Қазіргі заманғы ғылым өте күрделі тармақталған жүйе болып табылады. Ол бір- бірінен əр түрлі дəрежеде алыс 15 мың шамасындағы пəндердің ірі білім аумағын алып жатыр. Ғылыми пəндердің көптігіне – байланысты ғылымның жіктелуін білгілі-бір жүйеге келтіру мүмкін емес. Негізінен ғылымдарды жаратылысты, қоғамдық, техникалық жəне гуманитарлық деп жіктейді. Сондай-ақ, мұнда психико-педагогикалық жəне медициналық ғылымдарды да жатқызуға болады.
Жаратылыстану ғылымдар бөліміне қоршаған əлемді қарастыратын ғылымдар жатқызылады. Бұл бөлім ғарыш, оның құрылымы мен эволюциясы (астрономия, космология, космогония, астрофизика, космохимия, т.б.) туралы, жер туралы (геология, геофизика, геохимия т.б.) процестердегі химия, физика, биология, жүйелер туралы (материяның қозғалыс формасы), адамды биологиялық түр ретінде жəне оның эволюциясы мен шығу тегі туралы ғылымдарды біріктіреді.
Жаратылыстанудың маңызды принципі - табиғат туралы білім эмперикалық тексерістен өтуі қажет. Бұл тексерістер соңында шешуші мəн теорияда мойындалады. Осыған байланысты жаратылыстануды ғылыми объективтіліктің үлгісі деп есептейді.
Қоғамтану ғылымы комплексіне жататындар адамзат қауымы мен макро- жəне микробірлестік заңдарының спецификасын оқытады. Бұл мəселелер ғалымның өзі ие тəрізді зерттеу ісінде де топтық қызығушылық пен құндылыққа байланысты. Сондықтан объективті зерттеу əдісімен қатар қоғамтану əдістемесінде субъективизм үлесіне тиетін зерттелетін құбылыстарды уайымдау үлкен маңызға ие болады. Мұндай ғылымдар қатарына əлеметтану, саясаттану, саяси топтар жəне идеологиялық ғылымдар, экономикалық, заңгерлік, басқару т.б. жатады.
Жаратылыстану ғылымына қарағанда техникалық ғылым ерекшелігі танымға емес, Табиғаттың қайта түзілуіне көмектесуге негізделгендігінде. Техникалық əлемнің өзіндік ерекшелігі мол. Оның заңдылықтарының кəсіби білімінсіз техникалық прогресс шыңына жету мүмкін емес.
Гуманитарлық ғылымның зерттеу аумағына қоғамдық құндылықтар жатады. Мұндай құндылықтар ішінен ойлау қағидасы мен нормасын, қарым-қатынас пен мінез-құлық, қоғамдық мұрат т.б. көрсетуге болады. Гуманитарлық ғылым іс-əрекетінің аймағы кеңірек болып келеді. Мұнда философия, əдеп, заңгерлік ғылымдар, дінтану, өнертану, логика, əдебиеттану т.б. енеді.
Ғылымның оқшаулануы мен ғылыми білімнің дифференциациясының ұзақ ғасырлық тарихы бар. ХІХ ғ. дейін ғылым дамуының басқарушы беталысы оның бөлімшелерінің бір-бірінен бөлінуі мен мамандануы болады. Бірақ материалды жүйелер мен оның қозғалыс формалары өзара алмасу процесімен байланысты. Сондықтан оны зерттейтін
ғылымдар өзара байланыс арқылы «өтпелі, шекті» ғылым болып табылады (геохимия, электрохимия, биохимия, биогеофизика, астрофизика, биотика, табиғатты пайдалану экономикасы т.б.). Мұндай жағдайда білім дифференциациясы, мамандануы ғылым жүйесіндегі кіріктіруші фактор болып табылады. Кіріктіру, синтездеу қызметін басқа білім саласы біріктіретін жалпы шекті ғылымдар – математика, философия немесе көптеген қозғалыс формасының нақты аспектілерін оқытатын кибернетика, синергетика, динамика, термодинамика т.б. ғылымдар орындайды. Соңғы кезде ғылымдардың кіріктірілу беталысы басқарушы болып келеді.
Қазіргі уақытта интеграция күшінің өсуі тек жеке ғылымдарда ғана емес, сондай-ақ ғылым тұтастай материалды өндірісімен, рухани мəдениетімен жəне қоғам өмірінің жан- жақты қырларымен сипатталады. Соңғы кезде ғылым мен өндіріс бір-бірімен шиеленісе байланысып, комплексті ғылыми-техникалық іс-əрекет саласы пайда болады. Мысалы, биотехнология, жасуша инженериясы, системотехника, эргономика, дизайн т.б.