Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық


Адам құрылымы мен эволюциялық этаптары жайындағы антропология



бет31/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Адам құрылымы мен эволюциялық этаптары жайындағы антропология


Биологиялық түр ретінде жануарлар əлемінде адам келесі систематикалық жағдайда: Тип: Сhordata - Хордалылар
Тип тармағы: Verbata - Омыртқалылар Класс: Mammalia - Сүтқоректілер Отряд: Primates - Приматтар
Отряд тармағы: Catarrhini - Тартанаулы маймылдар Тұқымдас: Hominidae - Адамдар
Туыс: Homo - Адам
Түр: Homo sapiens - Ақылды адам

Антропология - адам туралы ғылым. Адам көптеген ғылымдарды меңгерді, оның ішінде жаратылысты да гуманитарлы да ғылымдар бар. Осыған орай антропологияның қарастыратын негізгі мəселелері адамның пайда болуы жəн оның құрылысы мен эволюциясының ерекшеліктері болып табылады.


Адам туысының пайда болу уақытын анықтау өте қиын. Ең алдымен ол жер қабаттарынан ежелгі адамзат ата-бабаларының қалдықтарының аз болуына байланысты. Бір жерде бас сүйегінің бөлігі табылса, екінші жерден қаңқа сүйектерін табады... Мұндай аз ақпараттан тірі заттың қалпын келтіру кімге тəн екенін анықтау қиын болады.
Антропологтар біздің ата-бабамыз қашан Адам атанғаны туралы дəл мəлімет алған жоқ. Оған қоса маймыл тəріздес ата-бабалар қашн аяқталып, Адам қашан басталғанын да айту белгілі-бір қиындықтар туғызып отыр.
Дегенмен барлығы да əйгілі ағылшын натуралисі Ч. Дарвин айтқан оймен келіседі: адам бір бұтасы қазіргі жоғарғы маймылдарға əкелетін белгілі-бір жануарлардан шығады. Адам тəрізді маймылдар-шимпанзе, гориллалар-өздерінің «немере ағалары» ораyгутангтар, павиандар жəне басқа төменгі маймылдармен салыстырғанда біздермен үлкен туыстас болады. Бұл дене құрылысының сəйкестігімен ғана емес, ақуыздың молекулалық құрамы анализімен де дəлелденген.
Қазіргі кездегі мəліметтерге сүйінетін болсақ адамның пайда болуы мен эволюциясы келесідей көрініс табады. Ол үнемі анықталып отырады, бірақ оның негізі сақталып жəне бекітіліп отырады. Ең ежелгі приматтар 90 млн. жыл бұрын пайда болған. 37 млн. жыл бұрын орман шатқалында кішкентай құйрықсыз ұзын қолды жəне кең кеуделі маймылдар тіршілік еткен. Бұл біздер мен адамтəрізді маймылдардың ортақ ата-бабасы - ежелгі маймылдар пилопитектер болған.
Соңғы 10-15 млн жыл бұрын не болғанын елестету қиын. Сол уақыттағы антропологиялық зерттеуге қажетті қазылып алынған қалдықтар əліде табылмаған. 24 млн. жыл бұрын плиопитектердің біршама «өсіп» жəн еірі маймылдарға айналғанын ғалымдар дəлелдеп отыр. Бұл маймылдар проконсул атанып, шимпанзе мен горилланың ежелгі ата-бабасы болып табылады. Осы уақытта диопитектер («ежелгі маймылдар») деп аталатын маймылдардың басқа түрі бөлініп шықты. Олардың қаңқаласының қалдықтары Еуропа, Солтүстік Үндістан жəне Қытай тау жыныстарында кездеседі. Бұл жыныстардың жасы 20 дан 8 млн. жылға дейін. Олардың маймылдан айырмашылығы үлкен емес...
Баяу біраз үздіксіз жүрген эволюция пайдалы белгілерді таңдап алып отырып, біздің маймыл тəріздес ата-бабамызды «толық жетілуге» əкелді. 20 млн. жыл бұрын Оңтүстік Африкада джунглидегі климттық жағдайлар кебу мен салқындауға байланысты дриопитектерге теректен түсіп тік жүруге тура келді. 12 млн. жыл бұрын жаңа «үлгі» - рамапитек (қалдықтары Үндістаннан табылып Рама құдайының атымен аталған) пайда болды. Маймылдан рамапитектің негізгі айырмашылығы мен ұқсастығы - жақ сүйектерінің құрылысында. Маймылдардың барлық тістері ұзын, ит тістері үлкен, күрек тістері жалпақ болып келеді. Бет бөлігі маймылдарда алға қарай шығыңқы. Біздерде жəне рамапитекте жоғарғы тіс доғасы қысқа жəне алдыңғы жағы дөңгелек, беті алға қарай шығыңқы емес. Рамапитек туралы тағы не белгілі? Өкінішке орай басқа ештеңе жоқ. Қазірде рамапитектің жоғарғы жақ сүйектері ғана табылған.
Осыдан соң мəліметтерде бірнеше миллион жылға бос аралық бар - осы уақытқа дейінгі
5 млн. жылдан ежелгі 8 млн. жылдан берірек қалдықтар табылмаған. Бұл уақыт аралығындағы болжамдар бойынша көптеген өзгерістер болған. Біздің ата- бабаларымыздың іріленіп, физикалық күштірек болып, олардың кеуде жасушалары кеңее түскен.
Өткен ғасырдың 60 жылдарында Кениядағы Рудольф көлінде маймылтəріздес мақұлықтардың қалдықтары табылған. Оларды Австролопитектер деп атады, яғни
«оңтүстік маймылдары». Бірақ оның көп белгілері маймылға ұқсамады. Австралопитек тік жағдайда қозғалған. Ол жақсы жүгірген. Ең маңыздысы ол жақсы жүгірген! Ол 5,5 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.
Тек 2 млн. жыл ішінде Австралопитек өзіне қажетті қаруды-бірнеше бұдыры бар кішкентай тастар жасауды үйренді. Тастан қаруды жасаған Австралопитектердің бұл тобына антропологтар Homo habilis («іскер адам») атауын берді. Бұл түрдегі адамдар отты пайдалануды білмеді. Олардың қалдықтары Шығыс Африкадан табылды.
Осыған байланысты кайназой эрасының төртінші кезеңінде Шығыс Африкада адам мен адам тəрізді маймылдардың бөлінуі болды деген пікір пайда болды. Адамның осы жерде пайда болуына жоғарғы радиация бөлетін уран жыныстарының шығуы түрткі болуы мүмкін. Осы құбылыс мутацияға əкеліп, ал ол эволюциялық өзгерістің қарқынымен байланысты. Пайда болған түр тірі қалу үшін қару жасауға, қоғамдық өмір сүруге жəне ақыл ойын дамытуға міндетті болды.
Тастан жасалған қарулар австалопитектің қолы мен миының ары қарай дамуына көмектесті. Келесі миллион жылда біздің ата-бабамыздың миының көлемі 600 ден 800 см3 дейін өсірді. Жүрісі жетіліп адамдыкіндей болды. Бұл енді толықтай Адам - Homo erectus («тік жүретін адам») болды. Оның қалдықтары ең алдымен Ява аралынан, соңынан Азиядан (Қытай), Африкадан, Еуропадан табылды. «Тік жүретін адам» 1 млн жыл бұрын тастан үлкен қол шапқыларын дайындап, отты пайдалануды білді.
Жерге қоныстанған «тік жүретін адам» 500 жыл ішінде физикалық дамыды жəне
«ақылдануды» жалғастырды. Ми көлемі баяу, бірақ дұрыс жолмен 800 ден 1200 см3 дейін өсе бастады. Ата-бабалар бірден-бірге өздерінің ұрпақтарына ұқсас болды.
Қазіргі типтегі адамдардың қалдықтары алғаш рет 1868 ж Франциядағы Краманьон үңгірінен табылған. Сондықтан бұл адамдар Краманьондықтар деп аталды. Олар Homo sapiens («ақылды адам») түріне жатады.
80 мың жыл бұрынғы адамның түрі қазірден аз айырмашылықта болды деген пікір бар. Ол - Homo sapiens дұрыс геометриялық формадағы, жақсы өңделген кесу құралдарын жасай білген...
Homo habilis («іскер адам»), Homo erectus («тік жүретін адам») жəне Homo sapiens («ақылды адам») түрлері Homo туысына біріктіріледі. Адамдар тұқымдасына қазір тіршілік ететін адам түрі (Homo sapiens) кіреді, басқалары жойылып қазбалар түрінде ғана сақталған.
Краманьондықтардан кейін тіршілік еткен Homo sapiens биологиялық тұрғыдан қарағанда өзгерген жоқ. Шамамен 5 млн. жыл бұрын басталған адамзат туысының пайда болуы бүгінгі таңда даму шегіне жетті.
Қазіргі кезде адамның пайда болған жері туралы екі негізгі гипотеза бар. Ол У.Хавеллздың «Ноева ковчега» аталатын гипотезасы, онда адам 200 мың жыл бұрын Шығыс Африкада пайда болды деп айтылады. Библия бойынша барлық нəсілдер мен халықтар Найдың үш ұлынан-Сим, Хама жəне Иофетадан тараған. Осыған сүйінетін болсақ питенантроп, синантроп (Homo erectus өкілдері) жəне неандерталдықтар Homo sapiens ата-бабасы болмайды. Олар Шығыс Африкадан ығыстырылып шығарылған əртүрлі гоменидтобы болып есептеледі.
Улпоффон ұсынған екінші гипотеза адам эволюциясына мультиплетті көзқарас тудырады.Онда Африкада ежелгі адамдар ғана пайда болған, ал қазіргі кездегі адамдар тұратын жерлеріінде пайда болғанын айтады. Осы гипотезаға сай Африкадан Адам 1 млн жыл бұрын кеткен.
Бірінші гипотезаны дəлелдеуге генетикалық зерттеулер бар. Екінші гипотеза белгілі-бір жерде тіршілік еткен қазіргі адамдар мен ежелгі адамдардың полентологиялық ұқсастықтарына сүйінеді.
Қазіргі кезде осы гипотезалардың əділдігі туралы айту мүмкін емес. Себебі полентологиялық қазбалар толық емес жəн еадам мен маймылдың арасындағы түрлер толықтай анықталған жоқ.
5 млн. жыл ол өте көп... Жерге 4,6 млрд жыл болғанын ескеретін болсақ аз да сияқты. Адамның барлық тарихына планета тарихының 0,001 үлесінен аз берілген. Бірақ осы уақытта көп зат жасалды, көп жолдар жүрілді! Тас шапқылардан, аң терілерінен, мамонттарға шабуыл жасаудан автоматты құрылғыларға, синтетикалық киімдерге, ядролық реакторларға, космостық кемелерге, компьютерлерге дейін барлығын адам өз қолымен жасады. Осылардың барлығы да адам ата-бабаларының жəне Homo sapiens-тің өзінің эволюциясының əлеуметтік, мəдени жолы. Əсіресе кроманьондықтар уақытынан бастап адамдар өмірінің табиғи факторлары көбірек өздері жасаған мəдениетпен толықтырылып отырады - еңбек құралы, тұрғын үйлер, киімдер, мінез-құлық формалары, дəстүрлер жəне т.б. Осы туралы ойлап, адамды күтіп тұрған таңғажаййып болашақ туралы толғанасың.
Əдебиеттер:
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003, 82-87 бет.
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 122-125 бет.
Солопов Е.Ф. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - М: Гуманит. Баспа ВЛАДОС орталығы, 1998
«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» Самыгина С.И. – Ростов н/Д , 2001.- 359- 361 бет.
Рузавин Г.И. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы». – М.: Мəдениет жəне спорт, (ЮНИТИ), 1997. -58-80 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет