Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


)Үй шарушалығына арналған тауар, бәрімізге белгілі «Mr. Proper» өнімінің



Pdf көрінісі
бет457/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

3)Үй шарушалығына арналған тауар, бәрімізге белгілі «Mr. Proper» өнімінің 
жарнамасын қарастырайық 
[8]. 
 
Бұл өнімге қатысты мазмұны жағынан ұқсас бірнеше жарнамалар бар. Әр жарнамада 
үй шаруашылығымен айналысатын, үй жинап, еден жуып жүрген әйел адам образы беріледі.
Үй жинауға арналған тауарлардың жарнамасында тек әйел адамдардың түсуі, қоғамда 
қалыптасқан «ер адам үй шаруасына араласпайды» деген гендерлік таптаурынға негізделіп 
түсірілгенін айқындайды. 
4)
 
Әйел адамдарға арналған крем «Miss L’Oreal Paris» 
[9]

Жарнама гендерлік таптаурындар бойынша әйел адамға жақын ақ пен күлгін түсте 
түсірілген. Ақшыл түстердің көп берілуі әйелдерге тән нәзіктік пен сезімталдық образын 
бейнелейді. Жарнамада бірден тауардың ерекшелігі туралы айтылады.
«-Гиалурон қышқылы»
«-Жаңа! Лореаль Парижден гиалурон қышқылы»
Өнімнің ерекшелігі мен пайдасын көрсету мақсатында оның құрамы жайында түсінік 
беріледі.
«-Гиалурон қышқылының екі түрі 
1) Жоғары молекулярлы
Қарқынды ылғалдандырады және әжімдерді тегістейді
2) Төмен молекулярлы
бетті ылғалдандырады»
Тұтынушылардың, яғни әйелдер қауымының тауарға деген қызығушылығын арттыру 
үшін өнімді қолдану барысында қандай нәтижеге қол жеткізуге болатыны жайлы айтылады.
«-Балғындық пен жылтырлық гиалурон қышқылының екі түрімен бірден қайтарылды»
Жарнаманы эмоционалды-экспрессивті контекспен аяқтайды.
«-Өйткені сен оған лайықсың»
Дәрі-дәрмек жайындағы жарнамаларда әйел адамның ауыруы қалыпты жағдай сынды, 
себебі жарнамада еркек адам әлсіз болмауы тиіс деген стереотип қалыптасқан. Мысалы, 
Мезим компаниясының жарнамасында жанұяның ерлері ауырғанымен оны өздері айтпайды 
және түр бүлдірмеуге тырысады, ал Пикалакс, Дюспаталин, Дюфалак, және Но-шпа 
компанияларының жарнамасында отбасында әйел адам ауырып, оны әлсіз, нәзік жағынан 
көрсетеді.
Бір сусын екі түрлі жарнама. Әлемге танымал Coca-cola сусынына түсірілген 
жарнамалардың бірінде әйел адам екіншісінде ер адам көрсетіледі. Екеуі де 2019 жылы 
түсірілген, алайда статистика бойыша әйел адамның жарнамасы ер адамның жарнамасынан 
гөрі 20% өтімдірек болған. Бұның себебін әйел адам түскен жарнама мәтінінде 
«шуақты 
сәттерді бірге сезін»,«жаздың тамаша күнінде сергіп ал», «күліп жүр», «өмір тамаша!» 
сынды позитивті, эмоционалды сөздер көбірек кездессе, жарнамасында эстетикалық 
әдемілікті көрсету, әр түрлі түстердің пайдаланудағы үйлесімділік болып табылады. 
Осылайша, көз жеткізіп отырғанымыздай, жарнамалық хабарламаны құруда гендерлік 
факторлар мен таптаурындар негізгі рөлдердің бірін атқарады. Гендерлік стереотиптерге 
сүйене отырып түсірілген жарнамаларға деген сұраныс жоғары болып, сатушылар үшін 
тауарды өткізудің ең ұтымды жолы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 


857 
1.
Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану 
ерекшеліктері: Филол.ғыл.канд.дис. –Алматы, 2006 -117 б. 
2.
https://netology.ru/blog/gendernye-stereotipy-v-reklame
 
3.
Масалимова Д. Когнитивно-прагматическое описание гармонии и дисгармонии речевого 
общения: Автореферат... канд. фил. наук. – Алматы, 2005. – 28 с.
4.
https://www.insales.com/ua/blogs/blog/gendernaya-reklama
  
5.
В. И. Воронкова «Гендерные особенности рекламы на уровне текста» мақаласы, 
2011ж.https://cyberleninka.ru  
6.
Жарнама 
https://youtu.be/X1ns-SBjKwI
  
7.
Жарнама 
https://youtu.be/sILZF8mXpg8
  
8.
Жарнама 
https://www.youtube.com/watch?v=XUYKnIYVCVA
  
9.
Жарнама 
https://youtu.be/r6Rj6fKfThQ
  
10.
Жарнама 
https://www.youtube.com/watch?v=hd8lGFs7W7w
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет