Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРІНІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет122/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРІНІСТЕРІ
Мурсалим А.Б. 
Ғылыми жетекші: Қажыбаева Г.К., филология ғылымдарының кандидаты, 
қауымдастырылған профессор 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ, Көкшетау қ. 
Ayagul_99@mail.ru 
Тәуелсіздік ұлт мұраттарының жарқын да жасампаз көріністері болса, ал оның руханият 
ісіндегі сыр-сипаттары әдебиет әлемінен, тақырып пен идея бірлігінен, жанрлар жүйесі мен 
көркемдік-эстетикалық құндылықтарды, замана шындығы мен көркемдік шешімнен, уақыт 
бедері мен тұлға табиғатынан, тілдік-стильдік ерекшеліктерден айқын аңғарылады. Жаңа 
уақыт тынысы, ел өмірі мен қоғамдағы азаттық пен еркіндік рухы ақын-жазушылар 
шығармашылығынан жаңашыл бағыт, іргелі ізденістер арқылы кең көлемде көрініс тапты. 
Алайда тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттің даму бағдарлары, идеялық-эстетикалық қырлары
стильдік сипаттары әлі де жан-жақты айқындалып, қалың көпке қаз-қалпында жетпегені анық. 
Кезең, құбылыс ретінде де толық қалыптасқан жоқ. Қысқа шегініс жасасақ, әсресе: «...ХХ 
ғасырдың өн бойында қазақ әдебиеті өз даму тарихында үш шоқтықты кезеңді басынан кешті. 
Бірінші кезең – ұлы Абай бас болып, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров 
секілді ақын, жазушылардың туған әдебиетімізді жазба әдебиетімізді классикалық әдебиеттің 
деңгейіне көтерген ширек ғасырлық (1900–1925) өнім-жемісін қамтиды. 
Қазақ кеңес әдебиеті саналатын екінші кезеңі – 1917 жылдың Қазақ төңкерісінен 
басталып, 1991 жылға дейін созылады. 20-жылдары ол ұлттық-демократияшыл әдебиетпен 
бәсекелесе қатар дамыды да, 30-жылдардан 1991 жылға дейін жеке дара өркендеді. ХХ 
ғасырдың бас шеніне дейін бірқатар жанрға әлі қол арта қоймаған әдебиетіміз енді көркем 
сөздің барлық жанрын игеріп, сан сапалы, толымды, толайымды табыстарға қол жеткізді. 
Қазақ әдебиетінің ең үздік туындалары әлемдік аренаға шықты. Абай, Жамбыл, М.Әуезов, 
С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов, Ә.Әліжанов, О.Сүлейменов есімдерін 
білмейтін өркениетті ел кемде-кем. «Абай жолы» роман-эпопеясы «басқа әдебиеттерге, оның 
ішінде, шетел әдебиеттерге әсер тигізе алатын қазіргі заманның ең көрнекті шығармасы деген 
биік дәрежеге ие болды» [1; 108-бет]. 


226 
Үшінші кезең – «қазақ халқының тарихындағы ең бақытты дәуірден, маңдайы жарқырап, 
тәуелсіздік туын желбіретіп, мерейі үстем болған және елімізді демократиялық жолға түсірген 
1991 жылдың 16-желтоқсанынан басталады» [2; 9-бет]. 
Ә.Қайырбеков «Өлеңді қайтіп қоярсың?» (2010–2011 жылдардағы поэзиялық 
шығармалар туралы) мақаласында былай деп атап көрсетеді: «Мерзімдік баспасөзде көрінген 
Т.Молдағалиевтің, С.Иманасовтың, Е.Дүйсенбайұлының, Р.Ниязбековтың, Н.Оразалиннің, 
И.Сапарбайдың, Иран-ғайыптың, Ж.Бөдешұлының, Қ.Шолақтың, Т.Сарыбайұлының, 
Ж.Ерманның, Ұ.Есдәулеттің, А.Әлімнің, Ғ.Жайлыбайдың, Қ.Бегеновтың, Б.Жақыптың, 
Ә.Қайранның, Е.Жақыпбековтің, К.Құныпияұлының., Ж.Әскербекқызының, Ж.Сәрсектің, 
Б.Алдиярдың, Б.Бәмішұлының, Р.Сейілханның, М.Шоқанның тұшымды жыр топтамаларын 
атап өткен лазым. Имандылық, дін, мұсылман тақырыбына көбірек қалам тартып жүрген 
Ө.Оралбайұлыны, А.Шаяхметтің, Б.Айнабековтың, Қ-К.Елеместің, Д.Байтұсынұлының, 
Х.Көктәндінің сәтті ізденістерін байқадық. Рухты дастандары мен ерлікті, батырлықты, елдік 
мұраттарды биікке қойып жүрген Н.Айтұлының шығармаларындағы көркемдік шешімдері 
көңіл қуантады. 
Соңғы жылдары шыққан өлең кітаптардан: Оразбай Байбақұлының «Іңірдегі иірім», 
Рафаэль Ниязбековтің «Кемеңгер», «Қағанат», Ғалым Жайлыбайдың «Тобылғыжарған», 
Темірғали Көпбаевтың «Аңсар», Хамза Көктәндінің «Ақтолғай», Әлібек Шегебайдың «Ақ 
қауырсын», Аманғазы Кәріпжанұлының «Жүректегі жұлдызым», «Желтоқсан жыры», 
Ақылбек Шаяхметұлының «Мінажат», Батық Мәжитұлының «Ататолғау», Баян Бекетованың 
«Ұйықтамайды жұлдыздар», Серік Қалиевтің «Уақыт керуені» Толыбай Абылаевтың «Арал 
атлантидасы», Бақтыбай Айнабековтің «Мұғжиза», Дәулетбек Байтұрсынұлының «Ләтипа 
лүпілі», Қорғанбек Аманжолдың «Мешітті ғалам», Сайлау Жылқыбаевтың «Боз талда қалған 
қолтаңба», Мағиза Құнапияқызының «Қызыл шолпы», Моңғолиядағы қазақ ақындарының 
«Байбесік тұмалары», т.б. жыр жинақтары бар» [3]. 
Ақиқатында, ұлттық сөз өнері бастапқы кезеңдерден-ақ ел өмірін, дәстүр салтты, 
тұрмыс-тіршілікті кең көлемде көрсетті, әр қилы кезең, сындарлы сәттерді адам өмірі мен 
еңбегін, талайлы тарихты, тағдырлы тұлғаларды, т.с.с. көркем баяндау, шындыққа сыйымды 
қалыпта суреттеу сипаттары басым болды. Өйткені әдебиетте бәрі де адамға – авторлық 
пайымның дәлдігі мен тереңділігіне, кейіпкердің мінез-құлқы мен әрекет аясының 
шынайылығы мен нанымдылығына, оқырман зердесінің нәзіктігі мен сезімталдығына барып 
тіреледі. Ал бізде бүгін автор да, кейіпкер де, оқырман да ойсырай жарақаттанған 
ошарылмалы қоғамның түлектері. Күні кеше ғана олар өздерін қоршаған дүниені жаппай 
мағынасыздық сынап, шыңдап түңіліп жүрді. Қоршаған ортадағы құбылыстар енді-енді 
айқындалып келеді. Көбі әлі де бұлыңғыр, әлі де күңгірт. Тұтаса, сомдала қойған жоқ. Ала-
құла, үзік-үзік. Алайда біз көп сыр сипаты әлі де түсініксіз, әлі де беймәлім, аса орнықсыз 
ойнымалы дүниеде өмір сүріп жатқанымызды, тіршіліктің мақсаты да – сондай қарама-
қайшылықтар мен екіұштылықтар әлемінен жөн-жосықты мән-мағына табуға тырысу 
екендігін енді-енді ұғынып келеміз. Әдебиет деген, түптеп келгенде өмірдің жай әншейін 
көшірмесі ғана емес, оның өзіне міндет жүктеп, талап қойып, бәрін жіпке тізіп, барлап, талдап, 
бажайлай бағалап отыратын ымырасыз бәсекелесі де екен. Ендеше, мақсат пен әрекеттің, ниет 
пен нәтиженің, ықпал мен әсердің тепе-теңдігіне жетпей тұрып, әдебиет те өмір сияқты 
ауыспалы ақуалдан арыла қоймайды. Оның көркем шығармашылық көсегесін көгертетін 
үштік – автор, кейіпкер, оқырман да – әртарап қалпында қалып, соның салдарынан әлеумет 
ықыласын бірден баурап алар толыққанды эстетикалық ләззатты қамтамасыз ете алмаса 
керек... Ендеше, осындай қалтқысыз сұхбаттас, қаяусыз пікірлестің орнын кітап қана толтыра 
алады. Оны оқып отырып тек өз замандастарың мен отандастарың ғана емес, жалпы 
адамзаттың бүгінгі және бұрынғы ұрпақтарының өмір тәжірибелері мен көзқарастарымен 
танысып, өз ойлары мен сезімдеріңді өзгелермен салыстырып, өз жан дүниеңді өзің елеп-
екшелей аласың. 
Адам жады мен абырой-намысын көздің қарашығындай сақтап, ар-ұжданы мен сезімін 
аялай сыйлап, ақылы мен тәжірибесін үздіксіз байытып, әдебиет әуел бастан бергі әмбеге 


227 
ортақ жанашыр, әмбеге ортақ ұстаз маңызын одан әрмен нығайта бермек. Сол арқылы әзелден 
бергі киелі мерейіне қылау түсірмей, мүлтіксіз сақтап қала алмақ. Олай болатыны түсінікті. 
Бүкіл тарих көрсетіп отырғандай: ешбір қоғам мен ешбір кезең тек өңкей ізгіліктер мен 
жетістіктерден, жаңалықтар мен жақсылықтардан тұрмапты. Ләйім, болашақта солай болғай. 
Сөйте тұра адамзат ізгілік пен жақсылыққа, адамгершілік пен гуманизмге үзбей тырысу 
арқылы ғана жер бетінде өзін-өзі сақтап қала алып отыр. Әдебиет те тек солай еткен жағдайда 
ғана адамдар ықыласын ақтай алады. Әзелден әдебиеттің пешенесіне жазылғаны сол. 
Асыл сөздің мұрат-мүддесін көздеу оның алыс-жақын елдерге кедергісіз елдерге 
кедергісіз жетуін қамтамасыз етуі, құрмет пен қолдауды да еселеп арттыру қашан да мәнді, 
кәделі істердің бірі. Жазушы-драматург Ә.Таразидің талғам-толғаныстарынан осыны аңғарар 
едік: «Тоқсаныншы жылдары егемендікке қолымыз жетті деп бөркімізді аспанға аттық. Содан 
бері қазақ әдебиетін ағылшын тіліне аударайықшы деген ниет көрінбейді. Бұл бағытта бір 
қадам жасалған жоқ. Қазір әлемге танылу тек ағылшын тілі арқылы жүзеге асады. Биік 
мінбелерден солай айтылып та жүр. Бұрын менің қалжың болса да қаны тамған шындыққа 
келетін «Орысша шықпай оңбайсың» дейтін мәтелім бар болатын. Қазір соны «Ағылшынша 
шықпай асу аспайсың» деп өзгертуге тура келеді. Ағылшынша шығаруға лайықты 
шығармалар қазақ әдебиетінде аз емес. Мәдениет пен ақпарат министрлігінен шағын ғана бір 
бөлім құрып, «қане, бізде аударатын не бар» деп қаржы бөліп жатса қандай ғанибет. Қаржы 
құдайға шүкір, бар. Соңғы 5-6 жылда халқымыз да еңсе көтеріп қалды. Осы іс қолға алынуы 
керек. Мықты аудармашылар тауып, қазақ әдебиетінің лайықты дүниелерін орыс тіліне 
аудартсақ, ары қарай ағылшынша оңай болады ғой. Орыстарда ағылшынша аудару жолға 
қойылған. Егер істі осылай ұйымдастырса, орыс тілі арқылы дүниенің біраз елін жаулап алар 
едік. Қазақ халқының, Қазақстанның беделі өсер еді. Әдебиет арқылы біздің жұртты барша 
әлем таныр еді. Соны тыңдар құлақ болса, рухани дүниеге жаны ашитын азаматтар мән берсе 
деп ойлаймын» [4]. 
Қазақ сөзінің қадір-қасиетін алыс-жақын елдер ерте таныды. Ұлттық өлең өрімі мен 
ондағы мың сан өрнектер алуан арналы әртүрлі көрініс-суреттер, салыстыру-салғастыру 
мүмкіндіктері мен иірімдері кім-кімге де ой салады. Өзгеше әсер-ықпал етеді. Ұлттық асыл 
сөздің өкілдері оны әр қырынан көрсетті де. Осы төңіректегі ой-пікірлерін ақын Т.Медетбек 
былай білдіреді: «Жалпы әдебиетте өзіңнің бір даусың, өзіңнің үнің, өзіңнің жолың болмаса, 
еш уақытта шыға алмайтыныңды, онан кейін біреудің көлеңкесінде қалып қоятыныңды мен 
ертерек сезінген адаммын. Жан-жағымды көбірек қарап, тексеріп, зерттеп жүрдім-дағы, одан 
кейін эксперименттерге, оның ішінде ешқандай тамыры жоқ, шыққан топырағы жоқ 
эксперименттерге де бардым. Бірақ бүкіл үлкен, мықты ақындарды зерттеп қарап отырсам, еш 
уақытта да жалаң эксперименттің ешқайда алып бармайтынын сезіндім. Өйткені қандай 
жаңалық болсын, өзінің дәстүрлі тамыры болуы керек. Оның күретамыры дәстүр болу керек. 
Онан кейін күретамырымен ғана қоректенбейді ғой, ағаш дейтін, оның тарам-тарам, сала-сала 
тамырлары болады, сол тамырлары әлемдік әдебиеттен сусындап отыру керек» [5]. Сондай-
ақ, жазушы С.Елубайдың көзқарас-танымдарынан да ұлт пен ұрпақ қамына қатысты келелі 
мәселелер мен түйінді тұстарды тануға болар еді: «Қазір қазақтың жас журналистері мен 
әдебиетшілері жақсы қалыптасып келе жатыр. Бостандық рухында. Тәуелсіз рухта 
жалтақтауды білмейтін қаламгерлер легі келіп жатыр. Қазақ былай болды деген үлкен 
жауапгершілікті іс жастардың мойнында. Біз қанша айтқанмен, өтіп бара жатқан аға ұрпақтың 
өкіліміз. Біз әл-қадірімізше күрестік. Айттық. Қазіргі қалам ұстай бастаған ХХІ ғасырдың 
бірінші жартысында қалыптасатын ұл мен қыздар күн-түн демей, бұлар да қазақ үшін күресуі 
керек. Өйткені қазақ үшін күрес әлі де бір ұзаққа созылатынына өз басым сенімдімін. Өйткені 
бүгінде мәіңгүрттенген кейбір ата-аналар күні бүгінге дейін немерелерінің тілін ана тілінде 
емес, орыс тілінде шығарумен айналысып жүр. Олар өте көп. Аспанға таяқ лақтырсаң, мәңгүрт 
ата-ананың басына тиеді. Мұндай жағдайда қазақтың жас қаламгерлері мен қайраткерлері 
үшін үлкен күрес алда деп білемін» [6]. Демек, қазақ сөз өнері әуелгі арна-бағыттарынан 
жаңылмастан, керісінше тақырып пен жанрлар жүйесі, өмір шындығы мен көркемдік-
эстетикалық талаптар тұрғысынан жан-жақты дамығанын аңғарар едік. Жаңа бағыт, соны 


228 
сипаттар тұрғысынан да жетіліп, ілгерілей түскенін тануға болады. Уақыт тынысы да терең 
көрініс береді. 
Ұлт тәуелсіздігі – қоғамда, адам өмірі мен еңбегінде, тұрмыс-тіршіліктерінде терең із 
қалдырды. Қоғам дамуынан, ұлттық санадағы өзгеріс пен өмірдегі жаңашыл бағыттардан – 
азаттық пен еркіндік салтанаты, келелі келешекке сүйіспеншілік пен құштарлық сынды 
шынайы сезім, сырлы сипаттар көрініс берді. Тәуелсіздік мұраттары ұлттық поэзиядан, 
ондағы басты тақырыптардан елдік мүдде, тарих пен таным, адам еңбегі, талайлы тағдыры, 
дәстүр мен тәжірибе тағылымдары, ел-жер, дін-тіл, тәлім-тәрбие, патроиттық сезім, т.б. кең 
орын алды. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары қазақ ақындарының әр алуан тақырыптарды 
қамтыған ізденіске құрылған иеялық-көркемдік ерекшеліктері мол өлең-жырлары жарық 
көрді. Атап айтқанда: Т.Әбдірахманқызының «Заман сазы», «Сөйле, қалам»; Е.Әукебаевтың 
«Күн мен көлеңке»; Х.Ерғалиевтің «Сонеттер», «Ұлтым дедім, ұлғайдым»; Д.Әбілевтің 
«Жолаушы өмір»; К.Салықовтың «Түркістанға тағзым», «Таныс жұлдыс жарқылы»; 
Ә.Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе»; С.Сейітовтің «Серпер»; Т.Молдағалиевтің 
«Жаз да өтіп барады», «Сағындырған көктемдер», Қ.Мырза Әлінің «Заман-ай», «Алаштың 
арманы»; Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», «Құс жолы»; А.Бақтыгерееваның «Ақ 
шағала», «Сүмбіле»; Р.Ниязбектің «Тыңда мені, замана», «Жүрегімде ғасырлар салмағы»; 
Н.Оразалиннің «Құралайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу»; К.Ахметованың «Күн 
шыққанда күліп оян», «Наурыз нұры»; Т.Медетбектің «Тағдырлы жылдар жырлары»; 
А.Егеубайдың «Аламан»; С.Тұрғынбекұлының «Жерорта»; М.Шахановтың «Жаңа қазақтар», 
«Өркениеттің адасуы»; Қ.Жұмағалиевтың «Күншуақ», «Жүрегімнің бөлшегі»; Н.Айтұлының 
«Рухымның падишасы», «Бәйтерек»; С.Ақсұңқарұлының «Адам ата – Хауа ана», 
«Қызыларай»; С.Адайдың «Әр қазақ – менің жалғызым»; М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама»; 
М.Айтхожаның «Аңсау»; М.Рәштің «Киелі домбыры»; Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға орнын 
Ай бермес»; Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі»; Ғ.Жайлыбайдың «Жүрегімнің жұлдыздары», 
С.Дәуітұлының «Сарыбел сазы»; И.Ғайыптың «Жыр әлемі»; Т.Илиясұлының «Тас жарған»; 
Т.Рахымның «Дүлділ көңіл», «Алтайдан сәлем», Е.Раушановтың «Қара бауыр қасқалдақ», 
«Ғайша бибі»; Ұ.Есдәулетұлының «Қызыл кітап», «Заман-ай»; Е.Жақыпбектің «Аяулым», 
Д.Қанатбаевтың «Жатаған ымырт, биік таң»; Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы»; О.Тұржанованың 
«Шерқала»; Т.Әбдікәкімовтың «Ақшам хаттары»; Е.Асқаровтың «Астана жұртын айналсам»; 
Ж.Әскербекқызының «Қаракөз – бұлақ», «Қаңтардағы қызыл гүл»; А.Бөкеновтің 
«Салбаурын»; М.Қайыңбаевтың «Жарғақтағы жазбалар»; М.Бектеміровтің «Еңлік-гүл»; 
Б.Бекетованың «Көлбастау, «Сәмбітал»; Г.Салықбаеваның «Жан»; Т.Сарыбайұлының 
«Дария-дәурен»; Б.Серікбайұлының «Сам жымыраған шақ»; Т.Оразбайқызының «Ғашық 
едім»; О.Асқардың «Тәуелсіздік тартулары»; Қ.Бегманның «Сағыныш», «Қарашық»; 
Б.Жақыптың «Қолтаңба», «Айдындағы аспан»; Ж.Сәрсектің «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім», 
Ш.Жұбатованың 
«Гүлдегенде 
алма 
ағашы»; 
Б.Айболатұлының 
«Көзмоншақ»; 
Е.Алаштуғанның 
«Тақсыр 
күн»; 
Ж.Әшімжанның 
«Тұңғиық»; 
Б.Бабажанұлының 
«Көкемарал», С.Қамшыгердің «Сәйгүлік»; Ә.Балқыбектің «Сынған сәуленің сынығы»; 
М.Ершуованың «Жапырақ-ғұмыр», «Қоңыр»; Т.Толқынқызының «Біз – Таулықпыз»; 
Р.Сейілханованың «Мендегі бір әлем», т.б ел-жер жайлы, тарих пен таным туралы адамдық іс 
пен адамгершілік әлем, тәлім-тәрбие мәселесі, жан-жүректің қуанышы мен сүйінішті сәттері 
терең толғам, тебіреністі тұстарымен мәнді болып табылады. Қайсыбір ақын да ел 
тәуелсіздігін, азаттық пен теңдік мәселесін, бостандық пен еркіндік бағасын терең таниды. 
Оны жан-жүректен, көңіл толқындарымен барынша батыл, шынайы да шебер, сүйіспеншілік 
сыр-сезімімен суреттейді. Азаттық аңсаған елдің ұзақ уақыттар бойы бодандықта болуы 
жаугершілік пен отаршылдық ойранынан, азап пен езгіні, басып-жаншудың алуан қилы 
сәттерін бастан өткеруі, қиын да күрделі елдік мұраттар биігінде көрінуі ұлттық поэзияның 
жарқын да жасампаз беттерін айқындай түседі. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 


229 
1.
Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы: әдеби-сын еңбектері. – Алматы: «Жазушы», 1970. – 200 
б. 
2.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. (Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің 
тарихы). – Алматы: «ҚАЗақпарат», 2009. – 438 б. 
3.
Қайырбеков Ә. «Өлеңді қайтіп қоярсың?» // «Қазақ әдебиеті», №33 (1082). – 18 тамыз, 
2010. 
4.
Тарази Ә. Қазақ әдебиеті көтерілген биікке қазақтың өзге өнері әлі жеткен жоқ // «Нұр-
Астана». – 5 сәуір, 2006. 
5.
Медетбек Т. Ең алаяқтық тіршілік, ең опасыздық «саясатпен жұмысым жоқ» деген 
адмдардан шығады // «Айқын». – 27 мамыр, 2006. 
6.
Елубай С. Рух тәуелсіздігіне жету үшін әлі талай күресу керек // «Әдебиет айдыны». – 31 
мамыр, 2007. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет