Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет214/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

БАЛДЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ 
Қасен Ә.Е.., Орынбек Ә.Д. 
Ғылыми жетекші: Тлеуова З.Ш химия және биотехнология кафедрасының дәріскері 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
asemai.orynbek05@mail.ru
  
 
Аңдатпа: 
Мақала балдың сапалық құрамын жан-жақты қарастыруға бағытталған. Бал – 
қуаты жоғары тамақтық азық, адам ағзасын дәрумендермен, ақуызбен, ферменттермен 
тіршілікке қажетті заттармен байытады. Зерттеудің негізгі мазмұнын сәйкесінше балдың 
сапалық құрамы, кристалдануы және балдың сақталуы жайлы деректерді құрайды.
Түйін сөздер:
Исмаил балы, сапа, кристалдану, бор, крахмал, артық су.
Бал - аралар өндіретін негізгі гүл шырыны. Оның негізгі құрамын глюкоза мен 
фруктоза құрайды. Бұл аралар шығаратын тозаңның бар болғаны 3% құрайды, аралар 
балдың ерекше қасиеттерін анықтайды: бал адамға күш береді, иммунитетті нығайтады, 
жараларды емдейді, тыныштануға көмектеседі. Бал өте құнарлы, тойымды болғанына 
қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді, оның құрамы қанға, 
одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер 
(аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, 
натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге 
(каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант 
бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті. Қазір Қазақстанда өсімдіктің бес мыңнан 
аса түрі кездесетін болса, соның ішінде 250-дей түрі балды өсімдіктерге жатады [1]. 
Балдың түрлері мен кристалдануы жиналған өсімдіктерге байланысты болады. 
Кристалдану бұл – сұйық күйден қатты күйге ауысатын табиғи процесс. Бұл жағдайда өнім 
өзінің дәмін жоғалтпайды және барлық пайдалы қасиеттері мен құрамы сақталады. 
Сонымен қатар, бұл балдың табиғи екендігінің сенімді белгісі болып табылады. Бал 
негізінен табиғи қанттардан тұрады – глюкоза және фруктоза [2]. Көкшетау өңірі балдың 
әртүрлігімен белгілі. Ақмола облысында 1500-ге жуық омарташы бар, соның ішінде 
Исмаил балының маңызы зор. Аймақта өсірілетін күнбағыс балына ғана тән ерекшеліктері 
бар. Атап айтсақ, өзіне тән ашық сары түсті, дәмі тәтті және тұтқырлығы бар, әлсіз бал иісі 
тән. Бетін ақ жабын құрайды. Оны глюкоза қыртысы деп атайды.Сонымен бірге, қарақұмық 
және мақта балы да ереше сұраныста. Әр балдың сақтау мерзімі әртүрлі боып келеді. Көп 
жағдайда балдың хош иісі мен дәмі өзгермейді, сапасын сақтайды [3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет