892
Салықтар және мемлекеттік шығыстар фискалдық саясаттың негізгі құралдары
(инструменттері) болып саналады. Демек, мемлекеттің фискалдық саясаты ұлттық
экономика секторлары арасындағы қаржы ағындарын реттейді, ақша ресурстарының
мемлекеттік қорларын қалыптастырады және әлеуметтік-экономикалық
міндеттерді
шешуді қамтамасыз етеді.
Экономика ғылымы фискалдық саясаттың келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
1. Дискрециялық немесе белсенді саясат – жұмыспен қамту деңгейін, өндіріс көлемін,
инфляция қарқынын және төлем балансының жағдайын өзгертуге бағытталған, үкіметтің
арнайы шешімдері нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік
шығыстардың, салықтардың көлемін мақсатты бағытталған түрде өзгерту. Дискрециялық
фискалдық саясат жағдайында құлдырау кезеңіндегі жиынтық
сұранысты ынталандыру
мақсатында (мысалы жаңа жұмыс орындарын ашу немесе салықтарды азайту жөніндегі
бағдарламаларды қаржыландыруға) мемлекеттік шығыстарды ұлғайту салдарынан
мемлекеттік бюджеттің тапшылығы пайда болады. Тиісінше, экономиканың көтерілуі
кезеңде мақсатты бағытталған түрде артық бюджет пайда болады.
2. Дискрециялық емес фискалдық саясат – жиынтық
кірістің циклдік ауытқулары
нәтижесінде мемлекеттік бюджет сальдосы мен мемлекеттік шығыстар, салықтар көлемінің
автоматты түрде өзгеруі. Дискрециялық емес фискалдық саясат, экономикаға
тұрақтандырушылық ықпалын тигізетін, ІЖӨ-нің өсуі (азаюы) кезеңінде мемлекеттік
бюджетке түсетін таза салық түсімдерінің автоматты түрде ұлғаюын (азаюын) болжайды.
3. Ынталандырушы (фискалдық өктемдік жүргізу) саясат –
экономиканың циклдік
басылуын жою және мемлекеттік шығыстардың ұлғаюын, салықтардың азаюын немесе осы
шараларды аралас жүргізуді болжайды. Ұзақ мерзімді кезеңдегі салықтарды азайту саясаты
бюджет әлеуетінің өсуіне әкелуі мүмкін.
4. Ауыздықтау (фискалдық рестрикция) саясаты – бюджет шығыстарын шектеу (бюджет
тапшылығын азайту немесе оны толық жою), салықтарды ұлғайту немесе осы шараларды
аралас жүргізу жолымен экономиканың циклдік басылуын шектеу.
Қысқа мерзімдік перспективада бұл жұмыссыздықтың өсуі және өндірістің
басылуымен сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді перспективада, әсіресе мемлекеттік шығыстарды азайту жағдайында
осындай саясат қатаң ақша-несие саясатымен байланысты және мемлекет тарапынан
экономиканы тиімсіз басқару салдарынан экономика әлеуетінің ақшалай күйзеліске
ұшырауына алғы шарттар жасайды.
Автоматты тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық
саясатының жиі өзгеруін
болдырмай-ақ, экономиканың циклдік ауытқулар амплитудасын төмендетуге мүмкіндік
беретін, экономикалық тетік. Осындай тұрақтандырғыштар ретінде мыналар қатысады:
салық салудың прогрессивтік жүйесі, мемлекеттік трансферттер жүйесі, пайдаларға қатысу
жүйесі.
Автоматты тұрақтандырғыштар – бұл, үкіметтің ағымдағы шешімдеріне қатыссыз түрде
экономиканың басылу уақытында, қаржының құйылуын ұлғайтатын, ал экономиканың
өрлеу уақытында қаржының «жылыстауы» күшейе түсетін, нарықтық экономиканың жұмыс
істеу факторлары. Салық салудың прогрессивті шкаласы типтік түрдегі
автоматты
тұрақтандырғыш болып қатысады. Соның арқасында экономиканың өрлеу кезеңінде
халықтың қолдағы табысы мен фирмалардың қайта бөлінген пайдасы, ұлттық табысқа
қарағанда баяу өседі және бұл тиімді сұраныстың өсуін баяулатады. Экономиканың басылу
уақытындағы осындай салық салу жиынтық шығыстардың қысқаруын ақырындатады.
Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақылар мен аз қамтамасыз етілгендерге
берілетін көмектер жүйесі экономикалық коньюнктураға осындай әсерін тигізеді.
Экономиканың басылу кезеңдерінде осы мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттік шығыстар
өсетін болады, ал экономиканың өркендеу уақытында үкіметтің
арнайы шешімдерінсіз
қысқарады.
893
Фискалдық саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға
бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар,
мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда, салық-бюджет саясаты–
бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға
бағытталған саясат.
Фискалдық саясат мемлекетті қажетті қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету, ұлттық
шаруашылықты реттеу процесіне қатысу, халықтың табыс деңгейлерінің теңсіздігі барысында
туындайтын келіспеушіліктерді шешу тәрізді міндеттерді атқарады.
Әдебиеттер:
1.
Н. Грегори Мэнкью, Марк П. Тейлор Экономикс, 4 халықаралық басылым, Астана,
2018 ж.
2.
Камаева М
Экономическая теория, 2003.
3.
Мұхамбетова З.С. Қазақстан Республикасының рыноктық экономикадығы фискалдық
саясатының теориясы мен оны жүзеге асыру механизмі: Қазақ тұтыну одағының, Қарағанды
Экономикалық Университеті. –Қарағанды: 2003. –132б.
Достарыңызбен бөлісу: