Əлемнің жасы 10 млрд. жыл.
Егер галактикалар бір-бірінен ығысатын болса, ертеректе олардың арасының жақын болғандығы. Ал, өте ертеректе «нөлдік кезеңде» барлық галактикалар, жұлдыздар, газды- тұмандар бəрі Əлемдегі кеңістіктің бір жерінде жинақталған. Мұны бельгия астрономы Ж.Э Леметр анықтап, «космостық жұмыртқа» деп атады. «Космостық жұмыртқадағы» заттар ерекше үлкен болды. Əрбір куб сантиметр миллион тонна болды. Бұл қандай зат еді? Əлемдегі атомдардың 90% сутегі атомы. Сутегінің əрбір атомы ядроны айналып жүретін теріс зарядты электрон жəне оң зарядты протоннан тұрады.
«Космостық жұмыртқада» 90% осындай электрон мен протоннан тұруы мүмкін. Қатты қысылу кезінде электрондар протонға «құлады». Олар бір-бірінен электрлі бейтарапталған. Алғашқы зат осылай нейтроннан тұрды.
Осындай себептерге байланысты «космостық жұмыртқа» 10 млрд. жыл бұрын тұрақсыз болып, алып Үлкен Жарылысқа əкелді. Үлкен Жарылыс кезінде элементарлық бөлшектерден тұратын плазма қоймалжыңы пайда болды. Əлемде алғаш ядролық реакция басталды. Жарылыс нəтижесіндегі сынған бұлттар нейтрон, протон жəне электроннан тұрды. 20 мин. ішінде протондар мен нейтрондар бір-бірімен соқтығысып, жеңіл элемент изотоп атомдары ретінде танылды. Бұл элементтер сутегі, гелий, литий изотоптары. Негізгі массасын сутегі құрады.
Үлкен Жарылыс күшінің соншалықты, элементарлы бөлшек бұлттары бір сағат ішінде ыдырап кетті. Əрбір бөлшек арасындағы арақашықтық алыстады. Олар соқтығысуларын тоқтатты. Ядро синтезі тоқтатылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет