Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет28/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Генетика жəне дарвинизм


Алғашқыда өз дамуында дарвинизмге қарсы күресте қолданылады. Сол уақытта гендер тұрақтылығы оның өзгермейтіндігімен қабылданды. Мутация уақытындағы гендер өзгерісі түр өзгерісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ табиғи сұрыпталу эколгияның негізгі факторы. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында генетика жеке өзгерістердің тууымен сыртқы орта қарым-қатынасында болатын өзгергіштің нақты механизмін ашатынын түсіне бастады. Табиғи сұрыптау əсерімен түр пайда болуының нақты жолдарын түсінуде экология мен генетика, эволюциялық ілім шекарасындағы зерттеу аймағының маңызы зор. Бұл аймақ генетика популяциясы деп аталады. Генетика популяциясы микроэволюциясымен макроэволюциясыарасындағы байланысты анықтайды. Эволюция процесінде сыртқы орта негізгі роль атқарады. Бұл эволюциялық теорияны ашады.
Генетикамен эволюциялық ілім қызметін анықтауда тірі табиғат ұйымдастыру деңгейінің екі қарым-қатынасын түрлік жəне молекулярлы-генетикалық түсінігін қарастыру қажет. Бұл табиғи сұрыптаудың əсер ету механизмінің түрлік жəне молекулалық-генетикалық деңгейінің мəселелерін шешеді. Генетикалық белгілердің табиғи сұрыптау жолы мен органикалық эволюция теориясын анықтауға болатын неодарвинизм деп аталатын эволюциялық қөзқарасты дүниеге əкелді. Бұл теорияның басқаша аталуы эволюцияның синтетикалық теориясы. Эволюция механизмінің екі бөлімнен тұратын: генетикалық деңгейдегі кездейсоқ мутация жəне қоршаған ортаға бейімделген мутацияның ұрпақ қалдыруды реттеуі қаралады.


Гендік жəне жасушалық инженерия мен əлеуметтік – этикалық мəселелер


70-ші жылдардағы ДНҚ-дан ген бөліп алу техникасы мен қажетті генді көбейтудің əдістемесі дамытылды. Осылай гендік инженерия дамыды. Гендік инженерия – биохимиялық жəне генетикалық əдістер көмегімен табиғатта болмайтын гендер үйлесімін пайда ету мақсатындағы молекулярлық биологияның бөлігі молекулярлық генетика. Ол кез-келген ағза жасушасынан гендермен гендер топтарын алып, белгілі нуклейн қышқылдарының молекулаларын қосып алған гибридті молекулаларды басқа ағза жасушасына енгізу.
Тірі ағзаға бөгде генетикалық ақпаратын енгізіп, осы ақпаратты ағзада қалыптастыру биотехнология мүмкіншіліктерін кеңейтті. Қазіргі кездегі биотехнологияның объектісі тек жеке ген емес, тұтас жасуша..
Қазіргі кезде соматикалық жасушаларды гибридтеу əдісі түр аралық гибрид алуға мүмкіндік береді. Ол үшін жасанды жағдайда екі ата-анасының жасуша қабықшасы жоқ
жасуша протопластарын бөліп алып, қосу арқылы гибридті жасуша алады. Бұл табиғатта жоқ жаңа ағзаны пайда етеді. Мұндай гибридті жасушалар екі жақты ата-ана қасиетіне де ие болады.
Гендік инженерияның да қауіпті зиянды жағы да бар. Ол жасанды дүниеге келген ағзаларды белгісіз жəне қайтымсыз Жердегі тірі ағзаға, соның ішінде адамға əсері мүмкін деген қауіп бар. Гендік инженерия қоғамда даулы мəселелерді де тудырады. Көптеген зерттеулер жүргізілуде.
Гендік инженерия генетика, медицина, ауыл шаруашылығы, микробиология өндірісі мəселелерін шешудің көптеген жолдарын кеңінен ашады.
Əдебиеттер:
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003, 76-80 бет.
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 99-103 бет.

23-24 Дəріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет