571
Қант диабеті инсулинге тәуелдінемесе І типті қант диабеті (инсулин зависимый),
инсулинге тәуелсіз немесе ІІ типті қант диабеті (инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді
[4].
І типті қант диабетімен көбінесе 10-13 жастағы балалар ауыратындықтан, оны
жасөспірімдік диабет деп те атайды. Бұл ауру вирустық жұқпалы аурулар жиі таралатын
көктем мен күзде көрініс береді. Сонымен қатар бұл типтің дамуына химиялық заттардың да
әсері болады.
ІІ типті қант диабеті 60-70 жастағыларға тән. Инсулин жеткіліксіздігі байқалады.
Аурулардың көпшілігі терінің қышуы, шөлдеу сияқты белгілермен шағымданады.
Инсулинсіз ағза қант түйіршігін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында
қант мөлшері артады [5].
Қант диабетінің пайда болуының ең басты себептерінің бірі - тамақтану салтының
өзгеруі,атап айтқанда қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану
болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау
семіздікке әкеліп соқтырады.Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке
телінеді.
Қант диабетіне шалдыққан адамның ауыз қуысы құрғап, суға деген құмарлығы артады,
кіші дәреті жиі, әрі көп мөлшерде болады, жұмыс істеу қабілеті төмендейді,тамаққа тәбеті
артады. Жүрек, бүйрек, көз және аяқ-қол қан тамырларында қан айналымының бұзылуынан
жиі-жиі
басы
аурады,
жүрегі
қағады,
қан
қысымы
тұрақсызданады,аяқтың
башпайлары,қолдың саусақтары ұйиды, жансызданады,ұйқысы бұзылады,көздің алдында
маса жүргендей қара дақтар көлбеңдейді,тез шаршайды,кіші дәреті бұзылады,көздің көру
қабілеті төмендейді аяқ-қол терілері қышиды [6].
Қант диабетінің жедел асқынуларының ішінде жиі кездесетіні кетоацидоз, сонымен
қатар,
гипогликемиялық
кома
да
болуы
мүмкін
(2-сурет).
Айқын қант диабетінде науқастың жағдайына сай ем қолданбаса,сырқат өлім қаупін
тудыратын комаға ауысуы мүмкін [7].
Кетоацидоз даму себептері:
1. Инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын науқастың дәрігерге уақытында
қаралмауы.
2. Инсулинотерапия жүргізудегі қателіктер.
3. Науқастың өз ауруына дұрыс қарамауы.
4. Жедел инфекциялық аурулар, жүрек –қан тамыр аурулары(инсульт; миокард
инфарктісі).
5. Инсулинге қажеттілікті жоғарылататын физикалық, психикалық жарақаттар,
хирургиялық операциялар, жүктілік т.б.
1 - сурет. Қант диабетінің жедел асқынуы кезіндегі белгілер
Достарыңызбен бөлісу: