Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық


Тақырып: Материя түзілуіндегі құрылымдық деңгейлер.Салыстырмалы кеңістік – уақыт



бет12/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Тақырып: Материя түзілуіндегі құрылымдық деңгейлер.Салыстырмалы кеңістік – уақыт концепциясы.
Дəріс мақсаты: Материя түзілуіндегі құрылымдық деңгейлер мен салыстырмалы кеңістік

  • уақыт концепциясына сипаттама беру.

Дəріс мазмұны. Əлемді „терең” жəне „кең” мағынада қарастыру. Макро-, микро-, мегаəлем Галилей – Ньютон салыстырмалы принципі. А.Эйнштейннің арнайы салыстырмалы теориясы. Қозғалыс, кеңістік, уақыт, олардың қазіргі заманғы теориялардағы мəні. Жалпы салыстырмалық теориясы. .


Жоспар
9-10 Дəріс
Тақырып: Материя түзілуіндегі құрылымдық деңгейлер.Салыстырмалы кеңістік – уақыт концепциясы.

1.Микро , макро жəне мегаəлем.


2.Салыстырмалылық теориясы.
3.Материяның қарапайым бөлшегі.


Микро, макро жəне мегаəлем


Əлемнің дамуы мен эволюциясы туралы көзқарас алдық, енді əлемді «терең» жəне
«кең» мағынада ғылыми таным жағынан қарастырамыз. Əлемді тануды қарастыру үшін, алдымен адамзатқа белгілі объектілермен олардың қасиетінен жəне əртүрлілігінен бастау қажет. Қазіргі кезде мұндай объектілердің əр түрлі дəрежедегі үш түрі белгілі. Бұл объектілер əлемнің құрылымына сəйкес. Бүкілəлемдік үш құрылым деңгейіне – макро, микро, мегаəлемді жатқызуға болады. Соңғы кезде гипо- жəне гиперəлем деп аталатын екі құрылым деңгейі ұсынылуда. Гиперəлем дегеніміз – мегаəлемнен жоғары, ал гипоəлем – микроəлем ішіндегі микроəлем.
Микроəлем ішіндегі өтетін құбылыстарды оқу квантты механикаға жүктелген. Квантты механика теориясы ХХ ғ. басында пайда болды. Бұл кезең элементарлы
бөлшектердің əрекеттесу заңдылығының айқындалуымен жəне атом құрамын зерттеумен сипатталады. Мұндай зерттеулер кезінде атом ядросы мен атом мөлшері анықталды. Атом ядросының мөлшері–10-13 сантиметр, атом мөлшері –10-8сантиметр. Неміс физик теоретигі Макс Планк (1857-1947) планк ұзындығы мен планк уақыты деп аталатын ұзындық пен уақыттың іргелі тұрақтылығын анықтады. Ұзындық – 10-33 сантиметр, уақыт
–10-44 секунд. Бұл атом ядросынан 20 есе аз. Микроəлемнің келесі зерттеулері планк масштабы аймағында жалпы салыстырмалылық теорияның қолданылмайтындығын жəне физикалық процестерді суреттеу үшін гравитациялық квантты теориясының дамуын қажет етті. Бұл гипотикалық гипоəлемде сандық жəне сапалық ерекшеліктің берік тұрақтанған микроəлем атомдар мен элементарлы бөлшектердің электронда, протонда, нейтронда т.б. болатынын дəлелдеді.
Гравитациялық əрекеттестік электромагниттіктен бірнеше есе əлсіз. Егер дене электрлі зарядталса ғана электрлік күш пайда болады. Ал, гравитациялық тартылыстар үнемі болады.
Микроəлемнің талғампаздылығы квантты механикаға негізделген. Соның ішінде микроəлемдегі салыстырмалық процеспен бір мезгілде кванттылық олардың құрылымдық, кеңістіктік, уақыттық жəне энергетиканың сипатын бір мезгілде ескеретін релятивистік физика бөлімінде көрініс табады. Микроəлемді оқуды əлем танымында
«терең» мағынада қарастырады.
Қазіргі ғылымда зерттелетін объектілерді үлкейтілген мөлшерде, яғни əлем танымының «кең» мағынасында қаралуы тəн. Осыған байланысты ғылым Жер масштабымен салыстырғанда алып жұлдызды шоғырдың, мегаəлем танымымен, энергия əрекеттесуімен бірқалыпты жылдамдықпен сипатталатын біз үшін Жердің үйреншікті макроəлем танымымен толықтырылуда. Ғылымға белгілі ең ірі объект – метагалактика. Ол осы кезде табылған галактика мен оның жиынтығын біріктіреді. Метагалактика мөлшері шамамен 1028 сантиметрді құрайды. Мұндай арақашықтықта жарық 20 млрд. жылда 300 000 км/сек. жылдамдықпен өтеді. Кейбір ғалымдар əлемде метагалактика көп деп есептейді. Мегаəлемнің көптігі туралы ойлар əлем құрылуындағы жаңа деңгей – гипоəлемнің бөлінуіне əкеледі.
Қазіргі заманғы ғылым зерттейтін материя ұйымдасу деңгейінің мөлшері 10-33 см- ден 1028 см. дейін. Сондай-ақ, зерттелетін Əлем 60-тан аса диапазон арақашықтығын қамтиды. Бұл арада микроəлем - квантты механиканың, мегаəлем – релятивистік механиканың, макроəлем - классикалық механиканың зерттеу объектісі болып табылады.
Макро-, микро-, мегаəлемдердің бөлімдерін анықтайтын анық шекараның жоқ екенін ескеру қажет. Жер – макроəлем. Күн жүйесін құрайтын планеталардың бірі болғандықтан мегаəлем элементі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет