Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


-сурет. John Deere компаниясының әзірлеген Starfire 6000 қабылдағышы және



Pdf көрінісі
бет349/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
1-сурет. John Deere компаниясының әзірлеген Starfire 6000 қабылдағышы және 
оның жұмыс істеу принципі 
 
 
Ауылшаруашылығы саласындағы навигациялық жүйелер, яғни John Deere 
компаниясының әзірлеген Starfire 6000 қабылдағышы келесі міндеттерді шешуге арналған: 
Ауыл шаруашылығы техникасының екі өтуі арасындағы қосарлы өңдеу желісінің енін 
азайту арқылы тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, тұқымдарды, жанармай 
және басқа да өндіріс құралдарын үнемдеу. Бұл орындалған жұмыс құнынан 3-тен 15 пайызға 
немесе одан да көп (әртүрлі технологиялық операциялар кезінде) ауытқуы мүмкін. Ауыл 
шаруашылығы техникасын пайдалануды күшейту (түнде, тұманда, шаң мен түтінде егіс 
алқаптарында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді). Бұл өз кезегінде барлық технологиялық 
операцияларды дер кезінде орындауға мүмкіндік береді, сонымен қатар егіннің саны мен 
сапасына оң әсер етеді. Барлық технологиялық операциялардың дәлдігін, демек, сапасын 
арттырады. [2; 6-бет] 
Нақты егіншілікті көбінесе координаталық егіншілік деп атайды. Дәстүрлі 
тұжырымдамадан басты айырмашылығы, нақты навигациялық координаттарға байланысты, 
сонымен бірге бүкіл өрісті есепке алу бірлігі ретінде қарастырмайды. Жалпы алғанда, оның 
әрбір жеке (жаһандық позициялау дәлдігімен салыстыруға болатын) учаскесі оның рельефінің 
мәндерімен, құнарлылық, өсімдік құрамы және басқа белгілерді есепке алады. Жиналған және 
өңделген мәліметтер негізінде, осы учаскелердің әрқайсысына байланысты нақты өсіру үшін 
қатаң анықталған және негізделген агротехнологиялық әдістерді қолдануды білдіреді. Нақты 


630 
егіншілік өсімдіктердің тіршілік ету ортасының өзгергіштігін ескере отырып, дақылдардың 
өнімділігін басқаруға негізделген. Нақты егіншілік ресурстарды үнемдейтін экологиялық ауыл 
шаруашылығының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады және интеграцияланған жүйені 
қолдануды көздейді [3; 46-бет].
Нақты егіншілік ресурстарды үнемдейтін егіншілікті дамытудағы заманауи 
бағыттардың бірі болып табылады. Оның мәні –кез келген процесс барысында өсімдіктердің 
өсуін, олардын қажеттіліктеріне сәйкес басқару болып табылалды. Нақты егіншілік 
технологиясының пайдалану стратегиясы барынша толық агротехнологиялық шешімдерді 
әзірлеу, оларды оңтайландыру үшін әртүрлі ақпаратты тарту және пайдалану, нақты топырақ-
климаттық және экономикалық жағдайларға бағытталған. Сонымен қатар, ауыл 
шаруашылығы кәсіпорнының ең жоғары сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізу 
үшін негізгі технологиялық операцияларды саралап жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Нақты егіншілік - қарқынды дамып келе жатқан жүйе. Ғылымды қажет ететін 
технологияларды, техниканың соңғы жетістіктерін, басқарудың жаңа әдістерін қолдану болып 
саналады. Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығының стратегиясы мен практикасын дамыту 
және бейімдеу - координаталық егіншіліктің негізгі бөлігі. 
Қорытындылар: 
1.
Нақты егіншіліктің жабдықтары мен технологияларының кешенін пайдалану 
мыналарды қамтамасыз етеді:

топырақ құнарлылығының алуан түрлілігін және өсімдіктердің биомассасын, 
өрістердің фитосанитариялық жай-күйін ескере отырып, өсімдіктерді қорғау құралдарын 
ескеретін тыңайтқыштарды саралап қолдану; 

ауыл шаруашылығы операцияларын орындаудың жоғары дәлдігіне қол жеткізуге 
мүмкіндік беретін спутниктік навигация негізінде аспаптарды қолдана отырып, негізгі 
агротехникалық іс-шараларды жүргізу. 
2.
Нақты 
егіншілік 
технологияларын 
қолдану 
дақылдарды 
өндірудің 
экономикалық және экологиялық көрсеткіштерін жақсартады.
Қазіргі кезде нақты егіншілік Қазақстанда дамып келе жатыр. Нақты егіншілік дамыған 
сайын Қазақстанның ауылшаруашылығы, астық жинау процесстері жаңа деңгейге шығуда. 
Егер StarFire және соған ұқсас құрылғыларды үнемі қолдансақ, еліміздегі нақты егіншілік 
саласы ары қарай дамуға болашағы бар. 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
Тозик, О. Д. Исследование применения систем точного земледелия в сельском 
хозяйстве / О. Д. Тозик ; науч. рук. Е. И. Подашевская // Перспективная техника и технологии 
в АПК : тезисы Международной научной конференции студентов, магистрантов и аспирантов, 
Минск, 18–26 мая 2020 г. - С. 158-162. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет