Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет379/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   532
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Байдилдина Ж.Н., Жақия А.Е. 
Ғылыми жетекші: э.ғ.м., аға оқытушы Жуманбаева Т.К. 
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды қаласы. 
zhanerkebaidildina@gmail.com
 
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасты және әлде де қызмет етуде. 
Бұл мәселемен Индустрия және сауда министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау 
министрлігі, Қаржы министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Статистика 
жөніндегі агенттігі және атқарушы биліктің басқа да органдары мемлекеттік деңгейде 
айналысады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік қорлары құрылған. 
Дегенмен Қазақстанда шағын кәсіпкерлік қызметін қолдау бойынша қызмет ету саласы 
біркелкі дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, оның табысты дамуы 
мемлекеттік қолдауға, осы қызметтерді қажет ететін кәсіпкерлерге, жеке кәсіпкерлікті 
дамытуды көздеген тұлғалар тең дәрежеде тәуелді. 
Республика басшылығының Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу 
елдің қатарына кіруіне стратегиялық бағыты шағын кәсіпкерліктің қуатты экономикалық күш 
ретінде дамуына алып келеді. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған 
орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жағдайында шағын кәсіпорындардың 
тиімділігі мен тұрақтылығы, олардың қатысуымен жаңа шаруашылық байланыстарды, оның 
ішінде сыртқы экономикалық байланыстарды белгілеу, өндірістік және инновациялық 
қызметті жандандыру ерекше маңызға ие болады. 


691 
Еліміздегі жағдайға келер болсақ, 2019 жылдың желтоқсанындағы статистикаға сәйкес, 
Қазақстанда 1,6 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген болатын.
Тіркелген 
шағын бизнес субъектілерінің саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, жұмыс істеп тұрған 
субъектілердің басым бөлігі Алматыда (244 мың), Нұр-Сұлтанда (179 мың) және Түркістан 
облысында (155 мың) орналасқан.
Covid-19 пандемиясының белең алуына орай енгізілген төтенше жағдай режимінің 
салдарынан көптеген кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуға немесе қашықтан жұмыс 
істеуге мәжбүр болды. 2 ай бойы қызметі тоқтаған кәсіпкерлер түрлі қиындықтар мен 
қаржылық шығындарға ұшырады. Алайда, заман талабына тез бейімделіп, жұмысын онлайн 
ұсынатын және тауарларын үйге дейін жеткізіп беру қызметін іске қосқан кәсіпкерлер аталған 
дағдарысты оңай еңсерді 
[1]

Алайда, шағын және орта бизнеске көмектесу мақсатында Қазақстан үкіметі де бірнеше 
шараны қолға алғанын атап өткен жөн. Барлық заңды және жеке тұлғалар 12 ай мерзімге дейін 
жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 8,3% аспайтын несие алуға құқылы. Заңды тұлғалар 3 
млрд теңгеге дейін, ал жеке кәсіпкерлер 50 млн теңгеден аспайтын кез келген сомада несие 
алуына болады. 
2020 жылдың қойылған мақсаты – еліміздің белсенді шағын және орта бизнесті сақтап 
қалу болды. Бұл өз кезегінде кезек күттірмейтін және тез әрекет етуді талап ететін міндеті 
болып саналды. 
2015 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде Қазақстандағы шағын және орта 
кәсіпкерліктің даму серпіні оң нәтижелерді көрсетіп отыр. ЖІӨ-дегі шағын және орта 
кәсіпкерліктің үлесі 7,9%-ға артып, 34,7%-ға жетті. ШОБ өнімдерін шығару 2 есеге жуық 
артып, номиналды мәнде 29,7 трлн теңгеге жетті. Жұмыс істеп тұрған ШОБ-тың жалпы саны 
15,2%-ға артып, 1,4 млн субъектіге жетті. ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 
10,6%-ға артып, 3,5 млн адам болды.
2022 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шағын 
және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 млн жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13,3% 
артық. Шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы санындағы үлесі: 

ЖК (ИП) – 65,3%; 
Шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 20,2% [2].
ШОК-ты дамыту бойынша тиісті шаралар мен нысаналы көрсеткіштер елдің 
стратегиялық құжаттарында – "Қазақстан-2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты" стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық 
басымдықтарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму 
жоспарында, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға 
дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық 
саясат тұжырымдамасында және басқаларда көзделген. 
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін 2030 жылға дейінгі шағын және 
орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжатқа сәйкес, шағын және орта 
бизнестің дамуына жаңа серпін беру үшін қажетті институционалдық жағдайлар мен 
алғышарттар қабылданатын болады. Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға қарай осы 
салада жұмыс істейтіндердің санын 5 миллион адамға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. 
Сондай-ақ 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесін 40%-ға, жалпы ішкі өнімдегі 
орташа компаниялардың үлесін 20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтарға 
кәсіпкерлік қабілеттерін іске асыруға тиісті жағдай жасап, ашық әрі адал бизнес жүргізгенде 
ғана аталған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болады» -, деді Ә.Смайылов [3]. 
Кәсіпкерлікті дамыту саласында 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 35 %-ға 
дейін және 40 %-ға дейін ұлғайту стратегиялық мақсат болып табылады. 
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамыған елдермен салыстырмалы талдау жалпы 
ішкі өнімге қосқан үлесі және халықтың жұмыспен қамтылуы сияқты көрсеткіштер бойынша 
айтарлықтай артта қалушылықты көрсетеді, бұл ретте дамыған елдердегідей Қазақстанда 
ЖМК барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 70% - дан астамын құрайды.


692 
Шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін негізгі факторлары:

халықтың төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі, әсіресе ауылдық жерлерде, 
жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен және кедейлік шегінен төмен тұратын халықтың 
үлкен үлесі;

айналым қаражатының жетіспеушілігі;

кәсіпорындарды оның жоғары құнына байланысты жоғарғы өнімді 
жабдықтармен жеткіліксіздігі;

сапалы шикізат пен жартылай фабрикаттардың жетіспеушілігі;

импорттық аналогтармен салыстырғанда жергілікті шағын кәсіпорындар 
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі төмен болуы;

шағын бизнес субъектілерінің (әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын қайта 
өңдеу кәсіпорындарының) несиеге қабілетсіздігі;

қаржы және ғылыми мекемелердің санының жеткіліксіздігі;

халықтың білім-мәдени деңгейінің төмендігі;

коммуникацияның дамымауы. 
Шағын бизнесті дамытудың негізгі қаржылық тетіктеріне фискалдық және несиелік-
ақшалай құралдар жатады. Өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту үшін негізгі қаржылық емес 
бизнес-білім беру болып табылады. Сондықтан Қазақстанда шағын бизнесті дамыту көбінесе 
кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудағы жоғары білікті кадрларға байланысты. 
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік қорлары құрылған. 
Дегенмен, Қазақстанда шағын кәсіпкерлік қызметін қолдау бойынша қызмет ету саласы 
біркелкі дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, оның табысты дамуы 
мемлекеттік қолдауға, осы қызметтерді қажет ететін кәсіпкерлерге, жеке кәсіпкерлікті 
дамытуды көздеген тұлғалар тең дәрежеде тәуелді. «Шағын кәсіпкерлік» туралы ҚР Заңына 
сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, Қазақстан 
Республикасында кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін құқықтық, әлеуметтік және 
экономикалық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік шаралар кешені, ал жеке кәсіпкерлік 
инфрақұрылымы – шағын кәсіпкерлік қызмет етудің және дамуының жалпы жағдайларын 
қамтамасыз ететін ұйымдар кешені. 
Бүгінгі күнде шағын кәсіпкерлікті қолдау саласында түрлі институттар бар. 
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау механизмдері шағын кәсіпкерлікті қолдаудың 
сараланып дамыған инфрақұрылымы арқылы жүргізіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін 
тұрақтануын және қалыптастыруын ынталандыру үшін мемлекеттік даму институттары 
құрылған.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту механизмдері келесі жолдармен жүзеге 
асырылады:

қаржылық көмек көрсету;

шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ұйымдастыру;

кәсіпкерлік-инкубаторлар қызметін ұйымдастыру;

ШКС бір жылдан астам уақытта қолданбаған мемлекеттік меншік объектілерін 
сенімді басқаруға немесе жалға беру;

ШКС ҚР Үкіметі бекіткен тәртіппен келісімге отырғаннан кейін бір жылдан астам 
уақыттан соң өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыруға сенімді басқаруға немесе 
жалға берілген объектілерді қайтарымсыз негізде беру. 
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша 
сипаттауға болады: Табыстылықтың және өсімнің кепілі ретінде жеке меншікті қорғау. 
Кәсіпкерліктің дамуы үшін жеке меншік институты кәсіпкерлері кез келген табыс алуды емес, 
алдағы уақытта өндірістің дамуы туралы ойлайды. Кәсіпкерлікке толықтай қолдау жасау 
саясатын жүргізу. Бұл саясат кәсіпкерлікті мемлекеттік даму бағдарламасы етіп жариялауды, 
кәсіпорын ашудың еркіндігін беруді, өндірістік қызметтің еркіндігін, жарғылық капитал 
талаптарына шек қоюды мәлімдейді. 


693 
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті 
дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған, алайда әлі күнге дейін халықтың көпшілігі арасында 
арнайы сауаттылықтың қажетті деңгейі жоқ, кәсіпкерлік саланы қолдаудың өңірлік саясаты 
қалыптаспаған, кәсіпкерлік саласын қаржыландыруға қолжетімділік шектелген, теріс бизнес-
ахуал, кадр ресурстары мен өткізу нарықтарымен проблемалар және мұның бәрі осы саладағы 
бірқатар мәселелердің себебі болып табылады. 
Қорытындылай келе, мәліметтер бойынша шағын бизнестегі кәсіпорындар саны артып 
келеді, сонда да, отандық кәсіпкерлікті шектейтін негізгі себептерге: кәсіби білімнің 
жетіспеуі, несие беру (тек бастаушыларға арналған), инновациялық идеялармен 
қаржыландыру көзінің түйіспеуі, тіркелген, бірақ жұмыс істемейтін кәсіпорындар санының 
өсуі т.с.с. жатады. 
Сонымен, еліміздің тұрақты экономикалық дамуы үшін шағын және орта кәсіпкерлікті 
сапа жағынан жетілдіру өте маңызды. Негізгі мәселелерді анықтап, оның ұтымды шешімін 
таба алған жағдайда ғана біз экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіземіз. 
Әдебиет 
1.
https://informburo.kz/kaz/shayn-zhne-orta-biznes-zhadayy-zhne-ony-alpyna-keltrud-3-
zholy-leumettk-zertteu.html 
2.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2200000250 
3.
Үкімет Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі 
тұжырымдамасын мақұлдады - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми 
ақпараттық ресурсы (primeminister.kz)
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет