Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет7/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Тақырып Əлемнің ғылыми бейнесі

Дəріс мақсаты: Əлемнің ғылыми бейнесін қарастыру.


Дəріс мазмұны. Ғылым туралы түсінік. Ғылымның жіктелуі. Ғылыми таным формалары. Ойлау əдістері. Эмперикалық жəне теориялық зерттеу əдістері. Ғылымның жіктелуі, диффференциясы жəне интеграциясы. Ғылымдпрдың негізгі кешені жəне олардың сипаттамасы. Ғылымдардың ХІХ ғасырға дейінгі мамандануы. Жеке ғылымдардың жəне тұтас ғылымның интеграциясының қажеттілігі.Ғылым жəне оның мəдениеттің басқа салаларынан ерекшелігі. Жаратылыстану. Жаратылысты ғылыми жəне гуманитарлы мəдениет туралы түсінік.
Жоспар
1.Ғылыми төңкеріс спецификасы.
2.ХХ ғ. ғылыми төңкерістері.
3.«Əлемнің ғылыми бейнесі» түсінігі.


Ғылыми төңкеріс спецификасы


Жаратылыстанудағы ғылыми төңкерістер туралы айта отырып, эксперимент нəтижесінде алынған материалды жетік түсіндіре алмайтын болжамдар мен теориялардан бас тарту əлемге деген көзқарасымызды өзгертетінін ескеру қажет. Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай зерттей отырып меңгеру оңай. Қазіргі жаратылыстану жүйесіне Табиғат туралы жаңа ғылымдармен қатар, ежелгі грек натурфилософиясы орта ғасырлардағы жаратылыстану жаңа уақыт ғылымы жəне ХХ ғасырдың басына дейінгі классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салалары да кіреді. Бұл адамзаттың ғаламшардағы өз ғұмырында ұзақ жылдар бойы жинаған барлық білімдерінің нағыз түпсіз қазынасы. Осы салаларды біз арнайы ғылымдағы табиғаттың іргелі идеяларының ашылуымен, ал төңкерістерді – белгілі парадигмалар мен көзқарастардың өзгеруімен байланыстыра отырып қарастырамыз. Пардигма мəселелерді қоя білу мен шешу үлгісінің осы күнгі типтік немесе базалық сызбанұсқасы. Мысалы, өз кезінде Ньютонның жер жəне аспан денелерінің қозғалыс теориясы нақты механикалық процестерді зерттеген ғалымдардың сүйенген парадигмасы болды.
Парадигма түсінігін американ ғалымы Томас Кун (1922-1996) ғылыми төңкерістерді талдау үшін бұрынғы парадигманың жаңамен алмасуы, зерттейтін процестердің терең жəне жалпы теорияға ауысуы – оның маңызды ерекшелігін сипаттау үшін енгізген. Біз бір этаптан басқа этапқа өту жəне бір төңкерістен басқаға өту адам ойының триумфальды түрдегі аяқ алысына мүлдем ұқсаған жоқ. Ғылымның магистральды бағытта дамуы көптеген «айнымалы жолдар», «кейін шегіну», «бір орында тұрып қалу» сияқты кезеңдер арқылы жүріп отырды. Ғылым алғашқыда баяу дамыды, бірақ-та олардың нəтижелері жаратылыстанудағы парадигмалардың ауысуына əкеліп тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет