Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет480/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   532
ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Райқұл Гүлжанат 
Ғылыми жетекші: Шахманова Г.Ш., педагогика ғылымдарының магистрі, лектор 
ассистенті 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
gulzhanatraikul@gmail.com
  
Ұлттық болмыстың тілдегі көрінісі антропонимдер екені белгілі. Әр ұлтты іріктеп-атап 
көрсетер номинативтік бірліктердің бірі әр адамның өзіне тән лингвомәдени белгісі, яғни аты 
болып табылады. Адамзат өміріндегі әрбір жеке тұлғаны даралаушы лингвистикалық таңба – 
адам есімдері халық санасында танылған идеялар жиынтығының көрінісі. Кісі аттары – ерте 
заманнан бері ғылым мен мәдениеттің айрықша зерттеп келе жатқан нысандарының бірі. 
Қазақ тіл білімінде бұл сала маңызды және көлемді бола отырып, әрдайым дамып, жетілу 
үстінде. Адам есімдерін қарастыратын тіл білімінің антропонимика саласы XX ғасырдың 30-
жылдарынан бастап ғылымның зерттеу нысанына айналып, ғылыми мәртебеге ие болды.
Антропонимика – тіл тарихын, ұлт гендерлігін зерттеуде құнды да бағалы мұра. 
Антропонимияның зерттеу объектісіне адамға қатысты барлық атаулар жатады: кісі аттары, 
әкесінің аты, тегінің атауы, ру аттары, лақап аттары, бүркеншек аттар, криптонимдер [1].
Кейінгі жылдары тіл білімінде тілдік бірліктерді антропоцентристік бағытта зерттеуге 
көп көңіл бөлініп жүр. Яғни, негізгі ғылыми бағыты адамға, адамның бойындағы қасиеттерін 
анықтауға бағытталып жүр. Осы аспектінің маңызды бір бөлігі ретінде гендерлік зерттеулерді 
де айтуға болады. Гендерлік зерттеулердің басты ерекшелігі – қоғамдағы ер адамдар мен 
әйелдердің қарым-қатынасындағы мәдени факторларды, әлеуметтік факторларды және 
ерекшеліктерді анықтау, белгілі бір жынысқа жататын тұлғалардың өздеріне тән мінез-
құлықтары, олардың қасиеттерін, таптаурын сипаттарын талдау. 
«Гендер» ұғымы алғаш ағылшын ғалымдарының еңбегінде көрініс тапқан. Ағылшын 
тіліндегі «гендер» сөзі грамматикалық род категориясын білдіретін термин ретінде жұмсалған. 
Бұл кейін әлеуметтік философияға, әлеуметтануға, тарихқа, басқа да ғылым салаларындағы 
зерттеулерге ауысқан. Қазіргі таңда гендерлік зерттеу, гендерлік аспект, гендеристер, 
гендерология деген терминдер қалыптасып, дамуда [2,153]. 
Біздің тілдік қолданысымыздағы адам есімдерінің қойылуы осы гендерлік сипатқа да 
байланысты. Кез келген халықтың антропонимиясында әйел мен еркек есімдері болады, олар 
дүние туралы білімді толықтырады, өзінің семантикасында ер мен әйелге деген 
тұжырымдылық ұлттық дүниетанымды, мәдени әрі әлеуметтік құбылыстарды бейнелейді. 
Сондықтан жалқы есімдер жүйесін зерттеуге арналған гендерлік бағыт антропонимияны жаңа 
қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Ең алдымен балаға ат қоярда оның жыныстық ерекшелігі ескерілетіні белгілі. Қазақ 
халқының сәбиге ат қою үрдісінде гендерлік қатынастардың әр түрлі сипаты анықталады. 
Көбіне, ер балаға ат бергенде, олардың мағыналық сипатында ерлік, елдік, батырлық 
ұғымдарына қатысты есімдер мол кездеседі. Мысалы: 
Арыстанбек, Қайрат, Ерлік, Ербол, 
Ержан, Ерхан, Ерсайын, Ермұрат, Батыр, Батырбек, Батырбай, Жаужүрек, Бүркітбай, 
Бүркіт, Сұңқар, Ақсұңқар, Жолбарыс және т.б. 
Осы сынды антропонимдерді қою барысында гендерлік жүйенің сақталатыны 
байқалады. Яғни Арыстангүл, Батырқыз, Ерлікгүл деген есімдерді қыз балаға қоймайды. Десе 
де, қазақ халқының дүниетанымы мен түсінігінде батырлық пен елдік, ерлік ұғымдары тек ұл 


902 
балаға ғана тән деп қаралмайды. Халық арасынан шыққан көптеген әйел батырлар бар екені 
мәлім. Осы тұрғыдан келгенде балаға ат қою мәселесінде бұл үрдіс жақсы сақталғандығын 
көреміз. Оның дәлелі елдік ұғымына қатысты кісі есімдері: Ұл балаға
: Елдос, Елжас, Елхан, 
Халық, Елдар, Елжан, Елмұрат, т.б. Қыз балаға; Елдана, Елнұр, Елсана, т.б

Қазақ дүниетанымының эстетикалық бейнесі әсіресе қыз балаға берілетін есімдерден 
айрықша көрініс тапса, ер балаға бұрынғы ата-бабаларының, батырлар мен билердің аттарын, 
баласы тұрмай жүрсе, ешкім ескеріп көзге түспейтін жұпыны аттар да қойылған.
Мәселен
, Малбағар, Қойшыбай, Жылқыбай, Түйебай, Малдыбай, Қойшыбек, Қамбар, 
Бұзаубақ, т.б
сынды атаулар тек ұлдарға қойылады. Бұл есімдердің өзінен-ақ өзіндік 
гендерлік ішкі сәйкестікті байқай аламыз. 
Асыл тас, металл атауларынан туындаған да есімдердің өзіндік гендерік ішкі 
сәйкестігін байқауға болады. Мысалы, 
Болат, Темір, Болатбек, Темірбек, т.б 
атаулар ұлдарға 
тиесілі болса,
Алтын, Күміс, Меруерт, Гауһар, Інжу, Маржан т.б 
есімдер тек қыздарға 
қойылады [3, 6]. 
Қазақ дәстүрінде ұл мен қызға ат қоюда қалыптасқан жүйе бар. Халықтың 
дүниетанымы бойынша қыз балаға негізінен ат қоюда, әдемілік, сұлулық, сүйкімділік, 
кішіпейілдік, жақсылық, ізгілік ұғымдары, ер балаларға – кісілік, ірілік, батырлық, тектілік 
сияқты ұғымдар негізге алынады. Мұнда қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастар мен мәдени
дәстүрлер де есепке алынары даусыз.
Ұл мен қызға қойылған есімдерді саралағанда оларды былайша жіктеп қарастыруға 
болатынын байқаймыз: 
1)
Тек ұл балаға ғана қойылатын есімдер; 
2)
Тек қыз балаға ғана қойылатын есімдер; 
3)
Ұлдар мен қыздарға бірдей қойылатын есімдер [4, 20]. 
Адам аттарының гендерлік жүйесінде байқалған бір жағдай, кейбір сөздер тірек сыңар 
ретінде келіп, тек қыз баланың немесе ұл баланың есімдерін жасайтын атаулар болып шығады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет