233
Қазіргі таңда Қазақстанда осы мәселелерді шешуге көмектесетін орталықтар
ұйымдастырылған. Еліміздің барлық аймағында тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына
арналған дағдарыс орталықтары бар. Өмір мен денсаулыққа қауіп төнсе, осы орталықтарға
хабарласып, сонда тұруға болады. Әр аймақта әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі комиссия жұмыс істейді, олардан кеңес алып, қолдау табуға болады. Бүгінде
республика көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік
қызметтерді 41 дағдарыс орталығы көрсетеді. Оның 14-і мемлекеттік, 27-і мемлекеттік емес.
Олар негізінен еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейді
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін
өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай
еңбек етуі керек.
Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның
көзқарасын өзгерту керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын
құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.
Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып
шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді
жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете
сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен
сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам
өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: