Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет215/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Эксперименттік бөлім.
Зерттреуге келесі бал түрлері алынды: жасанды бал, Исмаил балы 
«Мақта балы», Исмаил балы «Күнбағыс балы», Исмаил балы «Қарақұмық балы. Бұл балдар 
жергілікті мекен жай бойынша омарташылар жинау нәтижесінде алынған балдар түрлеріне 
жатады. Салыстырмалы түрде аталған балдардың органолептикалық көрсеткіштері, бал 
құрамындағы артық су, бал құрамындағы крахмал және бор анықталды. Сонымен бірге
зерттеуге алынған бал түрлерінің «BIOLAM ЛОМО» жарық микроскопы арқылы 
кристаллдану түрлері қарастырылды. Химия және биотехнология кафедрасында білім алып 
жатқан 1 курс стдуенттері арасында бал туралы сауалнама өткізілді. 
 


402 
Балдың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау.
Бал түрлері нормаға сәйкес (кесте 
1). Кесте – 1. Балдың органолиптикалық көрсеткіштерін анықтау 
Балдың атауы 
Иісі 
Дәмі 
Түсі 

Жасанды бал 
Карамель
Жағымды қышқыл 
Сары 

Исмайл балы 
«Қарақұмық балы» 
Өзіне тән иісі бар 
Сәл ащылау 
Қызыл-қоңыр 

Исмайл балы 
«Мақта балы» 
Жағымды иісті 
Нәзік 
Ақ 

Исмайл балы 
«Күнбағыс балы» 
Әлсіз бал иісті 
Тәтті 
Ашық сары 
Балдың құрамындағы артық суды анықтау
. Судың бар-жоғын тексеру үшін қағаз 
майлыққа бір тамшы бал жағып, оны бірнеше сағатқа қалдыру керек Су қант шәрбаты болған 
жағдайда ғана болуы мүмкін. Табиғи балдардың құрамында су жоқ, ал жасанды балдағы қағаз 
майлықта 10 минуттан кейін ылғал ізі пайда болғанын көрсетті, демек жасанды бал құрамында
су бар (1 - сурет). 
1 – сурет. Балдың құрамындағы артық суды анықтау 
 
Балдың құрамындағы крахмалды анықтау. 
Балдың құрамындағы крахмалдың болуын 
анықтауға үшін бал ерітіндісіне бір тамшы йод қосу керек (2 - сурет). 
2 – сурет.
 
Балдың құрамындағы крахмалды анықтау 
Егер бал құрамында крахмал болса, бал ерітіндісіне йодтың спирттегі 5 %-тік ерітіндісін 
тамызған кезде балдың түсі көк немесе күлгін түске боялады. Тәжірибе нәтижесінде алынған 
3 түрлі табиғи балдың ішінен қарақұмық және күнбағыс балының құрамында крахмал болған 
жоқ. Ал табиғи мақта балы және жасанды балдың ерітіндісінің түсін өзгеріп, құрамында 
крахмал бар екенін көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет