Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ж.Аймауытов Писология оқулығы.
2.Морозова, Н. Г. Учителю о познавательном интересе / Н. Г.Морозова. // Педагогика и
психология. – 1979.
3.Бержанов Қ Педагогика тарихы.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
Әлібек Г.Б.
Профессор ассистенті, PhD Жанадилова Қ.Б.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Көкшетау қаласы
gulsaya.alibek002@gmail.com
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын, бірлесіп әлеуметтік тұрмыста
өмір сүретін адамдар. Отбасы шын мәнінде тату – тәтті болса, одан рухани адамгершілік,
қайырымдылық көрінісі туады. Отбасылық тәрбие- өмір салты, оның барлық құрылымдық
элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат- міндеттері ортақ, іс-
әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар отбасындағы тәрбиенің
субъектілері - ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер
осы элементтерді біріктіретін негізгі іс-әрекет болып табылады.
Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны
кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы- қоғамдық еңбек барысында
адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата
кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала
кезінен қалыптастырған. Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық
көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін
қалыптастырып отырған. Отбасы бала үшін ең қажетті үлкен рөл атқаратын орта. Бала
62
мектептен кейінгі көп уақытын отбасында ата-анасының немесе ата-әжесінің, бауырларының
қастарында өткізеді. Ата-анасына қарап, ата-әжесіне қарап кішкентай балада өзіндік тәртіп
пен тәрбие қалыптасады. Соған байланысты қазақта жақсы мақал бар «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің» деген. Ата-ананың жасөспірімдерді қалыптастырудағы ролі өте зор.
Ата-ананың бала алдында жеке басының үлгі-өнегесі, беделі жоғары болуы керек. Кез келген
адам ұшқыш немесе ұста бола алмайды. Ал өмірге ұрпақ әкелген соң өнегегелі отбасын құрып,
әке мен ана болу - әрбір адамның міндеті. Ата-ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары
болуы, өзгеге деген ілтипаты, үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпайы мінез, мейірімділік,
төзімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында өзінің оң нәтижесін берері анық.
Кез –келген жанұя, үйелмен өз балаларының мәдениетті ибалы, көркем, иманды,
Отанының сүйікті, қарапайым азаматы болып жетілуін қалайды. Демек кез келген жанұя
баласының тамаша адам болып қалыптасуы үшін өз жанұясында балаларын тәрбиелеудің
ұтымды жақтарының қағидаларын білуі шарт. Балаға қалай қарау керек екенін және де
баланың психологиялық жағдайын ата-анасының жақсы білуі ең басты шарты болып
табылады. Өйткені, баланың барлық жан-жақты қырларын, психологиялық жағдайын бәрін
ата-анасынан артық ешкім біле бермейді. Әр ата-ана өзінің баласының тәртібін, тәрбиесіне
жетік қадағалаумен үлкен көзқараспен өсіруі қажет. Себебі, жас ұрпақ- ол біздің
болашағымыз, мемлекетіміздің болашағы. Сол себептен келер ұрпаққа оң көзбен қарап, салт-
дәстүрлермен және де сапалы біліммен өсіруіміз қажет. Ол үшін мұғалімнінде алар үлесі зор.
Баланың ата-анасынан кейінгі ортасы мектеп, сондықтан сапалы біліммен дағдыға
машқтандыру, жеке тұлға етіп қалыптастыру ата-анамен мұғаліммін алдында тұрған ең үлкен
жауапкершілікті жұмыстарының бірі деп санаймын. Ата-ана мен мұғалім балаларды еңбекке,
жақсылыққа үндейді, адал болуға және Отанын сүюге шақырады. Барлық бала жақсы, жаман
әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-
қатынаста болса, перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Ендеше ата-аналар перзенттерін
еңбекшіл, Отанын қастерлейтін рухта тәрбиелеп, өздері үлгі бола білсе, баланың санасында ол
мәңгі мөрленіп қалады да, бүкіл өміріне азық болатыны сөзсіз.
Балаға негізінен үш ортадан тәрбие жұғады. Біріншісі – ата-ана , екіншісі – ұстаз, мектеп ,
үшіншісі – дос –құрбы. Әрбір ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болғаны жөн, онсыз бала
тәрбиесінде жақсы нәтижеге жету мүмкін емес. Ата-ана мен мұғалім бірлесіп жұмыс
жасағанда ғана бала бойына ізгі қасиеттерді толығынан сіңіруге болады. Қоғамда әдеп-инабат
терең тамырланып кең жайылғанда отбасының тәрбиелік ықпалы зор болады. Әрбір
отбасының қос тіреуі ата-ана Адам өмірінің талмас өзегі, таусылмайтын өлеңі іспетті – бауыр
еті-баланың қамы әр отбасының, ата-ананың ең басты тілегі, тіршілігінің діңгегі, болашақтан
көрсем деп үміті еткен қызығының қазығы. Бала болашағы – бір жанұяның емес, барлық
әлемнің, мемлекеттің бүгінін ертеңмен жалғайтын алтын көпір, асыл мұрат. Әр отбасында
дүниеге келген сәби, ата-анасының ғана емес, туған елінің ертеңі арқа сүйер азаматы, төл
ұлтының туын көтерер перзенті. Отбасы туралы, ата-аналар туралы көптеген ойшылдар,
ғұлама ғалымдар өздерінің пікірлерін, сөдерін айтып кеткен болатын. К. Д. Ушинский кезінде
ересектер назарын мынадай бір нәрсеге аударды: егер жас ағаштың жіп – жіңішке бұтағында
торғай отырса, бұтақ өзінің өсу бағытын өзгертеді. Бала да сол сияқты: ол өз жан дүниесінің
даму бағытын өзгерте салуы үшін онша көп нәрсе керек емес деп айтып кеткен болатын. Ал
Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Балаға үш мінез түрлі адамнан жұғады,оның
біріншісі ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан» деген екен. Мықты отбасы -
мықты мемлекеттің кепілі. Себебі Мемлекет отбасыларынан тұрады. Сондықтан мемлекет
отбасының мықты болуына назар аударуда. Ата-ана, мұғалім және қоғам бірлесе отырып
балаға тәрбие беретін болса, жеке тұлға қалыптастыруы сөзсіз. Отбасы – тұлға
қалыптастырушы бесік. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы
ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасы адами қарым - қатынастар негізі қаланады, бүкіл
өмірге жетер еңбек және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі,
мәдениетті , білімді болуы ең алдымен ата-анадан, от басы ошақ қасынан басталмақ.
63
Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге
болады, ол отбасы тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табатын отбасылық әдет-
ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс-
әрекетінен: дене және еңбек қызметі , ой белсенділігі , бос уақыт, дер кезінде тамақтану,
гигиена, ұйқы т.б. тұрады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып
табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы , оның іс-әрекетінің түрлері отбасының
тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше,
бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші
басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы
әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді
балаларының құлағына құйып өсірген. Баланы тәрбиелеуде ата-ананың мұғалімімен қарым-
қатынасы тығыз болуы шарт. Жас ұрпақтың өнегелі тәрбие, білім алуын оны жалғастырушы-
мектеп. Мектеп – қоғамдық ұйымдар мен отбасы тәрбиесін ұштастыратын негізгі ұйытқысы,
орталық.
Мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысты жүргізу талмай еңбек етуді қажет етеді.
Класс жетекшісіне артылар міндеттер жеткілікті. Бұл балалардың жанұясымен тығыз
байланыста болғанда талапқа сай іс—шаралар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз
тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.
Оқушымен жеке жұмыс барысында
мұғалімдерден оған қатысты асқан сезімділікті, кішіпейілдікті, қайырымдылықты,
ілтипаттылықты және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынандай жағдайларды
ескеруі тиіс:
Бала жанын жақсы түсіну.
Баланың таңдау еркіндігін қолдау..
Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау.
Бала тәрбиесіндегі жас ерекшеліктерінің ескерілуіне байланысты халық даналығы «Баланы
бес жасқа дейін патшадай құрметте, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін
жан досыңдай сыйла» дейді.
Қазақ халқы «егер балаң жаман болса төрдегі басыңды көрге сүйрейді», «ақымақ бала
алдыңда жүгіріп жүрген жынмен тең» деп күйінген. Ал, ата-анаға ұқсап туған жетелі бала
олардың кескін-келбетін, түр-бейнесін қайталаумен қатар туған тілін, салт-дәстүрін де
болашаққа әке-шеше бейнесіндей жоғалтпай апарады. Отбасының ішінде болып жатқан
қиындықтар немесе ата-анасының бір-бірімен ұрысуы т.б себептер балаға өте қатты әсер етеді.
Ал оны ата-аналары сезе бермеуі мүмкін. Сондықтан бала тұйық немесе ешкіммен сөйлескісі
келмей, сабағына деген қызығушылығы төмендеп, өз ішкі әлемінде жүруі бірден-бір мүмкін
нәрсе. Сол себептен, ата-аналар баланың көзінше артық әркеттерге бармауы, баланың көзінше
жаман сөздер айтпауы және де бір-бірімен ұрсыспауы қажет деп санаймын. Қазіргі кездің
қиындықтары десем, ол балалардың телефонда және компьютерлерде шектен тыс отырулары
болып табылады. Ата-ана баласының бос уақытда немен айналысып жатқанын қадағалау
керек. Гаджетті өзіндік бір мерзім аралығында қолдандырулары керек деп ойлаймын және
балаларды спортпен шұғылдандырған дұрыс, себебі баланың денсаулығына кішкентай кезінен
бастап қадағалаған жөн. Дене тәрбиесі – тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып
дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін,
денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда
аса маңызды қызмет атқарады. «Дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы,
қимыл-әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен еркі-жігерін жетілдіретін
негізгі тәрбие бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық,
табандылық қасиеттерді шыңдайды». Қандайда бір қоғам болмасын оның сәтті болуы болашақ
жастарының денсаулығына тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қоғам, жоғары қарқынмен
дамыған өндіріс дене бітімі жақсы жетілген, өндірісте жоғары қарқынмен жұмыс істей алатын
жасөспірімді қажет етеді. Адамның ширақтығы неғұрлым басым болса, соғұрлым атқаратын
жұмысы тиімді болады. Сондықтан әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты , көңілді, дене
бітімі жақсы дамыған тұлға ретінде көргісі келеді.
64
Дене тәрбиесі ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отанын қорғауға
лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады.
Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа
қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді. Дененің дамуы – адам дене күштерін нығайту
және жетілдірудің сапалық өзгеруін қамтиды. Мұндай көзқараста ол тек дене тәрбиесінің бір
ғана нәтижесі ретінде көрініс береді.
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық ойындарды меңгерту, оның даму тарихымен
таныстыру, қазақ халқынан шыққан спорт шеберлері жөнінде мағлұматтар беру де бала
дамуына оң әсер етеді..
Осы бағытта дене тәрбиесі оқушылардың белсенді танымдық және дене, сонымен бірге
денсаулықты шынықтыру әрекетін ұйымдастыруда көпжақты процесс. Сондықтан да дененің
саулығы адамның кез келген әрекетпен нәтижелі айналысуына зор ықпал етеді., соның ішінде,
әсіресе ақыл-ойдың дамуына әсері мол. Адам баласының өмірі мен атқаратын қызметтерінің
сипаты олардың дене күштерінің даму жағдайларына маңызды ықпал етері сөзсіз. Бұл,
әсіресе баланың жоғары деңгейде жалпы білім және кәсіби даярлығында көптеген
мағлұматтар алумен байланысты оның интеллектуалдық күшінде жүктеменің артуымен
көрініс береді.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Отбасындағы тәрбие
мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады.
Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, жанұялық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды,
адамгершілікті, иманды тұлға дайындау – отбасы міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Абай. Қ. Қара сөздер / Абай Құнанбаев. – Алматы: Өнер, 2006. 131-бет.
2.
Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. 350-бет..
3.
Жақыпов Қ.. Баланы семьяда тәрбиелеу – Алматы: «Білім» 1987, 24-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |