Анау ару – Анам ба, теріс қарап,
Кімді қысып барады құшағында?
Ақын жалғыздығы мүмкін әкесінің дүниеден өткенінен басталған болар, бірақ ақын
нағыз жалғыздықты анасынан жырақта өскенде сезінді. Осы өлең жолдары арқылы анасының
баласын жалғыздыққа қалдырып, әйел бақытын таңдағаны үшін жазғырғанын байқаймыз.
Анау бала – өзім бе- жаутаңкөзді,
Жылылықты сезбеген өмірінде?...
Дәуренімді өшірген алақайлы,
Талай сұмдық көрсем де талапайлы,
Мен әлемді кешірем.
Бірақ қалай,
Жұбатамын іштегі балақайды?...
[3,33]
Басқалардан мейірім мен махаббат іздеген ақын көңілі сол бір жылылықты ешкімнен
сезбегенін, балалығында тек жалғыздық сезімін ғана бастан кешіргенін айтады. Балалық
шағын өшірген сол бір жетімдікті, өз көрген қиыншылығын барлығын ұмыта алатынын, бірақ,
кеудесіндегі жүрек деген түймені қалай жұбатарын білмей дел-сал болған ақын өлеңін
бағаламау мүмкін емес.
«Көше» өлеңінде де ақын жалғыздық туралы жырлайды. Өзін сол көшедегі бір
қайыңға теңейді.
Түкпірінен мынау туған көшенің,
Жалғыздығым қолым бұлғап тұратын.
Бұл көшеде қурап қалған бір қайың,
Жалғыздықпен сырласатын күн сайын
[3,52].
Өмірінде жан жалғыздығын ұмыттай, әрдайым соны ойлап жүретіндігін жеткізген. Өзін
қайыңға теңей отырып, махаббат пен мейірім көрмей, тек жалғыздықты ғана сезінгенін
сырласу деп келтіреді.
Көз жасымның бір тамшысын қалдырдым,
Жалғыздықтың атындағы көшеге
[3].
Өмірде әр түрлі сезімдер бар, соның ішінде жалғыздықты көбірек сезініп, үнемі көз
жасын төгіп қиналған ақын осы жолы бұл көшеге тек бір тамшы ғана көз жасын қияды.
Біз жоғарыда атап өткендей ақынға анасының ісі қатты әсер еткен. Осындай бір шақтарында
анасына арнап «Серт» өлеңін жазған. Ол өлеңде ақын анасына деген сағыну мен аңсау сезімін
652
жеткізіп, жүрегінің мұздап бара жатқанын, ана махаббатына зар болғанын жырлайды. Осы
өмірде өз сұрағына жауап ала алмаған ақын, келесі өмірде сұрағына жауап алатынына серт
берген.
...Сен мені аңсамадың, іздемедің.
Айналды ғой көңілім күзге менің...
Мен сонда да үзбеймін күдерімді,
Біле тұра, қайғырып бітерімді,
Бұ Дүниеде жүрсеңде зарықтыра,
О Дүниеде бәрібір жолықтырам!...
[3,254].
Жалпы, ақынның жалғыздығы – жетімдігінде, ана махаббатын сезіне алмауында екені
осы өлеңде анық көрініс тапқан.
Туғанымнан жалғызбын деген ойын ақын «Кәрі бала» өлеңінде жеткізе білген. Бұл
өлеңде өмірден түңілу сезімі әлдеқайда басым. Өгей әкесінен көрген қорлығын да айтып өтеді.
Күнде өтеді бір жетім тумай жатып есі өлген.
Қайыр сұрап шығады ол кәрі шалдық түр-өңмен
[4]. Әкесінен
айырылып,анасынан жырақта өскен ақын балалық шақты көрмей, тез есейгенін жырлай
отырып, жылулық іздеп, мейірімге қайыршы болғанын осы өлең шумақтарынан көреміз.
Тақияға ескірген соқыр теңге дөңгелеп
Түсе қалса,
Сырқаттан айығам деп ойлайды.
Қолындағы шыбықты аспап қылып ойнайды.
Кімді іздеп жүр бұл бала тым қатыгез әлемнен?...
[4,18].
Өзіне күліп қараған адамдарды жалғыздығынан құтқарып, мейірім береді деген балалық
ойын білдіріп, жанын жалаңаштаған, өзін қайғыға ұшыратқан жалғыздықтың емін іздеп, өзін
қоршаған адамдардан жылулық күтеді. Бірақ, әлі күнге дейін шын жанашыр адамды
таппағанын, мына әлемнің әлі күнге дейін өзгермегенін жырлаған.
Жетімдік тауқыметін тартып, бар әлемге деген өкпе-ренішін, жүректегі дертін
жалғыздығына арқау етіп, қазақ поэзиясына сол жалғыздық деген ұғымды жаңаша түсіндіре
білді деп айтар едім.
Келесі кезекте жалғыздықтың емін махаббаттан іздеген ақын өлеңдеріне тоқталайық.
Ақберен ақынның осы тақырыптағы өлеңдерінің қатарына «Сұрамасынды» да қосуға болады.
Сені ешкімге бермеймін!
Сұрамасын!
Сұрамасын, жанымның мұнарасын!
Маған сені Тәңірдің өзі берген,
Пейіште періштелер жылағасын
[16,264]!
Ешкімнен жылулық көрмеген ақын өзін махаббатқа бөлеген, дертінен айықтырған
жан-жарын бар әлемнен қызғанып, кеудесін үрей билеген. Сол себепті Тәңірі берген жан
емшісін ешкіммен де бөліспейтінін жеткізген. Осы өлеңдегі «пейіште періштелер жылағасын»
шумағы туралы оқырмандар арасында көптеген пікірлер бар. Бәрінің көңілінде «қазақта
мұндай тіркес бар ма?» деген сұрақ. Ақберен жастайынан тағдырынан таяқ жеп, жалғыздық
күйін кешкендіктен, пейіште періштелер оның жанына серік сұрап жылаған. Ақын
жаңашылдығы да өзіне тән сөз тіркестерін қолдана білуінде.
Жалпы, ақынның жалғыздық туралы өлеңдерінің барлығы өз ішіндегі сырын, сезімін,
жан-күйін терең жеткізе алған.
Әдебиеттер:
1.
Пірәлиева Г.Ізденіс өрнектері. – Алматы: Атамұра, 2015. – 324 б.
2.
Брюнинг В.Философия антропология. Исторические предпосылки и современное
состояние. – Екатеринбург: Деловая книга,1997. – 240 б.
653
3.
Ақберен Е. Көлеңкелер күбірі: өлеңдер / Елгезек Ақберен.- Астана: Фолиант, 2009. –
146 б.
4.
Елгезек А. Шексіздік сыртындағы шам:Өлеңдер. – Алматы: Хантәңірі, 2014. – 324 б.
Достарыңызбен бөлісу: |