405
Е. Ю. Балықованың айтуы бойынша көрнекілік принципі жаңа саналы білім алуға
ықпал етеді, оқу материалын терең игеруін қамтамасыз етеді, сонымен қатар когнитивті
белсенділікті тудырады, сондай-ақ жағымды эмоционалды әсер етеді және білім алушыларға
белгілі бір дәрежеде білім беру және тәрбие міндеттерін шеше алады [9; 21-бет].
Оқушылардың биология пәнінен білім алу кезінде табиғи заттарды пайдалану арқылы
жасалған биологиялық көрнекі құралдарды қолдану бойынша жұмыс барысында 7-сыныптың
тақырыптары анықталып, көрнекі құралдар жасалды және оқушыларға ұсынылды.
Зерттеу жұмысы педагогикалық практика барысында №17 мектеп-гимназиясында, 7-
сынып оқушыларына жүргізілді. Жұмыс барысында ең алдымен табиғи заттарды қолдану
арқылы биологиялық көрнекі құралдар жасалды, соның бірі ДНК макеті.
ДНК макетін дайындау үшін қажетті құрал-жабдықтар: демеуіш немесе тұғыр
(подставка), ағаш тіреуіштер (деревянные шпажки), ақ үрмебұршақ (белая фасоль), қызыл
үрмебұршақ, гуашь бояулары, қылқаламдар, ыстық желім, ыстық желімге арналған пистолет.
Жұмыстың орындалу барысы (1-сурет):
1.
Алдымен ағаш тіреуішті қалыңырақ және ұзындығын 35 см-дей етіп, тұғырдың қақ
ортасына мықтылап желіммен бекіту қажет;
2.
Содан соң аденин, тимин, гуанин, цитозин деп аталатын ДНК бөліктерін 5-6 см-дей
етіп бөліп 40 данадай дайындаймыз;
3.
Содан соң сол бөліктерді біртіндеп тұғыр ортасындағы тіреуішке спираль пішінге
келтіріп аденин=тимин және гуанин=цитозин қатары бойынша ыстық желіммен
жапсырып шығамыз;
4.
Содан соң әр бөліктердің ұшына ақ және қызыл үрмебұршақтарды дезоксирибоза және
фосфор қалдығы ретінде ыстық желіммен жапсырып шығамыз;
5.
Содан соң гуашь бояулары мен қылқаламды пайдалана отырып, тіреуіш пен тұғырды
ақ түсті бояумен, гуанинді – жасыл, цитозинді – сары, тиминді – қызыл, ал аденинді –
көк түсті бояумен бояп шығамыз.
1 -сурет. ДНК макетін жасау барысы
Достарыңызбен бөлісу: