Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет14/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43

Материяның қарапайым бөлшегі


Алғаш Аристотель зат шексіз кішкентай түйірлерге дейін бөлшектенеді деген болса, грек философы Демокрит (б.э.д. 460-370) əр түрлі заттар түйірлі құрылымы бар үлкен санды атомдардан тұрады деген. 1897 ж. Джозефер Томсон (1856-1940) материяның қарапайым бөлшегі электронды ашты. 1911ж. ағылшын физигі Эрнест Резерфорд (1871- 1937) заттың атомының ішкі құрылысы бар екендігін, олардың оң зарядталған ядро мен оны айналып жүретін электрондардан тұратындығын дəлелдеген. Бастапқыда атом ядросы электрон мен оң зарядталған протондар деп аталатын бөлшектерден тұрады деп ұғынылды. 1932 ж. Джеймс Чэдвик ядроның ішінде басқа бөлшектердің де – массалары протон массасына тең, бірақ зарядталмаған бөлшек – нейтронның да бар екендігін
байқады. Сонымен атом ядро мен электрон қабатынан тұратын микроəлемнің құрылымдық элементі. Протон – оң зарядталған, нейтрон – зарядсыз, электрон – теріс зарядталған бөлшек.
Қазіргі заманғы атом құрылысы туралы түсініктер бойынша атомның сыртқы қабатында теріс зарядты электрондар атомның оң зарядталған ядросының айналасындағы белгілі–бір аймақта – орбитада айналып қозғалады. Ядро құрамына кіретін ауыр бөлшектерді адрондар деп атайды. Адрон құрамына бариондар (нуклеонды құрайтын протон мен нейтрон), гиперондар, мезондар, каондар жəне пиондар кіреді. Ядро мен электрондар арасында өріспен жəне одан пайда болатын виртуальды бөлшектермен сипатталатын кеңістікті физикалық вакуум деп атайды. Өмір сүру уақыты бойынша бөлшектер тұрақты жəне тұрақсыз болып бөлінеді. Тұрақты бөлшек – электрон, протон, нейтрон, фотон. Фотон – тыныштықта массасы жоқ бөлшек.
Қазіргі заманғы тұжырымдар бойынша барлық элементарлы бөлшектерді 2 класқа бөлуге болады. Фермиондар (Фермид құрметіне аталған) жəне бозондар (Бозен құрметіне аталған). Фермиондарға – кварк пен лептондарды, ал бозондарға - өріс кванттарын жатқызады. Кварк – жартылай зарядты бөлшек. Лептон – жеңіл бөлшектер. Бұл бөлшектер нағыз элементарлы, яғни ары қарай бөлінбейді. Фермиондар затты құрайды, ал бозондар - əрекеттесулерді тасымалдайды.
Əдебиеттер:
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003, 22-28 бет.
Солопов Е.Ф. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - М: Гуманит. Баспа ВЛАДОС орталығы, 1998 – 171-204 бет
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 58-72 бет.
«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» Самыгина С.И. – Ростов н/Д , 2001 – 118-125 бет.
Рузавин Г.И. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы». – М.: Мəдениет жəне спорт, (ЮНИТИ), 1997.

11-12 Дəріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет